Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы адамдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 шілдеде № 39270 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы тұлғалардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32549 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 және "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 49 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38166 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушы
С. Муксимов

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының міндетін
атқарушы
  2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 121 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы адамның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) сенімгерлік басқару – сенімгер басқарушының сенімгерлік басқару шартында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүлкін мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүддесі немесе ол көрсеткен басқа адамның (пайда алушының) мүддесі үшін өз атынан жүзеге асыратын басқару жөніндегі қызметі;

      2) сенімгер басқарушы – тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның таңдауы бойынша кез келген адам.

      3. Мемлекеттiк қызметшi, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенімгерлік басқарушыға берiлетiн құқықтылықтар көлемiн айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметшiнің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам лауазымға орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға береді және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға береді және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, мұрагерлікті қабылдау нәтижесінде немесе соттардың шешімдері негізінде немесе аталған адамдардың еркінен тыс өзге де жағдайларда алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      8. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқару шартын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам сенімгерлік басқару шарты бұзылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде, сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс мүлікті қайтадан сенімгерлік басқаруға береді және аталған мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

      9. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:

      1) сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлді деп жариялағанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;

      2) сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам бас тартқанда;

      3) сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам шартты орындаудан бас тартқанда;

      4) егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

      10. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасалуы туралы кез келген кейiнгi ақпаратты мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам көрсетілген оқиғалар басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынады.

      Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариат куәландырған көшірмесі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) беріледі.

Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 8 июля 2026 года № 121. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2026 года № 39270

      В соответствии с пунктом 7 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 18 мая 2023 года № 116 "Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32549);

      2) пункт 2 приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 13 марта 2026 года № 49 "О внесении изменений в приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 10 сентября 2021 года № 158 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы" и от 18 мая 2023 года № 116 "Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 38166).

      3. Департаменту антикоррупционной политики Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы антикоррупционной политики.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
С. Муксимов

  Утверждены приказом
Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
от 8 июля 2026 года № 121

Правила передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление.

      2. Понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) доверительное управление – деятельность доверительного управляющего по управлению от своего имени имуществом государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, переданным в его владение, пользование и распоряжение, осуществляемая в интересах государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, или другого указанного им лица (выгодоприобретателя) в пределах полномочий, установленных договором доверительного управления;

      2) доверительный управляющий – любое лицо, по выбору государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, осуществляющее доверительное управление имуществом государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, на основании соответствующего договора.

      3. Государственный служащий, лицо, временно исполняющее обязанности, предусмотренные государственной должностью, по своему усмотрению с учетом требований Гражданского кодекса Республики Казахстан определяют объем правомочий, делегируемых доверительному управляющему.

Глава 2. Порядок передачи имущества государственных служащих, лиц, временно исполняющих обязанности, предусмотренные государственной должностью, в доверительное управление

      4. Государственный служащий, лицо, временно исполняющее обязанности, предусмотренные государственной должностью, в течение тридцати календарных дней со дня занятия должности на время прохождения государственной службы передают в доверительное управление принадлежащее им на праве собственности или ином вещном праве имущество, использование которого влечет получение доходов, за исключением денег, облигаций, паев открытых и интервальных паевых инвестиционных фондов, акций коммерческих организаций (простых акций в объеме, не превышающем пяти процентов от общего количества голосующих акций организаций), цифровых активов, законно принадлежащих им, а также имущества, переданного в имущественный наем (аренду) и представляют в указанный срок в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованную копию договора доверительного управления имуществом.

      5. Председатель Национального Банка Республики Казахстан и его заместители, Председатель уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций и его заместители в течение тридцати календарных дней с даты назначения на указанные государственные должности передают в доверительное управление и представляют в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованную копию договора доверительного управления принадлежащими им паями инвестиционных фондов, облигациями и акциями коммерческих организаций.

      6. В случае возникновения права собственности или иного вещного права на имущество, использование которого влечет получение доходов, за исключением паев открытых и интервальных паевых инвестиционных фондов, облигаций, акций коммерческих организаций (простых акций в объеме, не превышающем пяти процентов от общего количества голосующих акций организаций), цифровых активов, приобретенных в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, государственный служащий, лицо, временно исполняющее обязанности, предусмотренные государственной должностью, передают его в доверительное управление в течение тридцати календарных дней со дня возникновения права собственности или иного вещного права в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, и представляют в указанный срок в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованную копию договора доверительного управления имуществом.

      7. Председатель Национального Банка Республики Казахстан и его заместители, Председатель уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций и его заместители, передают принадлежащие им паи инвестиционных фондов, облигации, акции коммерческих организаций, полученные в результате принятия наследства или на основании решений судов или в иных случаях, не зависящих от воли указанных лиц, в доверительное управление в течение тридцати календарных дней со дня возникновения права собственности или иного вещного права в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, и представляют в указанный срок в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованную копию договора доверительного управления имуществом.

      8. В случае расторжения договора доверительного управления имуществом одной из сторон, государственный служащий, лицо, временно исполняющее обязанности, предусмотренные государственной должностью, в течение тридцати календарных дней после расторжения договора вновь передают в доверительное управление имущество, подлежащее передаче в доверительное управление, и представляют в указанный срок в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованную копию договора доверительного управления имуществом.

      9. Договор доверительного управления имуществом, наряду с общими основаниями прекращения обязательств, прекращается:

      1) смертью гражданина – доверительного управляющего, объявления его умершим, признанием его недееспособным или ограниченно дееспособным, безвестно отсутствующим; ликвидацией юридического лица – доверительного управляющего;

      2) отказом доверительного управляющего, государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, в связи с невозможностью для доверительного управляющего лично осуществлять управление доверенным имуществом;

      3) отказом государственного служащего, лица, временно исполняющего обязанности, предусмотренные государственной должностью, от исполнения договора, при условии выплаты доверительному управляющему убытков и вознаграждения, если оно предусматривалось договором;

      4) отказом доверительного управляющего в случае несообщения ему о передаче в управление обремененного залогом имущества с выплатой ему вознаграждения, если оно предусматривалось договором.

      10. Любая последующая информация о прекращении действия договора доверительного управления имуществом или его перезаключении представляется государственным служащим, лицом, временно исполняющим обязанности, предусмотренные государственной должностью, в службу управления персоналом (кадровую службу) государственного органа по месту работы в течение тридцати календарных дней после наступления указанных событий.

      При перезаключении договора доверительного управления имуществом его нотариально засвидетельствованная копия предоставляется в службу управления персоналом (кадровую службу) государственного органа по месту работы в порядке, установленном настоящими Правилами.