БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 10 шілдедегі № 333-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35349 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы болып табылады (бұдан әрі – ұйымдастырушы).";
29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау бойынша өңірлік тапсырыстың үміткерлерін бағалайды.";
30-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалауға сәйкес өңірлік тапсырыс үміткерлерінің шығармашылық ұсынысы болып табылады.";
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары өңірлік тапсырыс жеңімпаздарымен қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өңірлік тапсырысты өткізуге шарттар жасасады.";
көрсетілген Қағидасының 2-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидасының 3-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидасының 5-қосымшасы осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 576-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35473 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жанынан құрылады.".
3. "Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 610-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35535 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесінде:
қосымшада орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымша Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(жеке тұлғалар үшін): ______________________;
2. Орналасқан жері: ________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-,
радиоарналар, интернет- басылымдар):________________________________.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою туралы
куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-
басылымдар үшін): _________________________________________
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі
(егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса).
7. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы
_________________________________________________________.
8. Электрондық мекенжайы _________________________________.
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы мөрдің орны (ол болған жағдайда)
20__ жылғы "__" ____________
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне |
|
| 2-қосымша | |
| Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру |
|
| Қағидаларына 3-қосымша |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1. Телеарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының және/немесе телерадио хабарларын тарататын операторлардың астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын күн сайынғы өңірлік контенттің (соңғы айдағы) көлемі туралы растайтын хат (пайыздық арақатынасы және өнім тізбесі бар), өңірлік контент өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтиды. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы, өндіріс тілі, тұтыну аудиториясы, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуы және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасы, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
2. Радиоарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторымен шарт болмаған кезде, үміткердің берілген жиіліктерді пайдалану туралы растайтын құжаты үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
5) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтилы. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспа басылымдары үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) газеттер үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама, журналдар үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы тоқсанда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;
3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы болуын немесе болмауын растайтын құжат;
5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын өңірлік контенттің шығарылатын газет өнімінің көлемі туралы растау хаты (пайыздық арақатынаста алғанда және газет нөмірлерінің әрбір шығарылымының даналары бар), өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету өңірлік контент болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің, ресімдеудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
4. Интернет-басылымдар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
2) арнайы веб-ресурстан интернет-басылымның мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-басылмында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес , жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуін және мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымша Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымша |
Астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс көрсетуге телеарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
1-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1 адамнан 10 адамға дейін - 1 | |
11 адамнан 20 адамнға дейін - 2 | |||
21 адамнан 30 адамға дейін - 3 | |||
31 адамнан 40 адамға дейін – 4 | |||
41 адам және одан да астам - 5 | |||
2 | Өз өндірісіндегі контенттің хабар таратуының апта сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
3 | Шығарылған аудио өнім | Телесериалдар | 1-ден 3-ке дейін – 1 4 және одан жоғары - 2 |
Деректі фильмдер | 1-ден 3-ке дейін – 1 4 және одан жоғары - 2 | ||
Бағдарламалар | 1-ден 3-ке дейін – 1 4 және одан жоғары - 2 | ||
Бейнероликтер | 1-ден 10-ға дейін – 1 11 және одан жоғары - 2 | ||
4 | Телеарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
5 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 100 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
100 001-ден 300 000-ға дейін жазылушы – 2 | |||
300 001-ден 800 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
800 001-ден 1 000 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
1 000 001 және одан да астам жазылушы – 5 | |||
6 | Өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
7 | Аудиовизуалды өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? | нашар - 0 қанағаттанарлықсыз - 1 қанағаттанарлық – 2 жақсы - 3 өте жақсы - 4 | |
Ескертпе:
2-тармақта өзі өндіретін контенттің апта сайынғы хабар тарату көлемі әртүрлі болса, соңғы екі тоқсандағы орташа арифметикалық мәні есепке алынады.
3-тармақта шығарылған аудиовизуалды өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаса нөл балл беріледі. 3-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
6-тармақта өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мән алынады.
Астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
2-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың аумағында радиоарнаның хабар таратуын аналогтік эфирлік хабар тарату арқылы қамту | 1 % - дан 10 % - ға дейін - 1 | |
11 % - дан 15 % - ға дейін - 2 | |||
16 % - дан 30% - ға дейін - 3 | |||
31 % - дан 40% - ға дейін - 4 | |||
41 % және одан да астам - 5 | |||
2 | Радиоарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
3 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 1 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
1 001 - ден 3 000-ға дейін жазылушы - 2 | |||
3 001-ден 8 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
8 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
10 001 және одан да астам жазылушы - 5 | |||
4 | Шығарылған аудио өнім | Радиобағдарламалар | 1-ден 3-ке дейін – 1 4-тен 6-ға дейін – 2 7-ден 9-ға дейін – 3 10 және одан жоғары - 4 |
Аудиожинглер | 1-ден 3-ке дейін – 1 4-тен 6-ға дейін – 2 7-ден 9-ға дейін – 3 10 және одан жоғары - 4 | ||
5 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 10 адамға дейін - 1 | |
11-ден 15 адамға дейін – 2 | |||
16-дан 20 адамға дейін – 3 | |||
21-ден 30 адамға дейін – 4 | |||
31 және одан да астам адам – 5 | |||
6 | Аудио өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? | нашар - 0 қанағаттанарлықсыз - 1 қанағаттанарлық – 2 жақсы - 3 өте жақсы - 4 | |
Ескертпе:
3-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
4-тармақта шығарылған аудио өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаса нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
Астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау
3-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Газеттің жиынтық апталық таралымы | 1000-нан 3000 данаға дейін - 1 |
3001-ден 10 000 данаға дейін - 2 | ||
10 001-ден 20 000 данаға дейін - 3 | ||
20 001-ден 30 000 данаға дейін – 4 | ||
30 001 дана және одан жоғары - 5 | ||
2 | Газеттің әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 5 000-ға дейін жазылушы - 1 |
5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
10 001-ден 15 000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
15001-ден 20 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
20 001 және одан да астам жазылушы - 5 | ||
3 | Газетті шығару мерзімділігі | аптасына 1 рет - 1 |
аптасына 2 рет - 2 | ||
аптасына 3 рет - 3 | ||
аптасына 4 рет - 4 | ||
аптасына 5 және одан көп- 5 | ||
4 | Журналдың жиынтық апталық таралымы | 100-ден 2 000 данаға дейін - 1 |
2 001-ден 3 000 данаға дейін - 2 | ||
3 001-ден 4000 данаға дейін - 3 | ||
4 001-ден 5000 данаға дейін – 4 | ||
5 001 және одан көп дана - 5 | ||
5* | Мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
6 | Журналдың әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | әлеуметтік желілер жоқ - 0 |
1-ден 300-ға дейін жазылушы - 1 | ||
301-ден 500-ге дейін жазылушы - 2 | ||
501-ден 1000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
1001 және одан да астам жазылушы – 4 | ||
7 | Журналды шығару мерзімділігі | тоқсанына 1 рет - 1 |
2 айда 1 рет - 2 | ||
айына 1 рет - 3 | ||
айына 2 рет - 4 | ||
айына 3 рет - 5 | ||
8* | Мерзімді баспа басылымын есепке қою немесе қайта есепке қою мерзімі | 1 жылдан 3 жылға дейін – 1 |
4 жылдан 6 жылға дейін – 2 | ||
7 жылдан 9 жылға дейін – 3 | ||
10 жылдан 12 жылға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам жыл - 5 | ||
9* | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
10 | Газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | ||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | ||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | ||
51% және одан жоғары - 5 | ||
11* | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? | нашар - 0 қанағаттанарлықсыз - 1 қанағаттанарлық – 2 жақсы - 3 өте жақсы - 4 |
Ескертпе:
* газеттер мен журналдарға қолданылады;
1 және 4-тармақтарда бір ай, тоқсан ішіндегі мерзімді баспа басылымының жиынтық апталық таралымының саны әртүрлі болса, есепке қайсысы ең көп сол алынады;
2 және 6-тармақтарда әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
8-тармақта мерзімді баспа басылымы қайта есепке қойылса, есепке бастапқы есепке қою күні алынады;
10-тармақта газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мәні алынады.
Астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
4-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Кірушілер саны (бірегей пайдаланушылар) | айына 1 - ден 500 000-ге дейін - 1 |
айына 500 001-ден 1 000 000-ға дейін - 2 | ||
айына 1 000 001-ден 2 000 000-ға дейін- 3 | ||
айына 2 000 001-ден 5 000 000-ға дейін – 4 | ||
айына 5 000 001 және одан да астам - 5 | ||
2 | Мобильді қосымшаның болуы немесе болмауы | жоқ-0 |
бар-1 | ||
3 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
4 | Бейне өнім шығарудың техникалық мүмкіндігі | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
5 | Әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 50 000-ға дейін жазылушы – 1 |
50 001-ден 100 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
100 001-ден 200 000-ға дейін жазылушы – 3 | ||
200 001-ден 500 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
500 001 және одан да астам жазылушы – 5 | ||
6 | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? | нашар - 0 қанағаттанарлықсыз - 1 қанағаттанарлық – 2 жақсы - 3 өте жақсы - 4 |
Ескертпе:
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсының саны көп сол алынады.