ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
5) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған цифрлық инфрақұрылым, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
6) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналастырылған, СМЦЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге тексеру одақтарының шығындарын субсидиялау жөніндегі жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталында орналастырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Субсидияларды алу шарттары мыналар болып табылады:
1) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Жергілікті атқарушы орган Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне субсидиялар алу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы мен СМЦЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының цифрлық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
2) СМЦЖ-да өтінімнің тіркелуі;
3) СМЦЖ-да жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді СМЦЖ-да тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;
4) СМЦЖ мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (кооперативтерінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төлеудің болмауы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМЦЖ-да іркіліс болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган туындаған жағдай туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМЦЖ-ға орналастырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділікті беру үшін:
1) тексеру одағында СМЦЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ы болады;
2) жергілікті атқарушы орган жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) СМЦЖ осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен СМЦЖ-да тіркеледі және жергілікті атқарушы органның Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жергілікті атқарушы органның электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Тексеру одағы жергілікті атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, тексеру одағы қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жергілікті атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталында "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде қалыптастырады.
Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.";
14-1-тармақ алып тасталсын;
Қағидаларға 2-қосымша бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының екінші, төртінші, алтыншы және қырық екінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы – жоқ.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Субсидияларды аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңдарда көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының шығындарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидия алуға арналған өтінімді ұсынады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |