БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті астана, облыс, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал), "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесі www.elicense.kz (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде баяндалған.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды ЕЛ МДБ қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды ЕЛ МДБ тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға ЕЛ МДБ жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ЕЛ МДБ береді.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбеде 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
10. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 8 шілдедегі № 116 бұйрыққа 1-қосымша |
|
| "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" қағидаларына 1-қосымша |
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі)"
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру |
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) |
1) Шығу туризмі саласындағы |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, облыс, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Барлық кіші түрлер үшін: |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Шығу туризмі саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлер үшін: |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Кіші түрлері бойынша: |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Қызмет көрсетуші - дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс кестесіне сәйкес қосымша түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы; |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта____________________________________________________
Телефон_____________________________________________________________
Факс _________________________________________________________________
Банк шоты ____________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру
үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Қоса беріледі ___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:__________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны ________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліну ____
бөлу ____;
2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________;
3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі __________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптың болуы
_________________________________________________________________;
5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі __________________.
Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________
Телефон ___________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
Банк шоты _________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ____________________________________
___________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі _______________ парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі
(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)
берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі__________________________;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі
____________________________________________________________________;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның заңды мекен-жайының өзгеруі______________________________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптардың болуы__________________________________________;
5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі _____________________.
Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы __________________________