ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы цифрлық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – цифрлық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен цифрлық объектілерінің қызмет көрсетудің жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде бас тартады.";
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңның 23-бабы 2-тармағына сәйкес осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкiмет" операторына жібереді.
10. ДСН-кодтарын цифрлық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.";
1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес редакцияда баяндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1 тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін белгілеу, осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын мынадай редакцияда қолданылады:
"6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің қызмет көрсетудің жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
9. Заңның 23-бабы 2-тармағына сәйкес осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкiмет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 426 бұйрығына 1 қосымша |
|
| Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша форма |
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
| ___________________ бойынша (облысы/қаласы) Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына ____________________________ 20___ жылғы "__"___________ |
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
№ | Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім) | Мұнай өнімінің атауы | Техникалық сипаттама (Мемлекеттік стандарт, Техникалық шарттар) | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
2 | ||||
Басшы ________________________________ |
______________ | |||
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 426 бұйрығына 2 қосымша |
|
| Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша |
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Цифрлық үкімет" Мемлекеттік корпорациясы"коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексі 104-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде) |