ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында:
2-тармақтың 23-1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"23-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның цифрлық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның цифрлық жүйесі;";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жылу энергиясын есепке алу аспаптары деректерді уәкілетті органның цифрлық жүйесіне одан әрі бере отырып, жылумен жабдықтау субъектісінің серверіне автоматты режимде көрсеткіштерді беру құрылғыларымен жобаланады және орнатылады.";
54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"54. Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері уәкілетті органның цифрлық жүйесімен жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қол жеткізуді ұсынады және интеграциялайды.";
55-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"55. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын субъектілерді ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі