БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгеріс мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
159-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"155-9. "Толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша тендер тәсілімен сатып алу сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамаға сәйкес әзірленген конструктивтік элементтердің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері бойынша айқындалған техникалық-экономикалық негіздеме немесе құрылыстың есептік сметалық құны немесе өндірістік объектінің қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіштері негізінде техникалық жағынан күрделі ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жобаларын іске асыру кезінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 287-тармақ 38-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"38-1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қарарына сәйкес жалғыз акционердің шешімі негізінде жол қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";
мынадай мазмұндағы 287-тармақ, 294-2 және 294-3-тармақтармен толықтырылсын:
"294-1. Қағидалардың 287-тармағының 38-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу Тапсырыс берушінің мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауын ескере отырып жүзеге асырылады:
Тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сомасын және бір көзден шарт жасасу жоспарланып отырған тұлғаларды көрсете отырып, қағидалардың 287-тармағының 38-1) тармақшасын қолдану қажеттілігі мен орындылығы туралы, сондай-ақ Заңның 11-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген басқа да бәсекелес тәсілдермен жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы негіздеме хатын мынадай уәкілетті мемлекеттік органдарға:
1) бюджеттік саясат саласындағы;
2) автомобиль жолдары саласындағы;
3) сатып алу саласындағы;
4) егер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мәселелері олардың құзыретіне жататын жағдайда өзге мемлекеттік органдарға ұсынады.
294-2. Тиісті саладағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тапсырыс беруші ұсынған негіздеме хатын сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарына сәйкестігі, қатысуға шектеулердің болмауы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі, бюджеттік заңнама сондай-ақ автомобиль жолдары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі, сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу жоспарланып отырған тұлғалар тізбесі қажетті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда, тапсырыс беруші не тапсырыс берушінің жалғыз акционері белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің атына Қазақстан Республикасының Үкіметіне хат енгізеді.
294-3. Осы Қағидалардың 294-1 және 294-2-тармақтарында көзделген тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы Қағидалардың 287-тармағының 38-1) тармақшасы шеңберінде әзірленген қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде де қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |