БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларда:
4-тармақтың 30) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"30) төмендетуге бағытталған қадам – төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу кезінде қолданылатын бағаны 1 (бір) пайызға (бірақ 100 000 теңгеден артық емес) төмендету;";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге ТЖКҚ-ны сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған бағаларды бағалау және салыстыру рәсімін жеңілдету үшін қолданылатын валюта болып табылады.";
41-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) тиісті салық органының конкурстық өтінімдерді ұсыну басталатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген берешектің жоқ екені не бір теңгеден кем берешектің бар екені туралы анықтамасының электрондық көшірмесі;";
65-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан да көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы мәліметтердің болуы;";
89-тармақтың 7) және 8) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"7) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, ұсынылатын ТЖҚ-ға әлеуетті жеткізушінің ұсынған бағасы;";
8) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге бөлінген сома;";
121-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"121. Тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер тараптардың өзара келісімі бойынша әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған күннен бастап және тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде ұлттық валюта (теңге) девальвациясы (ревальвациясы) кезінде ТЖКҚ-ға бағаның және тиісінше тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жобасының сомасының өзгеруі бөлігінде енгізіледі.
Егер конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайыздан артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге тиіс соманы қайта есептейді.
Бұл ретте әлеуетті жеткізуші растайтын құжаттарды қоса беру арқылы өндіріс шығындарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау шығындарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жобасының бағасын ұлғайту немесе азайту негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады.";
122-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) тауарларды, жұмыстарды сатып алу туралы шарт жасалған күннен кейін ұлттық валюта (теңге) девальвацияға (ревальвацияға) ұшыраған кезде, тараптардың келісімі бойынша тауарларды немесе жұмыстарды сатып алу туралы шарттың бағасын өзгерту бөлігінде.
Егер тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт бойынша төлем жүргізілген сәтте теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайызға артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) төлем күніне белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге тиіс соманы мөлшерлей отырып қайта есептейді.
Бұл ретте жеткізуші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндіріс шығындарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттың орындалмаған көлемінің бөлігіне артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт бағасын арттыру немесе азайту негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады;".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Жаркешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі