Байланыс операторларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мен бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 443/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 шілдеде № 39467 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мен бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) ішіне 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың атқарылуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

 

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары –
  Жасанды интеллект және
  цифрлық даму министрі
  2026 жылғы 31 шілдедегі
  № 443/НҚ
  Бұйрықпен бекітілген

Байланыс операторының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мен бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байланыс операторының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мен бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес әзірленді және байланыс операторының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін (бұдан әрі – ТБжІБЖ) қалыптастыру мен бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы ТБжІБЖ-ны қалыптастыратын және бекітетін, сондай-ақ байланыс желілерінде көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды көздейтін байланыс операторының байланыс саласындағы уәкілетті органға ТБжІБЖ туралы ақпаратты ұсынуына қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      2) тәуекел – байланыс операторының қызметімен байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға, байланыс қызметтерінің сапасына және байланыс желілеріндегі алаяқтықтың алдын алуға теріс әсер етуі мүмкін оқиғалардың туындау ықтималдығы;

      3) байланыс қызметтері – пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;

      4) санкцияланбаған трафик (фрод) – трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;

      5) байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

      4. ТБжІБЖ-ны қалыптастыру және оның жұмыс істеуі кезінде байланыс операторы тәуекел-менеджмент саласындағы халықаралық және Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, оның ішінде мыналарды басшылыққа алады:

      1) ҚР СТ ISO 31000–2020 "Тәуекел-менеджмент. Басшылық нұсқаулар";

      2) ҚР СТ IEC 31010–2020 "Тәуекел-менеджмент. Тәуекелді бағалау әдістері";

      3) ҚР СТ ИСО 73–2010 Нұсқаулығы "Тәуекел-менеджмент. Сөздік".

2-тарау. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мен бекіту тәртібі

      5. Байланыс операторы ТБжІБЖ-ны жүзеге асырылатын қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін ескере отырып қалыптастырады.

      6. ТБжІБЖ тұрақты негізде жұмыс істейді және байланыс операторының басқару және шешімдер қабылдау процестерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      7. ТБжІБЖ-ны қалыптастыру кезінде байланыс операторы мыналарды:

      1) тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен (немесе) лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін, жауапкершілігін, өзара іс-қимыл және үйлестіру тәртібін айқындауды;

      2) ішкі құжаттарға сәйкес тәуекелдер тізілімін жүргізуді қоса алғанда, ТБжІБЖ процестерін құжаттандыруды;

      3) ТБжІБЖ тиімділігіне мониторинг жүргізуді және оны жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды;

      4) ТБжІБЖ-ны жылына кемінде бір рет қайта қарауды және жаңартуды;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ұйымдық құрылым өзгерген, жаңа технологиялар енгізілген, сондай-ақ елеулі тәуекелдер іске асырылған жағдайларда ТБжІБЖ-ны жоспардан тыс қайта қарауды қамтамасыз етеді.

      8. Тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен (немесе) лауазымды тұлғалар байланыс операторының басшысына не байланыс операторының ішкі құжатымен айқындалатын лауазымды тұлғаға есеп береді.

      9. ТБжІБЖ-ны тиімді және сапалы қалыптастыру мен басқару мақсатында байланыс операторы "үш қорғаныс шебін" құрады:

      1) "бірінші қорғаныс шебін" жүзеге асырылатын қызмет шеңберінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға жауапты байланыс операторының барлық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады;

      2) "екінші қорғаныс шебін" тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға, киберқауіпсіздікке, комплаенске және өзге де бақылау функцияларына жауапты байланыс операторының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Байланыс операторының тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері мен (немесе) лауазымды тұлғалары үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратқа, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.

      3) "үшінші қорғаныс шебін" байланыс операторының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ішкі аудит бөлімшесі не ТБжІБЖ тиімділігін тәуелсіз бағалау функцияларын орындайтын өзге де тұлғалар жүзеге асырады.

      10. Осы Қағидалар шеңберіндегі тәуекелдердің негізгі санаттарына мыналар жатады:

      1) байланыс қызметтерін көрсетудің үздіксіздігін бұзу тәуекелі – байланыс қызметтерін көрсетудің мәнді бұзылуына немесе тоқтатылуына әкелуі мүмкін және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдануды талап ететін төтенше, авариялық, технологиялық және өзге де оқиғалардың туындау тәуекелі;

      2) байланыс қызметтерінің сапа тәуекелі – байланыс қызметтері сапасының нысаналы параметрлеріне қол жеткізуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға және абоненттер алдындағы міндеттемелерді орындауға теріс әсер етуі мүмкін оқиғалардың туындау тәуекелі;

      3) байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттер тәуекелі – байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер жасаумен байланысты, оның ішінде санкцияланбаған трафик (фрод), абоненттік нөмірлерді ауыстыру, байланыс қызметтеріне заңсыз қол жеткізу және қаржылық шығындарға, байланыс қызметтері сапасының бұзылуына және абоненттерге зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің туындау тәуекелі;

      4) құқықтық (комплаенс) тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, келісімшарттық міндеттемелерді және байланыс операторының ішкі құжаттарын сақтамау немесе тиісінше қолданбау салдарынан, сондай-ақ заңнаманың өзгеруі, нормалардың бірмәнді түсіндірілмеуі және әртүрлі құқық қолдану практикасы салдарынан шығындардың туындау тәуекелі.

      Байланыс операторлары жүзеге асырылатын қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін ескере отырып, тәуекелдердің өзге де санаттарын айқындайды.

      11. Байланыс операторы тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және оларға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ тәуекелдер тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді.

      12. Әрбір тәуекел үшін оның мониторингіне және тәуекелді азайту бойынша іс-шаралардың іске асырылуына жауап беретін құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері (бұдан әрі – тәуекел иесі) айқындалады.

      13. Тәуекелдер тізілімінде тәуекелдің сипаттамасы, тәуекел факторлары, ықтимал салдарлары, тәуекел иесі, тәуекелді бағалау және оны азайту бойынша іс-шаралар қамтылады.

      14. Байланыс операторы тәуекел факторларына мониторинг жүргізу және ден қою шараларын уақтылы қабылдау үшін тәуекелдің негізгі индикаторларын пайдаланады.

      15. Байланыс операторы өз қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекелдің жол берілетін деңгейін (тәуекел – тәбет) айқындайды.

      16. Тәуекелдер тізілімі жылына кемінде бір рет қайта қаралуы және жаңартылуы тиіс.

      17. Тәуекелдерді байланыс операторының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен байланыс операторының басшылығы қарауы тиіс.

      18. Тәуекелдер іске асырылған немесе тәуекелдің жол берілетін деңгейінен асқан жағдайда, ақпараттың байланыс операторының уәкілетті лауазымды тұлғаларына эскалациясы қамтамасыз етіледі.

      Тәуекел іске асырылған немесе тәуекелдің жол берілетін деңгейінен асқан кезде байланыс операторының уәкілетті лауазымды тұлғасы байланыс операторының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды хабардар ету қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган байланыс операторына ТБжІБЖ-ны іске асыруға, оның ішінде тәуекелдерді анықтау мен азайтуға қатысты ұсынымдар (түсіндірулер) жібереді.

      19. Байланыс операторы қайталанатын оқиғалардың алдын алу және ТБжІБЖ-ны жетілдіру мақсатында іске асырылған тәуекелдер мен оқыс оқиғалардың есебін жүргізеді және оларға талдау жасайды.

      20. ТБжІБЖ-ны байланыс операторының басшысы немесе байланыс операторының ішкі құжатымен айқындалатын өзге де лауазымды тұлға бекітеді.

3-тарау. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      21. Уәкілетті орган байланыс операторына ТБжІБЖ-ға қатысты құжаттарды, мәліметтерді және түсіндірмелерді ұсыну туралы сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) цифрлық жүйелер, мемлекеттік органның интернет-ресурстары арқылы, сондай-ақ өзге де қолжетімді тәсілдермен жібереді.

      22. Сұрау салуда:

      1) сұрау салудың мақсаты;

      2) қажетті құжаттардың, мәліметтердің және (немесе) түсіндірмелердің тізбесі;

      3) жауапты ұсыну мерзімі көрсетіледі.

      23. Байланыс операторы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтерді және (немесе) түсіндірмелерді сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде ұсынады.

Правила формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля, а также предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля операторами связи

Приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 31 июля 2026 года № 443/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2026 года № 39467

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О связи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля, а также предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля операторами связи.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного интеллекта и
цифрового развития Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан
от 31 июля 2026 года № 443/НҚ

Правила формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля, а также предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля операторами связи

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля, а также предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля оператором связи (далее – Правила) разработаны в соответствии cо статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О связи" и определяют порядок формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля, а также предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля операторами связи (далее – СУРиВК).

      2. Действие настоящих Правил распространяется на операторов связи, формирующих и утверждающих СУРиВК, а также предоставления информации о СУРиВК оператором связи уполномоченному органу в области связи, предусматривающие мероприятия направленные на обеспечение качества услуг связи и предотвращению мошенничества на сетях связи.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;

      2) риск – вероятность возникновения событий, связанных с деятельностью оператора связи, способных оказать негативное влияние на соблюдение требований законодательства Республики Казахстан, качество услуг связи и предотвращение мошенничества на сетях связи;

      3) услуги связи - деятельность по приему, обработке, хранению, передаче, перевозке, доставке почтовых и специальных отправлений, почтовых переводов денег или сообщений телекоммуникаций;

      4) несанкционированный трафик (фрод) - трафик, пропускаемый в нарушение установленных правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов, в том числе трафик с подменой номера вызывающего абонента;

      5) уполномоченный орган в области связи (далее – уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, определяемый Правительством Республики Казахстан, осуществляющий реализацию государственной политики в области связи, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности лиц, предоставляющих услуги в области связи или пользующихся ими.

      4. При формировании и функционировании СУРиВК оператор связи руководствуются международными и национальными стандартами Республики Казахстан в области менеджмента риска, в том числе:

      1) СТ РК ISO 31000–2020 "Менеджмент риска. Руководящие указания";

      2) СТ РК IEC 31010–2020 "Менеджмент риска. Методы оценки риска";

      3) СТ РК ИСО Руководство 73–2010 "Менеджмент риска. Словарь".

Глава 2. Порядок формирования и утверждения системы управления рисками и внутреннего контроля

      5. Оператор связи формируют СУРиВК с учетом характера, масштаба и сложности осуществляемой деятельности.

      6. СУРиВК функционирует на постоянной основе и является неотъемлемой частью процессов управления и принятия решений оператором связи.

      7. При формировании СУРиВК оператор связи обеспечивает:

      1) определение полномочий, ответственности, порядка взаимодействия и координации структурных подразделений и (или) должностных лиц ответственных за управление рисками и внутреннего контроля;

      2) документирование процессов СУРиВК, включая ведение реестра рисков в соответствии с внутренними документами;

      3) проведение мониторинга эффективности СУРиВК и принятие мер по ее совершенствованию;

      4) пересмотр и актуализацию СУРиВК не реже одного раза в год;

      5) внеплановый пересмотр СУРиВК при изменении действующего законодательства Республики Казахстан, организационной структуры, внедрении новых технологий, а также при реализации существенных рисков.

      8. Структурные подразделения и (или) должностные лица, ответственные за управление рисками и внутренний контроль, подотчетны руководителю оператора связи либо должностному лицу, определяемому внутренним документом оператора связи.

      9. В целях эффективного и качественного формирования и управления СУРиВК оператор связи выстраивает "три линии защиты":

      1) "первая линия защиты" осуществляется всеми структурными подразделениями оператора связи, ответственных за выявление, оценку, мониторинг и минимизацию рисков в рамках осуществляемой деятельности.


      2) "вторая линия защиты" осуществляется структурными подразделениями оператора связи ответственных за управление рисками, внутренний контроль, кибербезопасность, комплаенс и иные контрольные функции.

      Для структурных подразделений и (или) должностных лиц оператора связи, ответственных за управление рисками и внутренний контроль, предоставляется доступ к информации, необходимой для выполнения возложенных функций, включая сведения ограниченного доступа, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3) "третья линия защиты" осуществляется подразделением внутреннего аудита либо иными лицами, выполняющими функции независимой оценки эффективности СУРиВК в порядке, установленном внутренними документами оператора связи.

      10. К основным категориям рисков в рамках настоящих Правил относятся:

      1) риск нарушения непрерывности оказания услуг связи – риск возникновения чрезвычайных, аварийных, технологических и иных событий, способных привести к существенному нарушению либо прекращению оказания услуг связи и требующих применения мер по обеспечению непрерывности деятельности;

      2) риск качества услуг связи – риск возникновения событий, способных оказать негативное влияние на достижение целевых параметров качества услуг связи, соблюдение требований законодательства Республики Казахстан и выполнение обязательств перед абонентами;

      3) риск мошеннических действий на сетях связи – риск возникновения событий, связанных с совершением мошеннических действий на сетях связи, включая несанкционированный трафик (фрод), подмену абонентских номеров, несанкционированный доступ к услугам связи и иные противоправные действия, способные привести к финансовым потерям, нарушению качества услуг связи и причинению вреда абонентам;

      4) правовой (комплаенс) риск – риск возникновения потерь вследствие несоблюдения или ненадлежащего применения требований законодательства Республики Казахстан, договорных обязательств и внутренних документов оператора связи, а также вследствие изменений законодательства, неоднозначного толкования норм и различной правоприменительной практики.

      Операторы связи определяют иные категории рисков с учетом характера, масштаба и сложности осуществляемой деятельности.

      11. Оператор связи обеспечивает идентификацию, оценку и мониторинг рисков, а также ведение реестра рисков.

      12. Для каждого риска определяется ответственный сотрудник структурного подразделения, отвечающий за его мониторинг и реализацию мероприятий по минимизации риска (далее – владелец риска).

      13. Реестр рисков содержит описание риска, факторы риска, возможные последствия, владельца риска, оценку риска и мероприятия по его минимизации.

      14. Оператор связи использует ключевые индикаторы риска для мониторинга факторов риска и своевременного принятия мер реагирования.

      15. Оператор связи определяет допустимый уровень риска (риск-аппетит) с учетом особенностей своей деятельности.

      16. Реестр рисков подлежит пересмотру и актуализации не реже одного раза в год.

      17. Риски подлежат рассмотрению руководством оператора связи в порядке, установленном внутренними документами оператора связи.

      18. При реализации рисков либо превышения допустимого уровня риска обеспечивается эскалация информации уполномоченным должностным лицам оператора связи.

      При реализации риска либо превышении допустимого уровня риска уполномоченное должностное лицо оператора связи принимает решение о необходимости информирования уполномоченного органа в порядке, установленном внутренними документами оператора связи.

      Уполномоченный орган направляет оператору связи рекомендации (разъяснения) касательно реализации СУРиВК, в том числе выявления и минимизации рисков.

      19. Оператор связи ведет учет и анализ реализованных рисков и инцидентов в целях предупреждения повторных событий и совершенствования СУРиВК.

      20. СУРиВК утверждается руководителем оператора связи или иным должностным лицом, определяемым внутренним документом оператора связи.

Глава 3. Порядок предоставления информации о системе управления рисками и внутреннего контроля

      21. Уполномоченный орган направляет оператору связи запрос о предоставлении документов, сведений и пояснений, относящихся к СУРиВК (далее – запрос), посредством цифровых систем, интернет-ресурсов государственного органа, а также иными доступными способами.

      22. В запросе указываются:

      1) цель запроса;

      2) перечень необходимых документов, сведений и (или) пояснений;

      3) срок предоставления ответа.

      23. Оператор связи предоставляет сведения и (или) пояснения по запросу уполномоченного органа в срок, не превышающий 30 календарных дней со дня получения запроса.