Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 шiлдедегi № 368-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 тамызда № 39495 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) "Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 194 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтерді жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға № 194 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.

      9. Тұрақты сақтауда тұрған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогына енгізіледі.";

      Қағидаларға қосымша алып тасталсын.

      2. "Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары -
  Мәдениет және ақпарат министрі
  2026 жылғы 30 шілдедегі
  № 368-НҚ
  бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2023 жылғы 24 шілдедегі
  № 194 бұйрығына
  қосымша

Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.mki.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: "Мемлекеттік музейлер мен музейлер-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер".

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-КЦ.

      Кезеңділік: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20___жылғы ___тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей ұсынады.

      ЖСН/БСН

      Жинау әдісі: электронды түрде.

Р/с№

Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)

Мәдени құндылықтардың саны

Мәдени құндылықтардың шифры

Мәдени құндылықтардың сақталуы

Мәдени құндылықтардың құны
(теңге)

Мәдени құндылықтардың фотосуреті

Мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

ЖИЫНЫ

      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электронды поштасының мекенжайы _______________________________

      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны

      ____________________________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Мөрдің орны ____________________________________________________

      Ескертпе: "Мемлекеттік музейлер мен музейлер-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мемлекеттік музейлер мен
  музейлер-қорықтардан тұрақты
  сақтауға қабылданған мәдени
  құндылықтар туралы мәліметтер"
  музей ісі саласындағы
  әкімшілік деректерін жинауға
  арналған нысанға
  қосымша

"Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардан тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда рет санының "№" бойынша нөмір толтырылады.

      2. Нысанның 2-бағанында мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы) көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында мәдени құндылықтардың саны (бірлігі) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында мәдени құндылықтардың шифры көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында мәдени құндылықтардың сақталуы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында мәдени құндылықтардың құны (теңге) көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында мәдени құндылықтардың фотосуреті көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары -
  Мәдениет және ақпарат министрі
  2026 жылғы 30 шілдедегі
  № 368-НҚ
  бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2023 жылғы 24 шілдедегі
  № 194 бұйрығына
  қосымша

Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.mki.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер".

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-КЦ.

      Кезеңділік: жылдық.

      Есепті кезең: 20___жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-інші наурыздан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға аталған нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.

      ЖСН/БСН

      Жинау әдісі: электронды түрде.

Р/с

Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)

Мәдени құндылықтардың саны

Мәдени құндылықтардың шифры

Мәдени құндылықтардың сақталуы

Мәдени құндылықтардың құны
(теңге)

Мәдени құндылықтардың фотосуреті

Мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

ЖИЫНЫ

      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электронды поштасының мекенжайы________________________________

      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Мөрдің орны ____________________________________________________

      Ескертпе: "Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Тұрақты сақтауға қабылданған
  мәдени құндылықтар туралы
  мәліметтер" музей ісі саласындағы
  әкімшілік деректерін жинауға
  арналған нысанға
  қосымша

"Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер" музей ісі саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда рет санының "№" бойынша нөмір толтырылады.

      2. Нысанның 2-бағанында мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, күні, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы) көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында мәдени құндылықтардың саны (бірлігі) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында мәдени құндылықтардың шифры көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында мәдени құндылықтардың сақталуы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында мәдени құндылықтардың құны (теңге) көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында мәдени құндылықтардың фотосуреті көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы көрсетіледі.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 30 июля 2026 года № 368-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 августа 2026 года № 39495

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 "Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13815) следующие изменения:

      в Правилах формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан (далее – Правила), утвержденных указанным приказом:

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Государственные музеи и музеи-заповедники направляют в республиканское государственное казенное предприятие "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее – Национальный музей Республики Казахстан) сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях ежеквартально, не позднее 15 числа, следующего за отчетным кварталом, по форме, согласно приложению 1 к приказу Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 июля 2023 года № 194 "Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33157) (далее – приказ № 194). Национальный музей Республики Казахстан ежегодно, не позднее 15 марта года, следующего за отчетным годом, представляет в уполномоченный орган в области культуры указанные сведения по форме согласно приложению 2 к приказу № 194.

      9. Сведения о культурных ценностях, находящихся на постоянном хранении, вносятся в Государственный каталог музейного фонда Республики Казахстан, который ведется Национальным музеем Республики Казахстан, в электронном виде на казахском и русском языках по форме согласно приложению 1 к Правилам ведения Государственного каталога музейного фонда Республики Казахстан, утвержденным приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июня 2017 года № 193 "Об утверждении Правил ведения Государственного каталога музейного фонда Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15403).";

      приложение к Правилам исключить.

      2. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 июля 2023 года № 194 "Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33157) следующие изменения и дополнение:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области музейного дела";

      форму, предназначенную для сбора административных данных в области музейного дела "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях", утвержденную вышеуказанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 2 согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
      Бюро национальной статистики Агентства
      по стратегическому планированию и реформам
      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Заместитель Премьер-Министра
-Министр культуры и
информации
Республики Казахстан
от 30 июля 2026 года № 368-НҚ
  Приложение к приказу
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 24 июля 2023 года № 194

Форма, предназначенная для сбора административных данных в области музейного дела

      Представляется: в республиканское государственное казенное предприятие "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее – Национальный музей Республики Казахстан).

      Форма, предназначенная для сбора административных данных на безвозмездной основе размещена на интернет-ресурсе: www.mki.gov.kz.

      Наименование административной формы: "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях от государственных музеев и музеев-заповедников".

      Индекс формы, предназначенной для сбора административных данных на безвозмездной основе: 1-КЦ.

      Периодичность: ежеквартальная.

      Отчетный период: __ квартал 20__ года.

      Круг лиц, представляющих форму, предназначенную для сбора административных данных на безвозмездной основе: государственные музеи и музеи-заповедники.

      Срок представления формы, предназначенной для сбора административных данных на безвозмездной основе: государственные музеи и музеи-заповедники предоставляют сведения в Национальный музей Республики Казахстан ежеквартально, не позднее 15-го числа месяца, следующего за отчетным кварталом.

      ИИН/БИН

      Метод сбора: в электронном виде.

№ п/п

Наименование и краткое описание культурных ценностей (автор, дата, место происхождения, надписи, материал и техника изготовления культурных ценностей, размер, общий вес для культурных ценностей из драгоценных металлов и камней)

Количество культурных ценностей

Шифр культурных ценностей

Сохранность культурных ценностей

Стоимость культурных ценностей (теңге)

Фотография культурных ценностей

Наименование музея, в котором хранятся культурные ценности

1

2

3

4

5

6

7

8

ИТОГО

      Наименование ___________________________________________________
      Адрес __________________________________________________________
      Телефон ________________________________________________________
      Адрес электронной почты _________________________________________
      Исполнитель____________________________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности ________________
      ________________________________________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
      Место для печати ________________________________________________
      Примечание: пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела формы "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях от государственных музеев и музеев-заповедников", приведено в приложении к настоящей форме.

  Приложение
к форме, предназначенной для
сбора административных
данных в области музейного
дела "Сведения о принятых
на постоянное хранение
культурных ценностях от
государственных музеев и
музеев-заповедников"

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях от государственных музеев и музеев-заповедников"

      1. В графе 1 заполняется номер по порядку "№".

      2. В графе 2 формы указывается наименование и краткое описание культурных ценностей (автор, дата, место происхождения, надписи, материал и техника изготовления культурных ценностей, размер, общий вес для культурных ценностей из драгоценных металлов и камней).

      3. В графе 3 формы указывается количество культурных ценностей (единица).

      4. В графе 4 формы указывается шифр культурных ценностей.

      5. В графе 5 формы указывается сохранность культурных ценностей.

      6. В графе 6 формы указывается стоимость культурных ценностей (теңге).

      7. В графе 7 формы указывается фотография культурных ценностей.

      8. В графе 8 формы указывается наименование музея, в котором хранятся культурные ценности.

  Приложение 2 к приказу
Заместитель Премьер-Министра
-Министр культуры и
информации
Республики Казахстан
от 30 июля 2026 года № 368-НҚ
  Приложение к приказу
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 24 июля 2023 года № 194

Форма, предназначенная для сбора административных данных в области музейного дела

      Представляется: в Министерство культуры и информации Республики Казахстан.

      Форма, предназначенная для сбора административных данных на безвозмездной основе размещена на интернет-ресурсе: www.mki.gov.kz.

      Наименование административной формы: "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях".

      Индекс формы, предназначенной для сбора административных данных на безвозмездной основе: 1-КЦ.

      Периодичность: годовая.

      Отчетный период: 20__ год.

      Круг лиц, представляющих форму, предназначенную для сбора административных данных на безвозмездной основе: республиканское государственное казенное предприятие "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее - Национальный музей Республики Казахстан).

      Срок представления формы, предназначенной для сбора административных данных на безвозмездной основе: Национальный музей Республики Казахстан ежегодно, не позднее 15 марта года, следующего за отчетным годом, представляет указанные сведения по данной форме в уполномоченный орган в области культуры.

      ИИН/БИН

      Метод сбора: в электронном виде.

№ п/п

Наименование и краткое описание культурных ценностей (автор, дата, место происхождения, надписи, материал и техника изготовления культурных ценностей, размер, общий вес для культурных ценностей из драгоценных металлов и камней)

Количество культурных ценностей

Шифр культурных ценностей

Сохранность культурных ценностей

Стоимость культурных ценностей (теңге)

Фотография культурных ценностей

Наименование музея, в котором хранятся культурные ценности

1

2

3

4

5

6

7

8

ИТОГО

      Наименование ___________________________________________________
      Адрес __________________________________________________________
      Телефон ________________________________________________________
      Адрес электронной почты _________________________________________
      Исполнитель____________________________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности ________________
      ________________________________________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
      Место для печати ________________________________________________
      Примечание: пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях", приведено в приложении к настоящей форме.

  Приложение
к форме, предназначенной для
сбора административных
данных в области музейного
дела "Сведения о принятых
на постоянное хранение
культурных ценностях"

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела "Сведения о принятых на постоянное хранение культурных ценностях"