"Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 436 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 174-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18239 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бейнебақылау жүйесі жұмысты автоматтандырылған режимде қамтамасыз етеді және Жедел басқару орталықтарының цифрлық жүйелеріне қосылуды, не бейнені аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беру мүмкіндігін көздейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
__________Ж. Сулейменова
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
__________Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

О внесении изменения в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 49 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 32 "Об утверждении Стандартов и требований к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения"

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 июня 2026 года № 436 и Министра просвещения Республики Казахстан от 23 июня 2026 года № 174-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 июня 2026 года № 39089

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. В совместном приказе Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 49 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 32 "Об утверждении Стандартов и требований к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18239) внести следующее изменение:

      в стандартах и требованиях к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Система видеонаблюдения обеспечивает работу в автоматизированном режиме и предусматривает возможность подключения к цифровым подсистемам Центров оперативного управления, либо передачу видеоизображения в дежурные части территориальных органов полиции.".

      2. Департаменту цифровизации и искусственного интеллекта Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
__________ Ж. Сулейменова
      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________ Е. Саденов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан