"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 шiлдедегi № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 шiлдеде № 39353 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (бұдан әрі – "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заң) Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      38, 39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығымен бекітілген Білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес кадрларды дайындайды (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17755 тіркелген).

      39. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу түріне түсуге ниет білдірген азаматтар цифрлық жүйе арқылы тіркеледі және өтініш береді не болмаса одан әрі цифрлық жүйеде тіркеле отырып, тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне өтініш береді.

      Сәтті тіркелгеннен кейін кандидатқа цифрлық жүйеде "жеке кабинет" құрылады.

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см фотосурет);

      3) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;

      4) Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар үшін ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).

      ІІБ-нің аумақтық бөлімшелері жеке құраммен жұмыс істеу кезінде жүйеде тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер ұсынылған материалдар толық болмаса, екі жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеде хабарлама жібере отырып, қайта өңдеуге жібереді.

      40. ІІМ-нің жеке құраммен жұмыс жөніндегі қызметі ІІО-ның аумақтық бөлімшелері үшін ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды жіберу жөніндегі жоспарды әзірлейді.

      41. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІО аумақтық бөлімшелері:

      1) ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста хабарландырулар орналастыруды ұйымдастырады;

      2) тұрғылықты жері бойынша оқуға кандидаттарды кәсіби бағдарлау, іріктеу және тексеру жұмыстарын жүргізеді.";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Цифрлық жүйеде ІІМ арнаулы оқу орындарына түсу конкурсына қатысу үшін кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

      Тізімді қалыптастыру кезінде әрбір кандидатқа дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша кандидаттарды іріктеу кезінде қолданылатын бірегей тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.

      Кәмелетке толмаған кандидаттар үшін – ата-анасының (заңды өкілінің) деректерді өңдеуге және кандидаттың іріктеудің барлық кезеңдеріне қатысуына келісімін алғаннан кейін.

      44. Өтінішті сәтті тіркеп, тапсырғаннан кейін цифрлық жүйе кандидаттарға медициналық куәландыруға жолдама береді.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді өткізу мерзімдері туралы ақпарат цифрлық жүйеде орналастырылады және кандидаттарға хабарламалар арқылы жеткізіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруды аумақтық бөлімшелердің өңірлік комиссиясы (бұдан әрі – өңірлік комиссия) және арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі – қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.

      Аумақтық ІІО бөлімшелерінде кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Дене даярлығың тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады. Комиссия құрамына аумақтық ІІО бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша азаматтардың өтініштерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өкілдері ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатысады.

      Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген) арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.

      Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары ақпараттық жүйеде деректерді ресімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) кандидаттардың деректерін ақпараттық жүйеде қарауды жүзеге асырады;

      2) конкурстық тізімдерді және кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы қабылдау комиссиясының хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;

      3) конкурстық іріктеу жүргізеді;

      4) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      5) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасайды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді;

      6) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.";

      50 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) сәйкес, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізіледі.

      Комиссия шешімін цифрлық жүйеге енгізіледі. Бұл туралы ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға үміткерлер жеке кабинеттегі хабарлама арқылы біледі.

      "52. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық біліктілігі бар және ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады.";

      60, 61, 62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Әр спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелері Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жеке ведомоста тіркеледі, кандидаттардың дене шынықтыру тексеру жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері цифрлық жүйеге енгізеді және автоматты түрде кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгіленгеннен кейін қайта тапсыруға жол берілмейді.

      61. Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру туралы деректер негізінде цифрлық жүйе осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес кандидаттың дене даярлығы бойынша сынақты тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы қорытынды шығарады.

      62. Дене даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат жеке кабинетте цифрлық жүйе арқылы "келіспеймін" деген позицияны таңдайды.

      "Келіспеймін" деген позицияны таңдаған кезде апелляцияға өтініш автоматты түрде қалыптастырылады.

      63. Апелляция физикалық дайындық бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қалыптастырылады және тәулік ішінде апелляциялық комиссиямен қаралады.";

      65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Апелляциялық комиссияның шешімі өңірлік комиссия құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда хаттамамен рәсімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.

      66. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.

      Цифрлық жүйе арқылы бірыңғай сараланған тізім, конкурс бойынша өткендердің тізімі және резервтік тізім қалыптастырылады.

      Кандидатты курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешімді орталық қабылдау комиссиясы цифрлық жүйе арқылы сараланған тізімге сәйкес конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша шығарады. Кандидаттарды конкурстық іріктеу қорытындылары олардың таралуын болдырмау мақсатында үміткердің дербес деректерін шифрлай отырып, бес жұмыс күні ішінде цифрлық жүйе арқылы жарияланады.

      Резервтік тізімге конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша қабылданғандардың негізгі тізіміне өтпеген, бірақ қалған үміткерлер арасында ҰБТ-ның ең жоғары балдары бар кандидаттар енгізіледі. Резервтік тізімге енгізу тәртібі қорытынды балдың кемуімен айқындалады.

      Егер арнаулы оқу орнына қабылданған кандидат оқудан бас тартса, оның орнына резервтік тізімнен келесі кандидат шақырылады.

      Резервтік тізімге қабылданған кандидаттар бос орындар болған жағдайда оқуға түскен күннен бір айдың ішінде қабылдануы мүмкін.";

      69, 70, 71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Медициналық куәландырудың және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырудың оң нәтижесі болған кезде конкурстан тыс қабылданады:

      1) Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған адамдар, бірақ "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған жоғары білімді кадрларды даярлаудың жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысының 10 % аспайды";

      3) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      4) ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 100 балл жинаған адамдар;

      5) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық біліктілігі бар тұлғалар;

      6) "Жас сақшы" полиция сыныптарының түлектері;

      7) TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) халықаралық стандартталған тесттерінің сертификаты 460 балдан төмен емес, TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ) 46 балдан төмен емес, IELTS (АЙЛТС) 5.5 балдан төмен емес сертификаттары бар тұлғалар.

      70. ҰБТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға түсуге басым құқығы бар:

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

      үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар;

      кадеттік оқу орындарының, әскери мектеп-интернаттардың негізгі білім беру бағдарламаларын не әскери-патриоттық немесе заңдық бағыттардағы қосымша білім беруді аяқтағаны туралы растайтын құжаттары бар адамдар;

      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер бірінші рет жоғары білім алса;

      жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын соңғы үш жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жобалар) жеңімпаздары жалпы білім беретін пәндер бойынша жарыстар, орындаушылар конкурстары, таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылындағы кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқық болмаған кезде аттестаттың орташа балдары жоғары адамдар қабылданады.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқық болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша жинаған балдары ескеріледі.

      71. Қабылдау комиссиясының үміткерлерді курсанттар қатарына қабылдау, сондай-ақ резервтік тізімге енгізу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және де арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен қол қойылады.

      72. ІІМ арнаулы оқу орындары ІІМ кадр қызметіне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.

      Кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттаманың көшірмесі ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық шығаруы үшін және ІІМ арнаулы оқу орындарына, ІІО аумақтық бөлімшелеріне жіберілетін кандидаттардың жеке істерін ресімдеу үшін негіз болып табылады. Кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттама ІІМ арнайы оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрығын шығаруға және ІІМ арнайы оқу орындарына жіберілетін кандидаттардың жеке істерін ІІО аумақтық бөлімшелерінің ресімдеуіне негіз болып табылады.

      Кандидаттардың ресімделген жеке істері ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау туралы хаттама бекітілген күннен бастап 14 жұмыс күн ішінде ІІМ арнаулы оқу орындарына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларына 1-1 қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсің.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 "Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2026 года № 508. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2026 года № 39353

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 "Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13199) следующие изменения:

      в Правилах приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "Об органах внутренних дел Республики Казахстан", "О правоохранительной службе", "Об образовании", "Об обороне и Вооруженных силах Республики Казахстан" и "О воинской службе и статусе военнослужащих" (далее – Закон "О воинской службе и статусе военнослужащих") и определяют порядок приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее – МВД), реализующие образовательные программы высшего образования.

      пункты 38,39,40 и 41 изложить в следующей редакции:

      "38. Специальные учебные заведения МВД осуществляют подготовку кадров согласно Перечню образовательных программ, утвержденному приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2018 года № 764 "Об утверждении перечня образовательных программ, реализуемых в военных, специальных учебных заведениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17755).

      39. Граждане, изъявившие желание поступать в специальные учебные заведения МВД по очной форме обучения, регистрируются и подают заявление через цифровую систему либо обращаются в кадровые службы территориальных ОВД по месту жительства, с дальнейшей регистрацией в цифровой системе.

      После успешной регистрации на кандидата в цифровой системе формируется "личный кабинет".

      К заявлению прилагаются:

      1) электронный документ, удостоверяющий личность из сервиса цифровых документов;

      2) фотографии (без головного убора, размером 3,5x4,5 см и размером 10x12 см);

      3) копия аттестата или диплома об образовании;

      4) рекомендация (заключение комиссии о прохождении конкурсного отбора) для лиц, отслуживших срочную воинскую службу в воинских частях Национальной гвардии.

      Территориальные подразделения ОВД по работе с личным составом с момента регистрации в системе проверяют полноту представленных документов, в случае неполноты представленных материалов, в течении двух рабочих дней направляют на доработку, с уведомлением в цифровой системе.

      40. Служба по работе с личным составом МВД разрабатывает для территориальных подразделений ОВД план по направлению кандидатов на учебу в специальные учебные заведения МВД.

      41. Территориальные подразделения ОВД после утверждения плана:

      1) организуют размещение объявлений в средствах массовой информации и на официальном интернет-ресурсе об условиях приема в специальные учебные заведения МВД;

      2) проводят работу по профессиональной ориентации, отбору и проверке кандидатов на учебу по месту жительства.";

      пункты 43 и 44 изложить в следующей редакции:

      "43. В цифровой системе формируется список кандидатов для участия в конкурсе на поступление в специальные учебные заведения МВД.

      При формировании списка автоматически присваивается уникальный регистрационный номер каждому кандидату, который применяется при отборе кандидатов по физическим показателям.

      Для несовершеннолетних кандидатов – после получения согласия родителя (законного представителя) на обработку данных и на участие кандидата во всех этапах отбора.

      44. После успешной регистрации и подачи заявления цифровая система выдает кандидатам направление на медицинское освидетельствование.

      Информация о порядке приема и о сроках проведения отбора по физическим показателям в специальные учебные заведения МВД размещаются в цифровой системе и доводятся до кандидатов через уведомления.".

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Организация приема на учебу в специальные учебные заведения МВД осуществляется региональной комиссией (далее – региональная комиссия) территориальных подразделений и приемной комиссией специального учебного заведения (далее – приемная комиссия).

      Для осуществления мероприятий по организации отбора кандидатов по физическим показаниям в территориальных подразделениях ОВД создаются Региональные комиссии по проверке физической подготовленности. В состав комиссии входят сотрудники территориального подразделения ОВД, а также представители общественных объединений.

      Апелляционная комиссия создается для рассмотрения заявлений граждан по итогам отбора кандидатов по физическим показаниям.

      Состав приемной комиссии утверждается приказом начальника специального учебного заведения и формируется из числа сотрудников специального учебного заведения. Представители государственных органов, общественных организаций, средств массовой информации присутствуют в качестве наблюдателей. Представители структурных подразделений МВД присутствуют в качестве наблюдателей по заданию руководства МВД.

      Общее количество членов приемной комиссии состоит из нечетного числа. Комиссию возглавляет председатель.

      Председателем приемной комиссии является начальник специального учебного заведения МВД.

      Председатель приемной комиссии руководит деятельностью приемной комиссии, устанавливает полномочия ее членов.

      Секретарь приемной комиссии назначается из числа руководящего состава структурных подразделений специального учебного заведения в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 марта 2020 года № 210 "Об утверждении Перечня руководящих должностей органов внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20138), на которого возлагается подготовка документов по реализации функций, возложенных на приемную комиссию, материалов к заседаниям, а также проекта отчета об их работе.

      Заместитель секретаря приемной комиссии и технические секретари технической группы назначаются для оформления и обработки данных в информационной системе.

      Решение приемной комиссии принимается простым большинством голосов при наличии не менее двух/третьих членов приемной комиссии.

      При равенстве голосов голос председателя приемной комиссии является решающим.

      Приемная комиссия:

      1) осуществляет рассмотрение данных кандидатов в информационной системе;

      2) готовит конкурсные списки и протокол приемной комиссии о зачислении кандидатов в число курсантов по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      3) проводит конкурсный отбор;

      4) принимает решение о зачислении или отказе в зачислении в число курсантов по итогам конкурсного отбора;

      5) проводит анализ итогов приема кандидатов и разработку мер по дальнейшему совершенствованию данной работы;

      6) рассматривает жалобы и заявления по вопросам приема на учебу.";

      пункты 50 и 52 изложить в следующей редакции:

      "50. Медицинское освидетельствование проводится военно-врачебной комиссией Департаментов полиции столицы, областей, городов республиканского значения в соответствии приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 ноября 2020 года № 758 "Об утверждении Правил проведения военно-врачебной экспертизы в правоохранительных органах, органах гражданской защиты и Государственной фельдъегерской службе Республики Казахстан и Положения о комиссиях военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21580).

      Решение комиссии вводится в цифровую систему секратарем, о котором кандидаты на учебу в специальные учебные заведения МВД узнают через уведомление в личном кабинете.

      52. Отбор кандидатов по физическим показателям проводится и результаты выполнения спортивных упражнений оцениваются в соответствии с Нормативами по физической подготовке для кандидатов в специальные учебные заведения МВД (далее - нормативы по физической подготовке), согласно приложению 8 к настоящим Правилам.

      Кандидаты, имеющие спортивную квалификацию "Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан", "Мастер спорта Республики Казахстан" и представившие в приемную комиссию специального учебного заведения МВД подтверждающие документы, освобождаются от прохождения отбора по физическим показаниям.";

      пункты 60, 61, 62 и 63 изложить в следующей редакции:

      "60. Результаты сдачи каждого спортивного упражнения фиксируются в отдельной ведомости согласно приложению 4 к Правилам, вводятся в цифровую систему членами региональной комиссии по проверке физической подготовки кандидатов и автоматически отображаются в личном кабинете кандидата. После фиксации результатов выполнения упражнения пересдача не допускается.

      61. На основании данных по сдаче отдельных видов спортивных упражнений цифровая система формирует итоговый вывод о том, сдано тем или иным кандидатом испытание по физической подготовке или нет согласно приложению 8 к настоящим Правилам.

      62. Кандидат, не согласный с результатом испытаний по физической подготовке посредством цифровой системы в личном кабинете выбирает позицию "не согласен".

      При выборе позиции "не согласен" автоматически формируется заявление на апелляцию.

      63. Апелляция формируется до 13 часов следующего дня после объявления результатов по физической подготовке и рассматривается апелляционной комиссией в течение суток.";

      пункты 65 и 66 изложить в следующей редакции:

      "65. Решение апелляционной комиссии принимается большинством голосов состава региональной комиссии. Работа апелляционной комиссии оформляется протоколами по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам, которые подписываются председателем и всеми членами комиссии. По результатам решения апелляционной комиссии кандидату выдается выписка из протокола заседания апелляционной комиссии.

      66. Зачисление в специальные учебные заведения МВД по очной форме обучения производится по конкурсу в соответствии с баллами сертификатов по итогам ЕНТ с учетом результатов отбора по медицинским, физическим, профессиональным показателям.

      Посредством цифровой системы формируется единый ранжированный список, список прошедших по конкурсу и резервный список.

      Решение о зачислении кандидата в число курсантов или отказе выносит приемная комиссия по итогам конкурсного отбора в соответствии с ранжированным списком через цифровую систему. Итоги конкурсного отбора кандидатов объявляются через цифровую систему в течение пяти рабочих дней с шифрованием персональных данных претендента в целях предотвращения их распространения.

      В резервный список включаются кандидаты, которые по итогам конкурсного отбора не прошли в основной список зачисленных, но имеют наивысшие баллы ЕНТ среди остальных претендентов. Порядок включения в резервный список определяется убыванием итогового балла.

      В случае, если кандидат, зачисленный в специальное учебное заведение, отказывается от обучения, на его место приглашается следующий кандидат из резервного списка.

      Кандидаты, зачисленные в резервный список, могут быть приняты при наличии вакантных мест, в течение первого месяца со дня поступления.";

      пункты 69, 70, 71 и 72 изложить в следующей редакции:

      "69. При положительном результате медицинского освидетельствования вне конкурса зачисляются:

      1) дети сотрудников, погибших или получивших инвалидность при исполнении служебных обязанностей, набравшие пороговый уровень баллов по требованиям, установленным для кандидатов Правилами присуждения образовательного гранта;

      2) лица, прошедшие срочную воинскую службу в рядах Национальной гвардии Республики Казахстан, набравшие пороговый уровень баллов по требованиям, установленным для кандидатов Правилами присуждения образовательного гранта, но не более 10 % от ежегодного государственного заказа на подготовку кадров с высшим образованием, определяемого уполномоченным органом в области образования, в соответствии с подпунктом 2-1) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан";

      3) лица, награжденные знаком "Алтын белгі";

      4) лица, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам не менее 100 баллов;

      5) лица, имеющие спортивную квалификацию "Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан", "Мастер спорта Республики Казахстан", "Кандидат в мастера спорта";

      6) выпускники полицейских классов "Жас Сақшы";

      7) лица, имеющие сертификаты международных стандартизированных тестов TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) не ниже 460 баллов, TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ) не ниже 46 баллов, IELTS (АЙЛТС) не ниже 5.5 баллов.

      70. В случае одинаковых показателей баллов сертификатов ЕНТ преимущественное право на зачисление имеют:

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия;

      лица, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием;

      лица, имеющие подтверждающие документы об окончании программ основного образования кадетских учебных заведений, военных школ-интернатов либо дополнительного образования военно-патриотического или юридического направлений;

      сотрудники органов внутренних дел, если высшее образование получают впервые;

      победители международных олимпиад по общеобразовательным предметам, международных конкурсов научных проектов и международных конкурсов исполнителей, спортивных соревнований, по которым победители и призеры (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет, перечень которых определяется уполномоченным органом в области образования, а также победители республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований текущего учебного года при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады, конкурса или спортивного соревнования.

      В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права зачисляются лица, имеющие высокие средние баллы аттестата.

      В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права, а также одинаковых средних баллов аттестата, свидетельства или диплома учитываются баллы, набранные по профильным предметам.

      71. Решение приемной комиссии о зачислении кандидатов в число курсантов, а также в резервный список оформляется протоколом и подписывается начальником специального учебного заведения.

      72. Специальные учебные заведения МВД представляют в кадровую службу МВД в течении десяти календарных дней после проведения зачисления итоговый отчет по организации и проведению приема, а также копии приказов о зачислении курсантов.

      Копия протокола о зачислении кандидатов в число курсантов направляются в территориальные подразделения ОВД. Протокол о зачислении кандидатов в число курсантов специальными учебными заведениями МВД и для оформления личных дел кандидатов, направляемых в специальные учебные заведения МВД, территориальными подразделениями ОВД. Протокол о зачислении кандидатов в число курсантов является основанием для издания приказа о зачислении в число курсантов специальными учебными заведениями МВД и для оформления личных дел кандидатов, направляемых в специальные учебные заведения МВД, территориальными подразделениями ОВД.

      Оформленные личные дела кандидатов направляются в специальные учебные заведения МВД в течение 14 рабочих дней со дня утверждения протокола о зачислении кандидатов на учебу в специальные учебные заведения МВД.";

      приложение 1-1 к указанным Правилам исключить.

      2. Департаменту по работе с личным составом Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение пяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа представить в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных пунктами 1) и 2) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов