"Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 146. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 шілдеде № 39420 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларында:

      2-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс беруші (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейтін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;";

      2-тармағының10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) қоршаған ортаның басым ластағыштары – жоғары уыттылықпен, жинақталу қабілетімен және тұрақтылығымен сипатталатын белгілі бір аймақтар үшін ең қауіпті ластағыш заттардың тізімі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулар, жер және топырақ сапасы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеу кезінде ластағыш заттарды таңдау Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мониторингтерінің нәтижелері бойынша шекті жол берілетін концентрациядан асатын ластағыш заттардың базалық антропогендік фоны (фондық концентрациясы) негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. "Атмосфералық ауа сапасы" индикаторы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2025 жылғы 6 қарашадағы № 69-НҚ бұйрығымен бекітілген "Ауа сапасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына көшу жөніндегі нұсқаулық" Қазақстан Республикасының ҚР СТ 4024 ұлттық стандартының ережелері пайдаланылады.";

      8-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      10 және 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың деңгейінде белгіленеді.

      11. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді.";

      16-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных Республики Казахстан от 19 июля 2021 года № 257 "Об утверждении Правил разработки целевых показателей качества окружающей среды, в том числе минимального перечня индикаторов, для которых устанавливаются целевые показатели качества окружающей среды"

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2026 года № 146. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июля 2026 года № 39420

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных Республики Казахстан от 19 июля 2021 года № 257 "Об утверждении Правил разработки целевых показателей качества окружающей среды, в том числе минимального перечня индикаторов, для которых устанавливаются целевые показатели качества окружающей среды" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23615) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах разработки целевых показателей качества окружающей среды, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "5) заказчик работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды (далее – Заказчик) – местный исполнительный орган столицы, области, города республиканского значения, разрабатывающий целевые показатели качества окружающей среды на период реализации программы развития территорий соответствующей административно-территориальной единицы;";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. При разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды по качеству атмосферного воздуха, поверхностных и подземных вод, земель и почв выбор загрязняющих веществ осуществляется на основе базового антропогенного фона (фоновой концентрации) загрязняющих веществ, по которым есть превышение предельно допустимой концентрации по результатам мониторингов Национальной гидрометеорологической службы и государственной санитарно-эпидемиологической службы.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. При разработке целевых показателей качества окружающей среды по индикатору "качество атмосферного воздуха" применяются положения национального стандарта Республики Казахстан СТ РК 4024 "Качество воздуха. Руководство по переходу к рекомендациям Всемирной организации здравоохранения", утвержденного приказом Председателя Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан от 6 ноября 2025 года № 69-НҚ.";

      подпункт 9) пункта 8 исключить;

      пункты 10 и 11 изложить в новой редакции:

      "10. Целевые показатели качества окружающей среды устанавливаются на уровне столицы, областей, городов республиканского значения.

      11. Целевые показатели качества окружающей среды разрабатываются местными исполнительными органами столицы, областей, городов республиканского значения на каждый пятилетний период.";

      подпункт 5) пункта 16 исключить.

      2. Департаменту экологической культуры и политики Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство сельского хозяйства
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство здравоохранения
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство водных ресурсов и ирригации
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство национальной экономики
      Республики Казахстан