БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 276 Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32596 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларында:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына АӘҚКО-ның басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, АӘҚКО-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.";
көрсетілген Қағидаларға 2, 5, 6 және 7-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32744 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тиісті саласының уәкілетті органдары.".
3. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Мемлекеттік сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 50 (елу) адамы бар астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда стационарлы, жартылай стационарлы үлгідегі қызмет пен үйде қызмет көрсету жағдайында қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 25 (жиырма бес) адамы бар аудандық маңызы бар қалаларда, елді мекендерде, аудандық аймақтарда, ауыл округтерінде ашылады.
Сонымен қатар үйде қызмет көрсету ұйымдары бір-бірінен 5 (бес) шақырымнан астам қашықтықта құрылады.";
2-2-тармақтың екінші бөлігіне мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар мемлекеттік секторда астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда халық саны 100 000 (жүз мың) адамнан жоғары болған кезде құрылады. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес, елді мекендерде, аудандарда және ауыл округтерінде халық саны 50 000 (елу мың) және одан жоғары адам болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға болады.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.";
4-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес стационарлық үлгідегі ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
13-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
24-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес үйде қызмет көрсету ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
29-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес уақытша болу ұйымы ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Уақытша болу ұйымдарына кәмелетке толған қызмет алушыларды, оның ішінде түрлі себептер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылып қалған, сондай-ақ адам саудасының құрбаны және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген адамдарды қабылдайды.".
4. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32920 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін субъектілерді қаржыландыру үшін облыстық бюджеттердің (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қалыптастырады.".
5. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
15-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қызметтерді алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған, ол куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталған кезде.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
көрсетілген Стандартқа 1-1 қосымшада:
2-нысанда:
2 бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
2) | Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе зардап шегушіні қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу |
| ". |
6. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34501 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялау – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандарың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар (бұдан әрі – ротация).";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ротация жөніндегі комиссия – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандарың, облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының актісімен құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).";
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті орган – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандарың, облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия кемінде 5 (бес) адамнан, оның ішінде Комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұрады. Комиссия құрамына уәкілетті органның, ұйымның, әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандарың, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктердің қоғамдық кеңесінің өкілдері кіреді.";
көрсетілген Қағидалардың қосымшасында:
реттік нөмірлері 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
| ". |
7. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35569 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.".
9. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №38653 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінде:
көрсетілген Тізбеге 12-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган |
".
10. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, АӘҚКО тұратын адамға қорғаншы ауысқан кезде "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы мәліметі бойынша бірінші басшы туралы мәліметтер негізінде көрсетілетін қызметті беруші "Е-Собес" АЦЖ-да өзгерістер енгізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Аудандардың. облыстық маңызы бар қалалардың, астананының және республикалық маңызы бар қалалардың, әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
| ". |
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағын және 20-бабын басшылыққа ала отырып астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
______________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефон: ____________________________________________
Алды: ____________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
20__ жылғы "___" _________
Дәлелді бас тарту
_________________________________________________________________________
(астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның және облыстық маңызы
бар қаланың) халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган), Сіздің
________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет
қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен
зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың
шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
____________________________________________________________________
(Бас тарту негіздемесі).
Басшы ___________________________________________________________
(ұйымның атауы)
_____________________________________ ____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
| Тізбеге 3-қосымша "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағын және 20-бабын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
______________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефон: ____________________________________________
Алды: ____________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
20__ жылғы "___" _________
| Тізбеге 4-қосымша "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Дәлелді бас тарту
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________
(астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган), сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
___________________________________________________________________
(Бас тартудың негіздемесі).
Басшы (ұйымның атауы) ______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны