БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.
Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.
Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.
Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.
Мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі болған және жазасын өтеудің жеңілдетілген жағдайындағы сотталғандарға жатын орынды күн тәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға жол беріледі.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Сотталғандарға тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату үшін мекемелерде демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс істейтін дүкендер ұйымдастырылады. Дүкендермен қатар мекемеде күн сайын жұмыс істейтін электронды сауда алаңдары ұйымдастырылады. Сотталғандар күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (жасақ, бригада және камералар бойынша) ескере отырып, қолма-қол ақша төлемсiз осы мекеме жанындағы дүкендердің, сондай-ақ электрондық сауда алаңының қызметін пайдалана алады.
Мекеме жанындағы дүкендерде, сондай-ақ электрондық сауда алаңында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн Заттар мен нәрселердің тiзбесiмен (бұдан әрі - Тізбе) рұқсат етілген барлық тауарлардың, заттар мен нәрселердің түр-түрінің болуы көзделеді.
Міндетті түрде жазбаша түрде рәсімделіп және сотталғандардың назарына жеткізіле отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарда көзделген жағдайларда ғана қосымша шектеулер белгілеуге жол беріледі.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер олардың ішіндегілерінің тізбесі мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 36 қбпү бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14922 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.
Бір сауқат пен сәлемдеменің ең жоғарғы салмағы 20 килограмнан аспайды.";
3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) атыс және суық қаруды, жарылыс қаупі бар және жарылғыш заттарды, есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттектерді сатып алуға, сақтауға, сондай-ақ оны пайдалануға;";
8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) мобильді байланыс құралдарын, компьютерлік жабдықтарды, сондай-ақ аудио-, фото- және бейнежазба функциялары бар құралдарды (диктофон, фотоаппарат, бейнекамера) мекеме аумағына әкелуге, сақтауға және пайдалануға;";
9)-тармақшасы мынадай редакцияда толықтырылсын:
"9) әкімшіліктің бақылауымен өткізілетін білім беру және мәдени іс-шараларды қоспағанда, мекеме аумағында Интернет желісін пайдалануға жол берілмейді.
Қолда бар құралдары мен осы тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген құралдары мекеме аумағына кірген кезде бақылау-өткізу пунктінде орналасқан арнайы жабдықталған құлыптанатын ұяшықтарда сақтауға тапсырылады.";
159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"159. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандарда осы мекеменiң мөрiмен расталған, сотталғанның жеке басын куәландыратын мекеме әкімшілігінен суреті бар анықтамасы болады. Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің аумағынан тыс жерде тұратын сотталғандарға осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетiлген анықтама берiледi. Берілген анықтамаларды сотталғандар үнемі өздерімен бірге ұстайды.
Сотталғандар тұратын жерiнiң мекенжайы өзгергенi туралы уақтылы қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің әкімшілігіне хабарлайды.
Сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке істерінде сақталады.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша, оқуына байланысты, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, мекемеге iргелес жатқан аумақтың шекарасы шегiнде айына төрт рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға құқығы бар.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қажет болса, мекемеге iргелес аумақтың шекарасы шегiнде айына бір рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға құқығы бар.
Бұл ретте мекемеге іргелес аумақтың шекарасы шегінде қадағалаусыз жүріп-тұруды ұсыну туралы өтініштерді сотталғандар электрондық өтініштер беру үшін терминал арқылы береді.";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға ҚАК-тың 143-бабы төртінші бөлігінде санамаланғаннан басқа:
1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесуге. Бұл ретте сотталғандар электрондық өтініштер беру үшін терминал арқылы кездесу беру туралы өтініштерді береді;
2) мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өзінің жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен бірге тұруға жол беріледі. Бұл ретте, олар айына төрт рет мекемеге тіркеу үшін келіп тұрады, оның жиілігі мекеме бастығы бекіткен кестемен белгіленеді және сағат 21-00-ден 07-00 дейін тұрғылықты жерінде болады. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, мекеме әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ қадағалаушы прокурорлар сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытта келеді.";
Осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 19 маусымдағы № 431 бұйрығына қосымша |
|
| Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан |
Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесі
1. темекi бұйымдары, сіріңке, қолшамы және өзге де бейімделген құралдары жоқ оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);
2. белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);
3. бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;
4. жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант), шыны ыдыста емес және спирттік негізде емес иіс су;
5. үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, жеке гигиеналық құралдар (гигиеналық төсемдер, тампондар), резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);
6. жасақ бастықтарының есебінде, толық қауіпсіздік мекемесінде сақталатын бекет бақылаушысы есебінде сақталатын электр не механикалық ұстара, шаш күту техникалар (шаш кептіргіш, шаш бұйралағыш үтік, шаш түзегіш үтік) қауіпсіз ұстара (бір рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;
7. етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;
8. көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;
9. алюминий немесе тамақ өнімдеріне арналған пластикалық негіздегі ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар, олар жасақтың тамақтану бөлмелерінде сақталады;
10. үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард, тоғыз құмалақ);
11. оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;
12. кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;
13. соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;
14. бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;
15. балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);
16. телефонның Smаrt-карталары, банктік төлем карталары;
17. жеке заттарды сақтайтын бөлмелерде сақталатын киім-кешек қабы немесе сөмке;
18. мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;
19. бала күтіміне арналған заттар, бала жөргектері (өздерімен бірге 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге дәрігердің рұқсатымен);
20. жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғи шырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;
21. бір адамға 0,5 литр есебінен өсімдік май және кемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май;
22. өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер;
23. өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқамайы, ірімшік;
24. өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 2 банка есебінен консервіленген ботқа, ет және өсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;
25. нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;
26. тұздықтар, майонез, бал;
27. ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражат есебінен алынған (құрамында порнографиялық материалдар жоқ) газеттер мен журналдар.
Ескертпе:
Көрсетiлген тiзбе мекемелер жанындағы дүкендерден және электронды сауда алаңыдарынан қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;
Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.
Оларды сотталғандар өздерімен бірге тұратын үй-жайда (камерада) сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың санын жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге байланысты мекеме бастығы орнатады. Сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 40 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауы тиіс.
Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түпкілікті болып табылады.
Еңбекке тартылған сотталғандарға жұмыс орнында өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті қосымша құралдар мен материалдар тізбесіне енгізілген қосымша құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті қосымша құралдар мен материалдардың тізбесі мекеме әкімшілігімен бекітіледі және міндетті түрде есепке алынады. Қолжетімділік беру негіздері көрсетіле отырып, жазбаша шешіммен рәсімделеді.
Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптарын сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күн тәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.
Жалпы пайдаланудағы айналар монша үй-жайында және жасақтар мен камералардың жуынатын бөлмелерінде орнатылады (ТИ мен ЖАК-ден басқа).
Көрсетілген тізбеде көзделген шектеулер қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарына қолданылмайды, бұл ретте сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімнің және қоймадағы тауарларды қоса алғанда, басқа да өнеркәсіп тауарларының жалпы салмағы 40 кг-нан аспауы тиіс.