Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 75-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары;
2) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрдің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
| Бұйрығымен бекітілген |
Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті веб-портал "цифрлық үкімет" және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары
1. Осы Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті веб-портал "цифрлық үкімет" және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 75-бабының 7-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, оның ішінде нормативтік құқықтық базаға, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бір терезесін" білдіретін цифрлық объект;
3) "Цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы – ұялы байланыс абоненттік құрылғысына орнатылған және іске қосылған, ұялы байланыс пен Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық өнім.
3. Уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізіп, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз етуге жататын өзге де қызметтерді айқындайды.
4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талдау нәтижелері бойынша қызметтің сұранысқа ие болуы, оның әлеуметтік маңыздылығы, сондай-ақ қызметті электрондық нысанда көрсету мүмкіндігі негізінде белгілейді.
5. Талдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
1) Өзге де қызметтерді көрсетуге құқығы бар тұлғалар шеңберін айқындайды;
2) Киберқауіпсіздік және дербес деректер, оларды қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының тізбесін айқындайды.
6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган бір күнтізбелік жыл ішінде өзге де қызметтерді алушылардың санын ескереді.
Өзге де қызметтерді алушылардың орташа саны негізінде уәкілетті орган "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өзге де қызметтердің сәйкестік өлшемшарттарының бірі ретінде қызметті алушылардың ең төменгі санын белгілейді.
| Бұйрығымен бекітілген |
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің сәйкестік өлшемшарттары
1. Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтер мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, оларға "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы міндетті қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар көрсетеді;
2) мемлекеттік функцияның немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген қызметтің белгілері мен өлшемшарттарын қамтымайды және электрондық нысанда көрсетіледі;
3) қызметті іске асыратын цифрлық объектіге айрықша құқықтары бар Қазақстан Республикасының резиденттері көрсетеді;
4) қызметтерді іске асыратын цифрлық объектінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша сенімнің 4 (төртінші) деңгейінен төмен емес сәйкестік сертификаты немесе киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң сынақ хаттамалары болады;
5) көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерін рұқсатсыз жинауға, сақтауға және олардың таралып кетуіне әкеп соқтырмайды;
6) билікті күштеп басып алуды немесе ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күшпен өзгертуді, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді насихаттайтын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соғатын және азаматтардың денсаулығына, қоғамның имандылығына зиян келтіретін ақпаратты қамтымайды;
7) бір күнтізбелік жыл ішінде кемінде елу өзге де қызметтің көрсетілуімен расталатын сұранысқа ие болуы.