"Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 137. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 шілдеде № 39376 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларында:

      7-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайларды, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын, отынды, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) орман саласындағы мемлекеттік мекемелерінің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдамалар, курстар өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмелерге, семинарларға, ғылыми конференцияларға, оның ішінде халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға ел ішіндегі және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары (оның ішінде техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің);

      11) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшін ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарға (ағымдағы жөндеу) ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және запастарды сатып алуға арналған өзге де шығыстар;

      12) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау;

      13) интернетті қоса алғанда байланыс қызметтеріне ақы төлеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу (қамтамасыз ету), ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету;

      14) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      15) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      16) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, олар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар).";

      8-тармақта:

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайларды, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, отынды, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге;";

      мынадай мазмұндағы 19), 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдамалар, курстар өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмелерге, семинарларға, ғылыми конференцияларға, оның ішінде халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға ел ішіндегі және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары (оның ішінде техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің);

      20) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшін ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарға (ағымдағы жөндеу) ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу және запастарды сатып алуға арналған өзге де шығыстар;

      21) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау;

      22) интернетті қоса алғанда байланыс қызметтеріне ақы төлеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу (қамтамасыз ету), ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету;

      23) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      24) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      25) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, олар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар).".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 175 "Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении"

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 июля 2026 года № 137. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2026 года № 39376

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 175 "Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36373) следующие изменения и дополнения:

      В Правилах осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 7:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, зданий и сооружений, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, топлива, горюче-смазочных материалов, обмундирования, лекарственных средств и прочих изделий медицинского назначения, оружия и специальных средств защиты;";

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) строительство, реконструкция и капитальный ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с функционированием государственных учреждений в сфере лесного хозяйства;";

      дополнить подпунктами 10), 11), 12), 13), 14), 15) и 16) следующего содержания:

      "10) командировочные расходы (в том числе технического персонала и контрактных служащих) внутри страны и за ее пределами, связанные с проведением исследований, стажировок, курсов, работ и услуг, участием в выставках, семинарах, научных конференциях, в том числе международных, в пределах норм возмещения командировочных расходов, установленных законодательством Республики Казахстан;

      11) расходы на оплату за отопление, электроэнергию, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих и хозяйственных целей, оплата работ (текущий ремонт) и услуг по обслуживанию здания, оплата транспортных услуг и прочие расходы на приобретение запасов;

      12) добровольное исполнение исполнительного документа государственным учреждением до предъявления инкассового распоряжения в территориальное подразделение казначейства;

      13) расходы на услуги связи, включая интернет, проведение текущего ремонта, аренда помещения, приобретение (обеспечение) канцелярских и хозяйственных товаров, обслуживание информационных систем;

      14) оплата услуг по техническому осмотру, обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств;

      15) оплата услуг по разработке и экспертизе проектной (технико-экономического обоснования) документации, изготовлению топографической съемки земельного участка, разработке землеустроительного проекта, установлению на местности границ земельного участка;

      16) текущие затраты (штрафы, неустойка, плата за пользование лесными и растительными ресурсами, государственная пошлина, налоги и другие обязательные платежи в бюджет, обязательные пенсионные взносы, пеня и штрафы по ним).";

      в пункте 8:

      подпункты 9) и 10) изложить в следующей редакции:

      "9) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, зданий и сооружений, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, топлива, горюче-смазочных материалов, обмундирования, лекарственных средств и прочих изделий медицинского назначения, оружия и специальных средств защиты;

      10) строительство, реконструкция и капитальный ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с природоохранной деятельностью;";

      дополнить подпунктами 19), 20), 21), 22), 23), 24) и 25) следующего содержания:

      "19) командировочные расходы (в том числе технического персонала и контрактных служащих) внутри страны и за ее пределами, связанные с проведением исследований, стажировок, курсов, работ и услуг, участием в выставках, семинарах, научных конференциях, в том числе международных, в пределах норм возмещения командировочных расходов, установленных законодательством Республики Казахстан;

      20) расходы на оплату за отопление, электроэнергию, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих и хозяйственных целей, оплата работ (текущий ремонт) и услуг по обслуживанию здания, оплата транспортных услуг и прочие расходы на приобретение запасов;

      21) добровольное исполнение исполнительного документа государственным учреждением до предъявления инкассового распоряжения в территориальное подразделение казначейства;

      22) расходы на услуги связи, включая интернет, проведение текущего ремонта, аренда помещения, приобретение (обеспечение) канцелярских и хозяйственных товаров, обслуживание информационных систем и услуг (коммунальные услуги, услуг связи, транспортные услуги, оплата работ и услуг в сфере информатизации);

      23) оплата услуг по техническому осмотру, обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств;

      24) оплата услуг по разработке и экспертизе проектной (технико-экономического обоснования) документации, изготовлению топографической съемки земельного участка, разработке землеустроительного проекта, установлению на местности границ земельного участка;

      25) текущие затраты (штрафы, неустойка, плата за пользование лесными и растительными ресурсами, государственная пошлина, налоги и другие обязательные платежи в бюджет, обязательные пенсионные взносы, пеня и штрафы по ним).".

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан