ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.09.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) цифрлық технологиялар – цифрлық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;";
9-тармақтың 8) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Грант алушы "Цифрлық технологиялар" басым бағыты бойынша грант алған және грантты игеру мерзімі ішінде тәжірибесін кеңейткен кезде Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне іріктеуден өтуі тиіс.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:
мына:
"
Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
";
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, цифрлық технологиялар |
".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі