БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20668 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.";
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкіметтің" инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифраландыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;";
"3) Бiрыңғай байланыс орталығы – уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz; не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.";
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері, білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;";
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;";
15- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті беруші Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап көрсетілген Қағидалардың 5-тармағы, 10-тармақтың 4) тармақшасы, 11-тармақтың 3) тармақшасы, 15-тармағы, 16-тармақтың екінші бөлігі, 17-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz; не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.";
"4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері, білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, цифрлық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;";
"3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, цифрлық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;";
"15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
"Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкіметтің" операторы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";
"Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ш. Акпарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Оқу-ағарту министрінің | |
| міндетін атқарушы | |
| 2026 жылғы 26 маусымдағы | |
| № 178-НҚ | |
| Бұйрығына 1 - қосымша | |
| "Бастауыш, негізгі орта, | |
| жалпы орта, техникалық | |
| және кәсіптік, орта білімнен | |
| кейінгі білім беру ұйымдарынан | |
| шығатын ресми құжаттарды | |
| апостильдеу" мемлекеттік | |
| қызмет көрсету | |
| қағидаларына | |
| 1- қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" | |||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ | |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері. | |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. | |
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету |
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні; | |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) | |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса)көрсету нәтижесі |
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" алу орнын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберу; | |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. | |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Қызмет көрсетушінің жұмыс режимі: қызмет көрсетуші дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс істейді. | |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: | |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: | |
11 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. | |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарынан шығатын ресми
құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің негізгі
талаптар тізбесіне
1-қосымша
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту | |
| министрлігі Білім саласында сапаны | |
| қамтамасыз ету комитетінің Білім | |
| саласында сапаны қамтамасыз ету | |
| департаментінің басшысына | |
| кімнен (тегі, аты, әкесінің аты | |
| (ол болған жағдайда) көрсетіледі) | |
| ________________________________ | |
| мекенжайы ______________________ | |
| байланыс телефоны | |
| ________________________________ | |
| ұйымның телефоны/факсы | |
| жұмыс немесе оқу орны/ |
ӨТІНІШ
Сізден ____________________________________
еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін сызыңыз):
1) табель;
2) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі");
3) колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік) бітіргені туралы диплом;
4) Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама;
5) басқалар
Мынадай құжаттар тапсырылды:
1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;
3) төлем туралы түбіртек.
Күні ___________________
Өтініш беруші___________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20______жылғы "____" ________
_____________________________ (қолы)
| "Бастауыш, негізгі орта, жалпы | |
| орта, техникалық және кәсіптік, орта | |
| білімнен кейінгі білім беру | |
| ұйымдарынан шығатын ресми | |
| құжаттарды апостильдеу" | |
| мемлекеттік көрсетілетін | |
| қызметтің негізгі талаптар | |
| тізбесіне 2-қосымша | |
| ____________________________ | |
| ____________________________ | |
| (көрсетілетін қызметті | |
| алушының тегі, аты, әкесінің | |
| аты (ол болған жағдайда) | |
| (бұдан әрі - ТАӘ) немесе | |
| ұйымның атауы) | |
| ____________________________ | |
| ____________________________ | |
| (көрсетілетін қызметті | |
| алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______ бөлімі _____________________ (мекенжайын көрсету)
Сіздің "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________;
2) __________________________________________;
3) __________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
_____________________________________________
_____________________________________________
ТАӘ (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)
| Бұйрығына 2 – қосымша | |
| "Бастауыш, негізгі орта, жалпы | |
| орта, техникалық және кәсіптік, | |
| орта білімнен кейінгі білім беру | |
| ұйымдарынан шығатын ресми | |
| құжаттарды апостильдеу" | |
| мемлекеттік | |
| қызмет көрсету қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесі
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету |
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса)көрсету нәтижесі | Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" алу орнын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберу; "апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште беру. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушіде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
11 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
| "Бастауыш, негізгі орта, жалпы | |
| орта, техникалық және кәсіптік, | |
| орта білімнен кейінгі білім беру | |
| ұйымдарынан шығатын ресми | |
| құжаттарды апостильдеу" | |
| мемлекеттік | |
| көрсетілетін қызметтің негізгі | |
| талаптар тізбесіне | |
| 1-қосымша | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Оқу-ағарту министрлігі Білім | |
| саласында сапаны қамтамасыз | |
| ету комитетінің Білім саласында | |
| сапаны қамтамасыз ету департаментінің | |
| басшысына кімнен | |
| (тегі, аты, әкесінің аты | |
| (ол болған жағдайда) | |
| көрсетіледі) _____________ | |
| мекенжайы | |
| ________________________ | |
| байланыс телефоны | |
| ______________________ | |
| ұйымның телефоны/факсы | |
| жұмыс немесе оқу орны/ |
ӨТІНІШ
Сізден ____________________________________
еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін сызыңыз):
1) табель;
2) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі");
3) колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік) бітіргені туралы диплом;
4) Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама;
5) басқалар
Мынадай құжаттар тапсырылды:
1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;
3) төлем туралы түбіртек.
Күні ___________________
Өтініш беруші___________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20______жылғы "____"________
_____________________________ (қолы)
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарынан шығатын ресми
құжаттарды апостильдеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің негізгі талаптар
тізбесіне 2-қосымша
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______ бөлімі ______________________________ (мекенжайын көрсету)
Сіздің "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________;
2) __________________________________________;
3) __________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
_____________________________________________
_____________________________________________
ТАӘ (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)