ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі- Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енетін Тізбенің 2-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
Б. Жакселекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шілдедегі № 668 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Тізілім – авторлардың өтініштері негізінде енгізілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, көрсету нысаны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";
8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің newcab.kazpatent.kz цифрлық жүйесімен интеграцияланған екінші деңгейдегі банктің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады." ;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган "цифрлық үкіметтің" цифрлық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";
1-қосымша осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аккредиттеуді құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – аккредиттеу жөніндегі комиссия) хаттама түрінде рәсімделген шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы мен ережесін көрсетілетін қызметті беруші бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге екі және одан да көп өтініш болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі комиссия оларды бір отырыс шеңберінде қарай алады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген аккредиттеу жөніндегі комиссияның шешімдері бір хаттамамен рәсімделеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті корсетуге негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны белгіленген талаптарға сәйкестендіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды, егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігі қаралғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесінің 9-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына жібереді.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге қол қояды.
Оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес үш жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді.";
2-қосымша осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4.Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтініш
Мен (Біз)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ (автор (лар) дың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
жасаған
________________________________________________________________________________________(объектінің жасалған күні, айы, жылы) ________________________________________________________________________________ деп аталатын жарияланбаған
________________________________________________________________________________ (авторлық құқық объектісінің түрі) жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын (растаймыз) және мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді өтінемін (өтінеміз). Мәліметтердің Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу фактісінің заңды мағынасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорында маған (бізге) түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" |
Мемлекеттік қызметтің қосалқы түрінің атауы (бар болған жағдайда) | жоқ | |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
3. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz , www.qazpatent.kz/. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу бөлігінде көрсетілетін қызметтердің бағаларына (бұдан әрі – бағалар) сәйкес уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.qazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылатын жағдайда ақылы негізде көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін: |
10. | Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. |
| Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы бұйрықтар тізбесіне 3-қосымша |
|
| "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік қызметтің атауы |
|
Мемлекеттік қызметтің қосалқы түрінің атауы (бар болған жағдайда) | жоқ | |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап. |
7. |
| Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда 08.00-ден 17.30-ға дейін,түскі үзіліс – 12.00-ден 13.30-ға дейін. |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілген құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
10. | Қазақстан Республикасының Заңнында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |