ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан – әрі Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының екінші және бесінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының екінші, бесінші, жетінші және оныншы абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының екінші және бесінші абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының екінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, Тізбенің 6-тармағының екінші абзацын, Тізбенің 7-тармағының екінші, төртінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 22 маусымдағы № 249 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 39) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 39) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) оператор – мемлекеттік цифрлық жүйені сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дерекқордың жұмыс істеуі тиісті мемлекеттік цифрлық жүйе, мемлекеттік цифрлық жүйенің (бұдан әрі – цифрлық жүйе) мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Дерекқорға қолжетімділікті оператор Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына (бұдан әрі – цифрлық заңнама) сәйкес:";
7-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі жасау немесе бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын цифрлық объектілерімен жұмысына кедергі жасау түрінде жасалған дерекқорды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуға;
6) азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қол жеткізуге шектеу қойылған мәліметтерді қамтитын электрондық цифрлық ресурстарды немесе оларды меншік иесінің немесе иеленушісінің заңсыз таратуына;";
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Дерекқордағы құпия ақпаратқа қол жеткізу цифрлық заңнамаға сәйкес реттеледі.
18. Мәліметтерді басқа цифрлық жүйелерден дерекқорға беру немесе керісінше жасау цифрлық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Оператор дерекқорды ауыл шаруашылығы жануарларын олардың ауыртпалығы (кепілі) туралы тіркеуді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялауды жүргізеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге не портал арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" мемлекеттік цифрлық жүйелерінен алады.
Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы цифрлық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2, 33-3 және 33-4-тармақтармен толықтырылсын:
"33-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
33-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
33-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 33-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 33-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
33-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша факті сот тәртібімен анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші сот шешімі негізінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады.
Сот шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруге (түзетуге) арналған дерекқор функционалына қолжетімділікті цифрлық заңнамаға сәйкес ведомство ұсынады.
36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының осы Тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбеде көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
8-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
8-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
8-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларында:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ветеринариялық ұйым өңделген деректер негізінде:
1) алынған деректердің талдауын және бағалауын жүргізеді, жануарлардың аурулары бойынша эпизоотиялық жай-күйі өзгерістерінің арасында себеп-салдарлық байланысты анықтайды;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде байқалатын құбылыстар динамикасының болжамдарын жасайды және тиісті цифрлық ресурсты жүргізеді;
3) сол немесе өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде, шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлардың эпизоотиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жануарлар аурулары қоздырғыштарының таралу факторларының алдын алу, жою немесе азайту мәселелері бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
4) ұзақ мерзімді бақылау деректері жүйеленген эпизоотиялық мониторинг деректерін, сондай-ақ жануарлардың эпизоотиялық саламаттылығы жай-күйінің өзгеруінің сипаты мен байланыстарын анықтау үшін бағдарламалық-технологиялық және техникалық құралдар кешенімен қамтамасыз етілген статистикалық тіркелімдерге жинақталған нормативтік-анықтамалық материалдарды қамтитын цифрлық ресурсқа мәліметтер енгізеді.
9. Ветеринариялық ұйым есептер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрінде ресімделетін эпизоотиялық мониторинг нәтижелеріне талдауды қағаз жеткізгіште және ақпаратты жинайтын, өңдейтін және сақтайтын цифрлық жүйені пайдалана отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті органға эпизоотиялық мониторингті жүргізудің есепті жылдан кейінгі 15 ақпанға дейін береді.".
4. "Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-6) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-6) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін, сондай-ақ "Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
8-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
8-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
8-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-15) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-15) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жеке кабинет – пайдаланушының ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталында орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталындағы автоматтандырылған жұмыс орны;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) не портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішті немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеуге арналған өтінішті жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру (отандық өндірушілер үшін) жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы цифрлық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініштің көшірмесінде оны қабылдаған қызметкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, күні, уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгештегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жеке кабинетте мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініштен алынған деректерді (мәліметтерді) "е-Аgriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – цифрлық жүйе) енгізеді, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қабылдайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен ветеринариялық препараттар мен азықтық қоспалар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізіліміне және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азықтық қоспаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тіркеу куәлігі цифрлық жүйеде ресімделеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жеке кабинетке жіберіледі не басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылады, мөрмен расталады және кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.";
7-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту цифрлық жүйеде ресімделеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жеке кабинетке жіберіледі не басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылады, мөрмен расталады және кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 7-2, 7-3, 7-4 және 7-5-тармақтармен толықтырылсын:
"7-2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
7-3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
7-4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 7-3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 7-3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
7-5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларында:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген мәліметтерге талдау жүргізеді және есептер, кестелер түрінде ресімделетін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингінің нәтижелеріне талдауды қағаз жеткізгіштерде және ақпаратты жинайтын, өңдейтін және сақтайтын цифрлық жүйені пайдалана отырып ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін береді.".
7. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38-2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38-2) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жеке кабинет – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" веб-порталында орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;";
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
8-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
8-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 8-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
8-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл министрінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30428 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау рұқсат беру жүйесінің, мемлекеттік бақылаудың, есептік құжаттаманың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарамағындағы цифрлық жүйелердің деректері, сондай-ақ ашық көздерден алынған деректер бойынша жүзеге асырылады.".
9. "Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 391 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30759 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Жұмыс коллекцияларындағы микроорганизмдер штамдарын қозғалысын есепке алу туралы деректерді ветеринария саласындағы уәкілетті орган жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты алған кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйеге енгізеді.".
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных
________ күнге /на дату______
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы/Наименование области, города республиканского значения, столицы | ||||||||||
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы/Наименование района (города областного значения) | ||||||||||
Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы/Наименование города районного значения, поселка, села, сельского округа | ||||||||||
Мал иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі заңды тұлғаның атауы/фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца или наименование юридического лица, которому принадлежат сельскохозяйственные животные: | ||||||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер) | ||||||||||
№ | Жануарлардың жеке нөмірі/индивидуальный номер животных | Мәліметтердің атаулары/Наименование сведений |
Мәліметтер | Диагностикалық іс-шаралар/ Диагностические мероприятия | Вакциналау/ Вакцинация | |||||
Зерттеу түрі/Вид исследования | Зерттеу күні/Дата исследования | Аурудың атауы/Наименование болезни | Зерттеу нәтижесі/Результата исследования | Иммундеу күні/Дата иммунизации | Аурудың атауы/Наименование болезни | |||||
Жануардың түрі/Вид животного | ||||||||||
Туылған күні/Дата рождения | ||||||||||
Жануардың жынысы/ | ||||||||||
Тұқымы/ | ||||||||||
Егер асыл тұқымды жануар болса/Если племенное животное | ||||||||||
Ата-енесі туралы деректер/ | ||||||||||
Есепке қою күні және себебі/Дата и причина постановки на учет | ||||||||||
Есептен шығару күні және себебі/Дата и причина снятия с учета | ||||||||||
Импортталған/ Импортировано | ||||||||||
Кепілде тұр/ Находится в залоге | ||||||||||
Бірдейлендіру әдісі/ Метод идентификации | ||||||||||
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз www.egov.kz сайтында, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на www.egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

Аталған құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізу туралы үзінді-көшірме бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 22-тармағында көрсетілген бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру үшін: |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізілді:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес дерекқордағы мәліметтерді түзетудің (өзгертудің) атауын көрсету)
№ | Өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтініш берген сәтте дерекқорға (да) енгізілген (қолда бар) мәліметтер | Дерекқорға (да) енгізілген (қолда бар) мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізілген туралы мәліметтер | Дерекқорға (да) енгізілген (қолда бар) мәліметтерді өзектендіру (түзету) күні (20__ жылғы "__" _____) |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе
"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –2 (екі) жылға дейін. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттама не уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Ақылы. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10287 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау кезінде жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған, құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. |
"Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) тіркеу куәлігін беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тіркеу куәлігі, тіркеу куәлігінің телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Тіркеу куәлігін алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу куәлігін алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің: www.gov.kz, интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Процессингтік орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тіркеуден өткені туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лазерлік станцияларды тіркеу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414, 8 800 080 7777. |

