БҰЙЫРАМЫН:
1. "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-тармақтың 6) және 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
7) органикалық қалдықтардан биогаз және өзге отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында қалдықтарды термиялық өңдеу процесі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату деп түсініледі.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйелерінен қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарда цифрлық форматта нақты уақыт режимінде ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсету (орындау) сапасын растауға арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылым не өзге де цифрлық құрал болуын қамтамасыз етеді.";
26-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға енгізу қатты тұрмыстық қалдықтарды қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қалдықтарды жинау, жеткізу және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жекелеген шарттарды жасасуға негіз болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"Республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) астананың бір немесе бірнеше қызмет көрсетілетін аумағы бойынша айқындалған конкурс (тендер) жеңімпазы мұндай қалдықтарды ҚТҚ сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.
ҚТҚ сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтарды қалпына келтіруге жібереді, ал қалған қалдықтарды осы Кодекстің талаптарына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілеріне және (немесе) ҚТҚ көму полигондарына жібереді.
ҚТҚ көму полигонына қалдықтарды тікелей шығару ҚТҚ сұрыптауды және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған немесе осы елді мекенде мұндай субъектілердің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған жағдайда жүзеге асырылады, осы Кодекстің 351-бабында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда.";
мынадай мазмұндағы 45-тармақпен толықтырылсын:
"45. Аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін салу үшін жер учаскесін бөлуді;
2) шығару көздеріне жақындық принципін орындауды;
3) міндетті сұрыптауды және иерархия принципін сақтауды есепке ала отырып қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерге жеткізуді қамтамасыз етеді.";
Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының қосымшасы мынадай мазмұндағы 3.1.16-тармақпен толықтырылсын:
"3.1.16. ҚТҚ орталықтандырылған жинау жүйелерінен жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсету (орындалу) сапасын нақты уақыт режимінде цифрлық форматта растауға арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға немесе өзге де цифрлық құралға жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді және ҚТҚ шығаруға арналған шарттың орындалуына байланысты ақпарат шегінде, коммерциялық құпияны жарияламай жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі