Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шiлдедегi № 290-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 шiлдеде № 39469 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
  № 290-н/қ Бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:

      9-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Тендер өткізу қағидаларында көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінің 133-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.";

      11-тармақтың 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінде айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін Тендер өткізу қағидаларының 43-тармағы 2) тармақшасында айқындалған мерзімдерде беруге;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:

      8-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 52 (елу екі) ай ішінде, су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінің 133-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерацияның қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті."

      10-тармақтың 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінде айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 52 (елу екі) ай ішінде, су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде беруге;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:

      8-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінің 133-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.";

      10-тармақтың 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексінде айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ТЭН-де айқындалған мерзімде қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға бергеннен кейін бір ай ішінде беруге;".

      2. "Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларында:

      4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      4-1. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес іске қосылатын негізгі генерациялайтын жабдық осы жабдық пайдалануға берілген күнінен бастап электр қуатын аттестаттауға жатады.

      Генерациялайтын қондырғыларды және (немесе) іске қосу кешендерін кезекпен, кезең-кезеңімен пайдалануға енгізу кезінде аталған объектілерді аттестаттау электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көзделген мерзімдерге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.

      3. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      93 және 93-1-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "93. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартының жобасын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде есептеу осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткеннен кейін келесі айдың бірінші күнінен басталатын, 15 (он бес) жылға тең мерзімге аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша айқындалған генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша көрсетілген шартқа қол қояды.

      Осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткенге дейін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басталуы осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімдер өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күні немесе мына талаптар орындалған кезде аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірінші аттестациядан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күні болып табылады:

      1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны мерзімінен бұрын пайдалануға енгізу жоспарланғаны туралы аукциондық сауда-саттық жеңімпазы уәкілетті орган мен бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларда белгіленген генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі аяқталатын жылдың алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей хабарлама жіберуі;

      2) аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы мен бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірінші аттестациядан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап көрсетілетін қызметтерді сатып алу күнін белгілейтін электр қуатын сатып алу шартына тиісті қосымша келісімге осы Қағидаларда белгіленген генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі аяқталатын жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей қол қоюы;

      Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну үшін электр қуатын сатып алу шартында белгіленген мерзімдер өткенге дейін генерацияның маневрлік генерация режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізу кезінде және осы Қағидалардың 93-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген талаптар орындалған кезде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталу күні кейінге шегеріледі және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі он бес (15) жылға тең, аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы бірінші аттестаттаудан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады.

      Электр қуатын сатып алу шартына сәйкес белгіленген мерзімдер өткеннен кейін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басталуы аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірінші аттестаттаудан өткен келесі айдың бірінші күні болып табылады.

      Генерациялаушы қондырғыларды кезекпен және (немесе) кезең-кезеңімен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізетін кезде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу энергия өндіруші ұйымның енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне байланысты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетуге жатпайды.";

      93-1. Қажет болған кезде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайын индекстелуге немесе ұлттық валютадағы шетел валюталарсына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне мынадай формулалар бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейін ескере отырып, маневрлік генерациялау режимі бар, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға бағытталған қаржыландыру көлеміне, мынадай формула бойынша:

     


      Tt+1 – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке индекстелген жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай);

      Tt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);

     


      i – тиісінше 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      n – бірыңғай сатып алушымен генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап, ағымдағы индекстеу жылын қоса алғандағы жылдар саны;

     

– мынадай формула бойынша айқындалатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасынан құрылыстың әрбір жылына индекстеуге жататын шығындардың үлесін көрсететін коэффициент:

     


      мұнда

     

– негізгі генерациялайтын жабдықтарға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына жұмсалған расталған шығындарды шегергендегі, генерациялайтын маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға жұмсалған расталған шығындардың жалпы сомасы;

      SR – құрылыстың әрбір жылына негізгі генерациялайтын жабдықтарға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына жұмсалған расталған шығындарды шегергендегі, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға жұмсалған расталған шығындардың сомасы;

      ∑F құрылыс. – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерацияның қондырғыларды салуға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы;

     

– мынадай формула бойынша айқындалатын, маневрлік генерациялау режимі бар, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылар құрылысына жұмсалатын шығындардың жалпы сомасынан құрылыстың әрбір жылына индекстеуге жатпайтын шығындардың үлесін көрсететін коэффициент:

     


      Бұл ретте

және

коэффициенттерінің сомасы бірге тең болуға тиіс.

      IL – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанының алдындағы он екі ай ішінде жинақталған тұтынушылық бағалардың индексі;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландырудың көлеміне:

     


      Tt+1 – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке индекстелген жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай);

      Tt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф;

      У.Е.t+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанындағы шетел валютасына теңгенің ағымдағы бағамы;

      У.Е.ti – бірыңғай сатып алушымен генерацияндың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап индекстеу жүргізілетін әрбір жылдың 1 қазанының алдындағы он екі ай кезең үшін есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын шетел валютасына теңгенің орташа бағамы;

     


      i – тиісінше 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      n – бірыңғай сатып алушымен генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап ағымдағы индекстеу жылына қоса алғанға дейінгі жылдар саны.

      Жаңадан пайдалануға енгізілетін маневрлік генерация режиміндегі генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті индекстеу газ электр станциялары үшін электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап құрылыс кезеңінде 52 (елу екі) ай бойы, ал су электр станциялары үшін электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап құрылыс кезеңінде 60 (алпыс) ай бойы қолданылуы мүмкін.

      Бұл ретте бірыңғай сатып алушы мен аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы арасында жасалған электр қуатын сатып алу шартында көзделген мерзімдерден асып кеткен жағдайда, электр қуатын сатып алу шартында көзделген пайдалануға енгізу мерзімінен асқан кезең жыл сайынғы индекстеуге жатпайды.".

      104-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін осы көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 52 (елу екі) ай ішінде, ал гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде ұсынылады.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2026 года № 290-н/қ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2026 года № 39469

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Е. Аккенженов

  Утвержден приказом
Министр энергетики
Республики Казахстан
от 30 июля 2026 года № 290-н/қ

Перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 683 "Об утверждении типовых договоров о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12522) следующие изменения:

      в Типовом договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности с победителем тендера на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 7) пункта 9 изложить в новой редакции:

      "7) выставлять требование на оплату по соответствующей банковской гарантии или резервному аккредитиву (обеспечивающих исполнение настоящего Договора) при не предоставлении копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок, утвержденного в соответствии с пунктом 4 статьи 133 Строительного кодекса Республики Казахстан, по истечении месяца после окончания срока строительства, предусмотренного Правилами проведения тендера, в размере 100 %, от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора, а при удержания части финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора согласно подпункту 6) настоящего пункта, в размере 70 % от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора.";

      подпункт 20) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "20) предоставить копию акта приемки в эксплуатацию генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, утвержденного в порядке, определенном Строительным кодексом Республики Казахстан в сроки, определенные подпунктом 2) пункта 43 Правила проведения тендера;";

      в Типовом договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 7) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "7) выставлять требование на оплату по соответствующей банковской гарантии или резервному аккредитиву (обеспечивающих исполнение настоящего Договора) при не предоставлении копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, утвержденного в соответствии с пунктом 4 статьи 133 Строительного кодекса Республики Казахстан, в течение 52 (пятидесяти двух) месяцев с даты подписания настоящего Договора для газовых электростанций, в течение 60 (шестидесяти) месяцев с даты подписания настоящего Договора, для гидроэлектростанций, в размере 100%, от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора, а при удержания части финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора согласно подпункту 6) настоящего пункта, в размере 70 % от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора.";

      подпункт 20) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "20) предоставить копию акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, утвержденного в порядке, определенном Строительным кодексом Республики Казахстан, в течение 52 (пятидесяти двух) месяцев с даты подписания настоящего Договора, в течение 60 (шестидесяти) месяцев с даты подписания настоящего Договора для гидроэлектростанций;";

      в Типовом договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок мощностью более 35 МВт, использующих гидродинамическую энергию воды, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 6) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "6) выставлять требование на оплату по соответствующей банковской гарантии или резервному аккредитиву (обеспечивающих исполнение настоящего Договора) при не предоставлении копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок, утвержденного в соответствии с пунктом 4 статьи 133 Строительного кодекса Республики Казахстан, по истечении месяца после окончания срока строительства, предусмотренного технико-экономическим обоснованием, в размере 100%, от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора, а при удержания части финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора согласно подпункту 6) настоящего пункта, в размере 70 % от суммы финансового обеспечения исполнения условий настоящего Договора.";

      подпункт 20) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "20) предоставить копию акта приемки в эксплуатацию генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, утвержденного в порядке, определенном Строительным кодексом Республики Казахстан, в течении месяца после ввода в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок мощностью более 35 МВт, использующих гидродинамическую энергию воды, в сроки, определенные ТЭО;".

      2. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 686 "Об утверждении Правил проведения аттестации электрической мощности генерирующих установок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12489) следующее изменение:

      в Правилах проведения аттестации электрической мощности генерирующих установок, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4-1 изложить в новой редакции:

      "4-1. Основное генерирующее оборудование, вводимое в соответствии со статьями 15-4, 15-6 и 15-8 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике", подлежит аттестации электрической мощности со дня ввода в эксплуатацию данного оборудования.

      При поочередном, поэтапном вводе генерирующих установок и (или) вводе пусковыми комплексами аттестация данных объектов проводится поэтапно в соответствии со сроками предусмотренными в договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности.".

      3. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 161 "Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22727) следующие изменения:

      в Правилах организации и проведения аукционных торгов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, утвержденных указанным приказом:

      пункты 93 и 93-1 изложить в новой редакции:

      "93. Победитель аукционных торгов в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня получения проекта договора покупки электрической мощности подписывает указанный договор по индивидуальному тарифу на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, определенному по результату аукционных торгов, на срок равный 15 (пятнадцати) годам отсчет которого начинается с первого числа месяца следующего после истечения сроков предусмотренных подпунктом 2) пункта 104 настоящих Правил, за исключением случаев, предусмотренных настоящими Правилами.

      При прохождении первой аттестации генерирующих установок с маневренным режимом генерации до истечения сроков предусмотренных подпунктом 2) пункта 104 настоящих Правил, началом покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности является первое число месяца, следующего после истечения сроков, предусмотренных подпунктом 2) пункта 104 настоящих Правил или первое число месяца, следующего за месяцем, в котором победитель аукционных торгов прошел первую аттестацию, при условии выполнения следующих требований:

      1) направление победителем аукционных торгов уведомления о планируемом досрочном вводе в эксплуатацию генерирующей установки с маневренным режимом генерации в уполномоченный орган и единому закупщику в срок не позднее 15 октября года, предшествующего году, в котором истекает срок предоставления копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, установленный настоящими Правилами;

      2) подписание победителем аукционных торгов и единым закупщиком соответствующего дополнительного соглашения к договору покупки электрической мощности, который устанавливает дату начала покупки услуг с первого числа месяца, следующего за месяцем, в котором победитель аукционных торгов прошел первую аттестацию, в срок не позднее 1 ноября года, предшествующего году, в котором истекает срок предоставления копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, установленный настоящими Правилами.

      При прохождении первой аттестации генерирующих установок с маневренным режимом генерации до истечения срока, установленного договором покупки электрической мощности для предоставления копии акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, и при выполнении условий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) части второй пункта 93 настоящих Правил, дата начала покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности переносится и срок покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности, равный 15 (пятнадцати) годам, начинается с первого числа месяца, следующего за месяцем, в котором победитель аукционных торгов прошел первую аттестацию.

      При прохождении первой аттестации генерирующих установок с маневренным режимом генерации после истечения сроков, предусмотренных договором покупки электрической мощности, началом покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности является первое число месяца, следующего за месяцем, в котором победитель аукционных торгов прошел первую аттестацию.

      При вводе генерирующих установок поочередно и (или) поэтапно и (или) пусковыми комплексами, оплата услуги по поддержанию готовности электрической мощности осуществляется по индивидуальному тарифу на услугу по поддержанию готовности электрической мощности в зависимости от объемов электрической мощности вводимых генерирующих установок энергопроизводящей организации.

      При этом индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, срок покупки услуги по поддержанию готовности электрической мощности победителя аукционных торгов, предусмотренный частью первой настоящего пункта, не подлежат корректировке в сторону увеличения.

      93-1. При необходимости индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации подлежит ежегодной индексации в период строительства на уровень инфляции, определяемый по данным уполномоченного органа в области государственной статистики, или ежегодной индексации на объем привлеченного заемного финансирования в иностранной валюте с учетом изменения обменного курса национальной валюты к иностранным валютам, определенного по данным Национального Банка Республики Казахстан по следующим формулам:

      1) на объем финансирования, направленного на строительство вновь вводимой в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, с учетом уровня инфляции, определяемого по данным уполномоченного органа в области государственной статистики, по следующей формуле:

     


      Tt+1 – проиндексированный индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, тыс.теңге/(МВт*мес);

      Tt – индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, определенный по итогам аукционных торгов, тыс.теңге/(МВт*мес);

     


      i – порядковый номер, изменяющийся от 1 до n, соответственно;

      n – количество лет, начиная с даты подписания договора о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации с единым закупщиком до года текущей индексации включительно;

     

– коэффициент, отражающий долю затрат, подлежащих индексации на каждый год строительства, от общей суммы затрат на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, определяемый по следующей формуле:

     


     

– общая сумма подтвержденных затрат на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, за вычетом подтвержденных затрат на основные генерирующие оборудования и строительно-монтажные работы;

     

– сумма подтвержденных затрат на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, за вычетом подтвержденных затрат на основные генерирующие оборудования и строительно-монтажные работы на каждый год строительства;

      ∑Fстроит. – общая сумма затрат на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации;

     

– коэффициент, отражающий долю затрат, неподлежащих индексации на каждый год строительства, от общей суммы затрат на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, определяемый по следующей формуле:

     


      При этом сумма коэффициентов

и

равняется единице.

      IL – индекс потребительских цен, накопленный за двенадцать месяцев, предшествующих 1 октября года проведения индексации, определяемый по данным уполномоченного органа в области государственной статистики;

      2) на объем привлеченного заемного финансирования в иностранной валюте с учетом изменения обменного курса национальной валюты к иностранным валютам, определенного по данным Национального Банка Республики Казахстан:

     


      Tt+1 – проиндексированный индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, тыс.теңге/(МВт*мес);

      Tt – индивидуальный тариф на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации, определенный по итогам аукционных торгов;

      У.Е.t+1 – текущий курс теңге к иностранной валюте на 1 октября года проведения индексации, определяемый по данным Национального Банка Республики Казахстан;

      У.Е.ti – средний курс теңге к иностранной валюте, определяемый по данным Национального Банка Республики Казахстан, рассчитанный за период двенадцать месяцев, предшествующих 1 октября каждого года проведения индексации, начиная с даты подписания договора о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации с единым закупщиком;

     


      i – порядковый номер, изменяющийся от 1 до n, соответственно;

      n – количество лет, начиная с даты подписания договора о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации с единым закупщиком до года текущей индексации включительно.

      Индексация индивидуального тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности при строительстве вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации применяется для газовых электростанций 52 (пятьдесят два) месяцев с даты подписания договора покупки электрической мощности, для гидроэлектростанций – в течение 60 (шестидесяти) месяцев с даты подписания договора покупки электрической мощности в период строительства.

      При этом, в случае превышения сроков, предусмотренных договором покупки электрической мощности, заключенным между единым закупщиком и победителем аукционных торгов, то данной период превышения сроков ввода от сроков, предусмотренных договорам покупки электрической мощности, не подлежит ежегодной индексации.";

      подпункт 2) пункта 104 изложить в новой редакции:

      "2) копию акта приемки в эксплуатацию вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации (обеспечивающих исполнение договора покупки электрической мощности), утвержденного в порядке, определенном Строительным кодексом Республики Казахстан, при этом, для газовых электростанций данная копия предоставляется в течение 52 (пятидесяти двух) месяцев с даты подписания договора покупки электрической мощности, для гидроэлектростанций – в течение 60 (шестидесяти) месяцев с даты подписания договора покупки электрической мощности;".