БҰЙЫРАМЫН:
1. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 шілдедегі № 326 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33205 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже бекітілсін.";
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ұйымдар) басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұйымның басшы жұмыскерінің айлық лауазымдық жалақысының мөлшері Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жылдық сыйлықақының мөлшері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар болып табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің әрбір басшы жұмыскерінің қызметін бағалаудың жеке тәсілі негізінде айқындалады және олардың даму жоспары орындалуының сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты болады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, сыйлықақы беру, оның ішінде жылдық сыйлықақы төлеу шарттары көрсетілген мәселелерді қарау құзыретіне жатқызылған заңды тұлға органының шешімімен айқындалады.
Ұйымның басшы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде заңды тұлғаның тиісті органы осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |