ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"16) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
17) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);";
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шетел азаматының мәртебесі туралы;";
22) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді.";
17-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен асуы;";
көрсетілген Қағидаларға 4, 5, 6-қосымшаларының орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндері өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;";
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38809 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесінде:
көрсетілген Тізбеге 82-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 19 маусымдағы № 257 бұйрығына 1-қосымша |
|
| Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
Код ________________________________________
Облыс (қала) ________________________________
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім ______________ (ауданы/қала) бойынша 20__ жылғы ___ __________ № _____
Отбасы ісін тіркеу № ________________________________________________
Өтініштің күні/нөмірі _______________________________________________
Өтініш беруші
__________________________________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жүгінген күні 20 __ жылғы "___" _____________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
Өтініш берушінің тұрғылықты жері
___________________________________________________________________
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға есептер:
Отбасындағы адамдардың саны: ______ ______ жылғы ____ тоқсандағы
отбасының табысы
1.____________________________ теңге
2.__________ _______________ теңге
3.____ ______ _______________ теңге
Отбасының тоқсандағы жалпы табысы __________ теңге
Отбасының орташа айлық табысы: _________ теңге
Айлар бойынша АӘК тағайындау:
Р/с № | Айы | Бір адамға мөлшері | Жалпы тағайындалды | |
Адам | Сомасы | |||
____________________________________________________________________
бастап 20 __ жылғы "___" _________ дейін сомасы ________ теңге cомасында
тағайындалады. (шартты/шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға қоса алғанда ай сайынғы қосымша
төлем тағайындалсын
Баланың А.Ә.Т. | ЖСН | Ай бойынша төлем сомасы, теңге | Барлығы тоқсанға тағайындалды, теңге | ||
1-ші ай | 2-ші ай | 3-ші ай | |||
сомасында _________________ теңге.
2. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту 20 __ жылғы "___" ___________
бастап 20__ жылғы "__"_____ дейін өзгертілсін және _______ теңге сомасында
белгіленсін.
(шартты/шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын)
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(негіздеме)
3. _____________________ атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқтата тұру
(шартты / шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын)
20__ ж. ______________________________ (негіз)
4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды (шартты/шартсыз ақшалай
көмек – керегі жазылсын) тоқтату
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(негіздеме)
5. Атаулы әлеуметтік тағайындаудан бас тарту (шартты / шартсыз ақшалай
көмек – қажеті жазылсын) көмек
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ (негіз)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің маманы
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Шешім жобасы дайындалған:
Аудандық / қалалық Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы)
Директоры
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) құрылымдық
бөлімінің бастығы
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) маманы
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Нысан
"Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Портал, мансап орталығына жүгінген кезде – мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні |
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні | ||
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні | ||
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады | ||
мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут | ||
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде/проактивті |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін жазбаша нысанда мансап орталығы немесе әкім арқылы, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу жолымен хабардар ету. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзілісті ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру. |
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). | ||
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мансап орталығына мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне (бұдан әрі – цифрлық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады: |
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін); | ||
2) қандас мәртебесі туралы; | ||
3) босқын мәртебесі туралы; | ||
4) шетел азаматының мәртебесі туралы; | ||
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; | ||
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; | ||
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; | ||
8) мүгедектікті белгілеу туралы; | ||
9) баланың тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы (барлық балаларға); | ||
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; | ||
11) бала асырап алу туралы; | ||
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; | ||
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; | ||
14) кірістер туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); | ||
15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы; | ||
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; | ||
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; | ||
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); | ||
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; | ||
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы; | ||
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; | ||
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; | ||
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; | ||
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы; | ||
25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы. | ||
Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе мансап орталығы тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. | ||
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы. | ||
Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі. | ||
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. | ||
Порталға: | ||
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде: | ||
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға: |
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен асуы; | ||
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы; | ||
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы; | ||
4) Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы; | ||
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде; | ||
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады. | ||
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. | ||
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. | ||
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |