"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 211-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 шілдеде № 39454 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ж. Шарабасов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 шілдедегі
№ 211-НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығына
қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште не жергілікті атқарушы органдардың цифрлық жүйелері арқылы және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін қөрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қолхат ресімдейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) және баланың жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушылардың қабылданған өтініштерін берілген күні мен уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен тіркейді.

      6. Балаларды қосымша білім беру ұйымдарына балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда қосымша білім беру үшін қабылдау өтінішті тіркеу тәртібімен жүзеге асырылады.

      Балалар музыка, балалар көркемөнер мектептеріне, балалар өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.

      7. Бос орындар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушілерді хабардар ету бойынша күнтізбелік жыл ішінде қосымша қабылдау осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері өтініш қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен, пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті беруші тарапынан Мемлекеттік корпорацияға жеткізіледі.

      8. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады. Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілуі мүмкін және оған:

      1) қосымша білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;

      2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      10. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына, көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Жоқ

3

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жүзінде немесе орталық мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация айқындаған цифрлық объектілері арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты- 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Балаларға арналған музыкалық, балалар көркемсурет мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, оларға қосымша білім беру жөніндегі қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау бос орындар болған кезде жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Балалардың музыкалық, балалар көркемсурет мектептеріне және балалар өнер мектептеріне, көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша жүргізіледі.

5

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түріндегі

6

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы/Тегін
Балаларға қосымша білім бергені үшін ақы төлеу оларды ақылы негізде қосымша білім беретін ұйымдарға қабылдау фактісі бойынша жүргізіледі.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің:
көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорация:
дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа;
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-аналардың бірінің (немесе өзге де заңды өкілдердің) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің және баланың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген № 027/е нысан бойынша Медициналық анықтама № ҚР ДСМ-175/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
Ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) біреуінің, баланың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы және оның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға мүмкіндігі бар.

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _______________________
  Қосымша білім беру
ұйымы атауы басшысына
_______________________
  ТАӘ (ол болған жағдайда)
  толық

Өтініш

      Менің ұлымды/қызымды (ТАӘ (ол болған жағдайда) ЖСН) мекен-жайы бойынша тұратын __________________________________________________ (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      оқу үшін ___________________________________ қабылдауыңызды сұраймын. (қосымша білім беру ұйымының толық атауы)

      Баланың келесі санатқа жататынын хабарлаймын (мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қағаз түрінде көрсету қажет):

      1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

      3) көп балалы отбасылардың балалары;

      4) арнаулы әлеуметтік көрсетілген қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және қолдау орталықтарындағы балалар;

      5) ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар;

      6) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

      7) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

      8) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

      10) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

      12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

      13) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды.

      Өтінішімнің өзгеруі туралы маған келесі тәсілдермен хабарлаңыз:

      1) хабарламалар келесі ұялы телефон нөмірлеріне (екі нөмірден аспайды) ___________ және (немесе) электрондық пошта мекенжайына ____________ жіберіледі.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______________________ (өтініш берушінің қолы)

      20__ жылғы "___" "_________".

      Өтінішті беру күні 20__ жылғы "___" "__________".

      Қабылдады: __________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қолхат

      Ұйымның (Мемлекеттік корпорацияның, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының, орта білім беру ұйымының) көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алуы туралы

      _________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы)

      _________________________________________________________________ (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      №___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      келесі құжаттар ___________________________________________алынған:

      (көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда)

      1. өтініш

      2. басқа __________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Өтінішті қабылдау күні _____________________________________________

      _________________________________________________________________

      ТАӘ (ол болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты)

      ________________ (қолы) Телефон ___________________________________

      Алдым: ТАӘ (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ жыл

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмағанына және (немесе) ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткеніне байланысты "Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың және қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1) _____________________________________________;

      2) _____________________________________________;

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      _________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ТАӘ (ол болған жағдайда)

      (қолы) ___________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті берушінің ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

      Алды: ______________________________________________________

      (ТАӘ (ол болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      "___" _________ 20__ жыл.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования"

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 29 июля 2026 года № 211-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2026 года № 39454

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20695) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила оказания государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования", утвержденныe указанным приказом (далее – Правила), изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту воспитательной работы и дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
Ж. Шарабасов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 29 июля 2026 года
№ 211-НҚ
  Приложение к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 22 мая 2020 года № 219

Правила оказания государственной услуги
"Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования
для детей по предоставлению им дополнительного образования"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок приема документов и зачисления в организации дополнительного образования и организации общего среднего образования.

      2. Государственная услуга "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования" оказывается организациями дополнительного образования для детей, организациями общего среднего образования (далее – услугодатель).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      3. Для получения государственной услуги физические лица (далее – услугополучатель) предоставляют услугодателю на бумажном носителе либо посредством цифровых систем местных исполнительных органов и (или) через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) документы, указанные в пункте 9 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования" согласно приложению к настоящим Правилам (далее – Перечень основных требований).

      4. Канцелярия услугодателя, работник Государственной корпорации осуществляют прием заявления, проверяют полноту документов и оформляет расписку в электронной форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Сведения о документах, удостоверяющий личность одного из родителей (или иных законных представителей) и ребенка, работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".

      Услугодатель или работник Государственной корпорации отказывает в приеме заявления в случае представления неполного пакета документов, а также по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Перечня основных требований, и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      В случае обращения через Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания государственной услуги.

      Направление пакета документов работником Государственной корпорации услугодателю осуществляется в течение 1 (одного) рабочего дня со дня приема заявления способами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан, посредством почтовой связи.

      5. Канцелярия услугодателя осуществляет регистрацию принятых заявлений услугополучателей по дате и времени подачи в хронологическом порядке.

      6. Зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования, за исключением детских музыкальных, детских художественных школ, детских школ искусств и школ художественно-эстетической направленности производится в порядке регистрации заявления о приеме.

      Зачисление в детские музыкальные, детские художественные школы, в детские школы искусств и в школы художественно-эстетической направленности производится по итогам собеседования.

      В ходе собеседования педагогом определяется уровень развития способностей детей в области разных видов искусства (музыкального, изобразительного, хореографического, театрального).

      7. При наличии вакантных мест по уведомлению услугодателей дополнительный прием в течение календарного года осуществляется в порядке, указанном в пункте 6 настоящих Правил.

      Доставка результатов оказания государственной услуги осуществляется услугодателем в Государственную корпорацию в течение 1 (одного) рабочего дня со дня приема заявления способами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан, посредством почтовой связи.

      8. Дети с девиантным поведением, состоящие на учете в органах внутренних дел, в приоритетном порядке в проактивном формате зачисляются в организации дополнительного образования для детей. Государственная услуга воспитанникам организаций дополнительного образования может оказываться проактивным способом, по инициативе услугодателя посредством цифровых систем государственных органов при регистрации телефонного номера абонентского устройства сотовой связи услугополучателя на веб-портале "цифрового правительства" www.egov.kz и включать в себя:

      1) отправку автоматических уведомлений услугополучателю с запросом на оказание государственной услуги по дополнительному образованию;

      2) получение согласия услугополучателя на оказание проактивной услуги, а также иных необходимых сведений от услугополучателя, в том числе ограниченного доступа, посредством абонентского устройства сотовой связи услугополучателя.

      Срок ожидания ответа от услугополучателя составляет двадцать четыре часа с момента получения запроса.

      9. Услугодатель обеспечивает внесение данных в цифровую систему мониторинга оказания государственных и социально ответственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере цифровизации в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона.

      10. При внесении изменений и (или) дополнений в Правила уполномоченный орган в области образования в течение 3 (трех) рабочих дней после государственной регистрации нормативного правового акта направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях оператору "цифрового правительства" и услугодателям, а также в Единый контакт-центр.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      11. Жалоба на решение, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу), в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, органом, рассматривающим жалобу.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес органа, рассматривающего жалобу, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

      В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Прием документов
и зачисление в организации
дополнительного образования
для детей по предоставлению им
дополнительного образования"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования
для детей по предоставлению им дополнительного образования"

1

Наименование услугодателя

Организации дополнительного образования для детей, организации общего среднего образования (далее – услугодатель)

2

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует

3

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидами (при наличии)

Прием заявления и выдача результата государственной услуги осуществляется через услугодателя на бумажном носителе либо через цифровые объекты, определенные центральными государственными органами или Государственную корпорацию.

4

Срок оказания государственной услуги и ее подвидами (при наличии)

Сроки оказания государственной услуги через услугодателя:
1) с момента сдачи пакета документов – 30 (тридцать) минут;
2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 15 (пятнадцать) минут;
3) максимально допустимое время обслуживания – 15 (пятнадцать) минут.
Зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования, за исключением детских музыкальных, детских художественных школ, детских школ искусств и школ художественно-эстетической направленности производится при наличии свободных мест.
Сроки оказания государственной услуги через Государственную корпорацию:
1) с момента сдачи документов в Государственную корпорацию – 1 (один) рабочий день, при этом день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги;
2) максимально допустимое время ожидания для сдачи документов в Государственную корпорацию - 15 минут.
Зачисление в детские музыкальные, детские художественные школы и в детские школы искусств, школы художественно-эстетической направленности производится по итогам собеседования.

5

Форма оказания государственной услуги и ее подвидами (при наличии)

Электронная (частично цифровизированная)/ бумажная

6

Результат оказания государственной услуги и ее подвидами (при наличии)

Выдача расписки о приеме документов согласно приложению 3 к настоящим Правилам

7

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Платно/Бесплатно
Оплата за предоставление детям дополнительного образования производится по факту их зачисления в организации, предоставляющие дополнительное образование на платной основе.

8

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) услугодателя:
с понедельника по пятницу с 09.00 до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, за исключением выходных и праздничных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан в соответствии с установленным графиком работы услугодателя;
2) Государственной корпорации:
с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудового кодекса Республики Казахстан;
Прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту жительства несовершеннолетнего, без ускоренного обслуживания, возможно "бронирование" электронной очереди посредством портала;
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя.

9

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучетеля для оказания государственной услуги и ее подвидами (при наличии)

Услугодателю или Государственной корпорации:
1) заявление по форме согласно приложению 2 к Правилам одного из родителей (или иных законных представителей);
2) документ, удостоверяющий личность одного из родителей (или иных законных представителей) и ребенка либо электронные документы из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);
3) медицинская справка по форме № 027/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);
Сведения о документах, удостоверяющих личность одного из родителей (или иных законных представителей), ребенка, работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства"

10

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидами (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
3) отсутствие согласия услугополучателя на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

11

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги и ее подвидами (при наличии), в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги через справочные службы услугодателя и на его официальном интернет-ресурсе, а также Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Прием документов
и зачисление в организации
дополнительного образования
для детей по предоставлению им
дополнительного образования"
  Форма
  Руководителю
_________________________
Наименование организации
дополнительного образования
_________________________
ФИО (при его наличии)
полностью

Заявление

      Прошу зачислить моего сына/дочь (ФИО (при его наличии) ребенка ИИН ребенка),
проживающего по адресу ________________________________________________
(наименование населенного пункта, района, города и области)
для обучения в _________________________________________________________
(полное наименование организации дополнительного образования)

      Информирую, что ребенок относится к категории (при оказании государственной услуги необходимо указать бумажную форму):

      1) дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) дети с ограниченными возможностями в развитии, дети с инвалидностью, лица с инвалидностью и лица с инвалидностью с детства;

      3) дети из многодетных семей;

      4) дети, находящиеся в центрах адаптации несовершеннолетних и центрах поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах;

      5) дети с девиантным поведением, состоящие на учете в органах внутренних дел;

      6) дети, проживающие в школах-интернатах общего и санаторного типов, интернатах при школах;

      7) дети, воспитывающиеся и обучающиеся в специализированных интернатных организациях образования для одаренных детей;

      8) воспитанники интернатных организаций;

      9) дети из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;

      10) дети, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени обучаются по программам начального, основного среднего, общего среднего образования на дому или в организациях, оказывающих стационарную помощь, а также восстановительное лечение и медицинскую реабилитацию;

      11) иные категории граждан, определяемые законами Республики Казахстан;

      12) иные категории граждан, определяемые по решению Правительства Республики Казахстан;

      13) не относится ни к одной из вышеперечисленных категорий.

      Прошу уведомлять меня об изменениях моего заявления следующими способами:

      1) оповещения на следующие номера мобильных телефонов (не более двух номеров)
___________ и (или) на адрес электронной почты______________.

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах, которые требуются для оказания государственной услуги в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".
___________________________________________________
(подпись заявителя)
"___" "_____________" 20___ года.
Дата подачи заявления "___" "_________" 20___ года
Принял: ___________________________________________.
(ФИО (при его наличии) (подпись).

  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Прием документов
и зачисление в организации
дополнительного образования
для детей по предоставлению им
дополнительного образования"
  Форма

Расписка

      О получении документов у услугополучателя организацией (Государственной
корпорацией, организацией дополнительного образования для детей, среднего
образования)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(полное наименование организации)
_________________________________________________________________
(наименование населенного пункта, района, города и области)
Расписка о приеме документов № ____________________________________
Получены от ______________________________________________________
следующие документы: (ФИО (при его наличии) услугополучателя)
1. Заявление
2. Другие _________________________________________________________
Дата приема заявления _____________________________________________
_________________________________________________________________
ФИО (при его наличии) (ответственного лица, принявшего документы)
____________________ Телефон _________________________ (подпись)
______________________________________________________________
Получил: ФИО (при его наличии)/подпись услугополучателя
"___" _________ 20__ года

  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Прием документов
и зачисление в организации
дополнительного образования
для детей по предоставлению им
дополнительного образования"
  Форма

Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан
"О государственных и социально ответственных услугах", Государственная
корпорация (указать адрес) отказывает в приеме документов на оказание
государственной услуги "Прием документов и зачисление в организации
дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного
образования" ввиду представления Вами неполного пакета документов согласно
перечню, предусмотренному порядком оказания государственной услуги и (или)
в связи с истекшим сроком действия документов, а именно:
Наименование отсутствующих документов и документов с истекшим сроком действия:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
Настоящая расписка составлена в 2 (двух) экземплярах, по одному для каждой стороны.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(ФИО (при его наличии) (подпись) работника Государственной корпорации)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(ФИО (при его наличии) услугодателя) (подпись)
Получил: ____________________________________________________
______________________________________________
(ФИО (при его наличии) (подпись услугополучателя)
"___" _________ 20__ года.