ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 5-тармағының он бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 17 маусымдағы № 67 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;";
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ошақтық қорытынды дезинфекциялау мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта білім беру, жабық үлгідегі негізгі орта білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында науқасты ұжымнан оқшаулағаннан кейін, үй ошақтарында стационарға оқшаулағаннан кейін жүргізіледі;";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде инвазивті әдістердің, оның ішінде:
1) сүйек кемігіне биопсия (трепанобиопсия), сүйек кемігіне аспирация (стернальды пункция) жүргізу барысында, ісік жасушаларын анықтау үшін сүйек кемігін зерттеу әдістері кезінде көп рет қолданылатын пункциялық инелердің;
2) стоматологиялық манипуляциялар кезінде көп рет қолданылатын карпульді шприцтердің;
3) эндоскопиялық жабдықтың;
4) орталық және перифериялық вена катетерлерінің;
5) көп рет қолданылатын хирургиялық құралдардың;
6) гемодиализге, гомеостазды экстракорпоралды түзетуге арналған жабдықтың қолданылуына назар аудару қажет.";
44-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ошақтағы байланыста болған адамдар.";
мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
"44-1. Ошақтағы байланыста болған адамдарды А, В, С, Д, Е вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зертханалық тексеру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының филиалдарында жүргізіледі.";
46-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері мен медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында оқитын адамдар;";
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жыныстық және тұрмыстық берілу жолдарының профилактикасы үшін ВВГ ошақтарындағы байланыста болған адамдар, ВВГ-ге маркерлік диагностиканың алдын ала теріс нәтижесінен кейін 15 жастан асқан адамдар;";
"4) меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқып жатқан, бұрын ВГВ-ге қарсы егілмеген, вакцинация курсымен толық егілмеген, вакцинация туралы деректері цифрлық немесе қағаз түрінде жоқ адамдар;";
мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2 және 59-3-тармақтармен толықтырылсын:
"59-1. Ошақтың пайда болу уақыты мен шекарасын айқындау (денсаулық сақтау ұйымы, бөлімше):
1) АИТВ инфекциясына, оның ішінде емдеуге жатқызу кезеңіне дейінгі тестілеу нәтижелерін;
2) стационарлық пациенттің медициналық картасы мен ауруханадан шығару эпикризі деректерін;
3) ауырған адамның денсаулық сақтау ұйымына түсу және онда болу мерзімдерін;
4) стационарға емдеуге жатқызу кезеңіндегі медициналық байланыстар мен емшараларды;
5) ауырған адамның (палата, бөлімше, стационар) айналасында стационарда емделу кезеңінде АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның болуын;
6) отбасы мүшелерінің және жақын адамдарының арасында АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның болуын;
7) инфекционист дәрігердің АИТВ инфекциясының клиникалық сатысы және жұқтырудың болжамды уақыты туралы қорытындысын;
8) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның тіркелген/жүгінген жері бойынша амбулаториялық картаның деректерін;
9) стационардан шығарылғанға дейін және одан кейін басқа медициналық ұйымдарға жүгінудің болуын;
10) үйде алынған парентеральды емшаралардың болуын талдау арқылы жүзеге асырылады.
59-2. АИТВ инфекциясының ауруханаішілік жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында:
1) диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізген медицина қызметкерлері, гемотрансфузиялар болған кезде қан донорлары және АИТВ инфекциясына серологиялық зерттеп-қарау жүргізе отырып, атауы бірдей парентеральды емшаралар алған пациенттер арасындағы байланыста болған адамдар тобы;
2) электрондық бақылау базасы бойынша: медицина персоналы және медициналық ұйымда емделу кезінде ауырған адамның айналасындағы пациенттер қатарындағы байланыста болған адамдар арасында АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың болуы;
3) бөлімше және жалпы медициналық ұйым шегіндегі барлық медициналық манипуляциялар мен емшаралардың хронологиялық ретімен және нақты тіркелуі;
4) стерильділікке өндірістік бақылаудың бұрын жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері, оларды жүргізу жиілігі және эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында стерильділікке сынамалар алу;
5) стерильдеу жабдығының жұмысын бақылаудың және дезинфекциялау-стерильдеу режимін сақтаудың болуы;
6) бір рет қолданылатын шприцтермен, катетерлермен және венаішілік енгізуге арналған жүйелермен, вакутейнерлермен және басқа да бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы құралдармен бір жыл ішінде жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілу;
7) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша медицина персоналын даярлау анықталады.
59-3. Эпидемиологиялық анамнез деректерін жинаудың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізіледі, оның барысында:
1) АИТВ-ға зерттеп-қараудың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, оның ішінде стационарға емдеуге жатқызылғанға дейін АИТВ инфекциясының анықталу хронологиясы;
2) жаңадан анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның негізгі тәуекел топтарына қатынасы;
3) медициналық ұйымның инфекционист дәрігерінің клиникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша патологиялық процестің белсенділігі, АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының СД4 және вирустық жүктемеге зерттеп-қарауы;
4) АИТВ инфекциясына қатысты қауіпті жыныстық және инъекциялық мінез-құлық маркерлері ретінде қызмет етуі мүмкін парентеральді гепатиттерге (ВГВ ВГС, HBsAg-ға жиынтық антиденелердің ИФТ-ы) және мерезге (кардиолипиндік антигенмен микропреципитация реакциясы) зерттеп-қарау нәтижелері;
5) филогенетикалық талдау нәтижелері айқындалады.";
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) инфекция жұқтырылған материалдың немесе биологиялық субстраттардың зақымдалған немесе зақымдалмаған теріге, сілемейлі қабықтарға түсуіне байланысты авариялық жағдай, жарақаттар (дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медициналық аспаппен тері жабынын шаншып алу, кесу) болған жағдайда медицина қызметкерлері үшін – авариядан кейін бір ай;
4) донорлық биологиялық материалдың реципиенттері үшін – бір ай. АИТВ инфекциясына ИФТ, ИХЛА, ЭХЛА теріс нәтижесі болғанда – гемотрансфузиядан, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттаудан және оны ауыстырып салғаннан кейін бір айдан соң бақылаудан алынады. Аумақтық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы медициналық ұйымдағы жауапты тұлғамен бірлесіп, реципиенттерді тексеруден өткізеді, белгіленген мерзімде АИТВ-инфекциясына қайта тексеру нәтижелері теріс болған және шағымдар болмаған жағдайда реципиентті бақылаудан шығару туралы шешім қабылдайды;
5) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың серонегативті жыныстық серіктестері және есірткіні бірлесіп енгізу бойынша байланыста болған адамдар үшін байланыс ұзаққа созылған жағдайда бақылау мерзімі шектелмейді. АИТВ инфекциясына қарап-тексеру жиілігі – жылына екі реттен сиретпей.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Донорлар қанды донациялау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді (тіндердің бөліктерін), жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алу алдында АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады.
Ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тіндердің бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралған күнінен бастап транспланттау немесе ауыстырып салу емшарасы, қосымша репродуктивтік технология мақсатында биологиялық материалды алу операциясына дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Авариялық жағдайда зардап шеккендер кейіннен ИФТ/ИХЛА әдісімен расталып, авария кезінде жедел тестті пайдалану арқылы және одан әрі авариялық жағдайдан кейін бір айдан соң АИТВ инфекциясына зерттеп-қараудан өтеді.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. ВВГ, СВГ, АИТВ инфекциясын жұқтырған, тері жабынының немесе сілемейлі қабықтың тұтастығының бұзылуымен байланысты медициналық манипуляцияларды орындайтын медицина қызметкерлері диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізумен байланысты емес жұмысқа ауыстырылуға жатады. ВГВ, ВГС, АИТВ инфекциясын жұқтырған медициналық бейіндегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының студенттері, интерн дәрігерлер, резиденттер, докторанттар диагностиканың және емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізуге жіберілмейді.";
93-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып салу алдында және жүргізілгеннен кейін бір айдан соң реципиенттер ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралуға жатады.".
2. "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер олардың сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, интернаттарда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, жатақханаларда тұруы болып табылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында аумақтық бөлімшелер медициналық ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, сәбилер үйлерінде, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жүргізеді.";
29-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыларға;";
42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, жазғы сауықтыру ұйымдарында және демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.";
67-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, жазғы сауықтыру ұйымдарындағы, демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.".
3. "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Эхинококкозға және альвеококкозға тәуекел топтарын серологиялық-иммунологиялық зерттеп-қарауды медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары жүргізеді, ал байланыста болған адамдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының филиалдарында (бұдан әрі – филиал) зерттеп-қаралады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Халықты (ұйымдасқан ошақтарда) энтеробиозға және гименолепидозға эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша зертханалық зерттеп-қарауды филиалдар жүргізеді.";
25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) білім беру объектілеріндегі ошақты және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында (мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп-интернаттарды қоспағанда) бір инкубациялық кезең ішінде гименолепидоздың немесе энтеробиоздың үш және одан көп жағдайы тіркелген кезде эпидемиологиялық зерттеп-қарау. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында және мектеп-интернаттарда гименолепидоз немесе энтеробиоз жағдайлары тіркелген кезде гименолепидоздың немесе энтеробиоздың әрбір жағдайы кезінде эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізу;";
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Безгекке күдікті адамдардан алынған қан үлгілері зерттеу нәтижесін филиалда растау арқылы медициналық ұйымның клиникалық-диагностикалық зертханасында зерттеледі.
34. Барлық оң нәтижелерді және қанның қаралған үлгілерінің жалпы санының 10 пайызын (бұдан әрі – %) медициналық ұйымның клиникалық-диагностикалық зертханасы бақылау мақсатында зерттеу үшін филиалға жібереді, ол одан әрі оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына паразиттік инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертханаға (бұдан әрі – референс-зертхана) жібереді."
42-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Безгек ауруының алдын алу мақсатында аумақтық бөлімшелер және филиалдар мынадай санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді:";
45-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Масалардың белсенді ауру жұқтыратын маусымында безгекпен ауыратын науқас немесе паразит таратушы анықталған кезде аумақтық бөлімшелер мен филиалдардың энтомологтары (биологтары) мынадай санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді:";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Кене энцефалитінің және Лайм ауруының табиғи ошақтарының аумағында орналасқан филиалдардың басшылары мамандарды арнайы қорғаныш киімімен, репеленттермен, жеке қорғаныш құралдарымен және жұмыстарды жүргізуге қажетті шығыс материалдарымен қамтамасыз етеді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Жазық учаскелер жағдайларында тұрақты акарицидтерді (күзде қар астында немесе көктемде қардың үстінде) қолданған кездегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды қар ерігеннен кейін он төрт-жиырма күнтізбелік күннен соң; тау жағдайларында өңдеуден кейін он-он бес күнтізбелік күннен соң жүргізеді. Фосфорорганикалық қосылыстар тобының акарицидтерін қолдану кезінде өңдеуден кейін бес және отыз бес күнтізбелік күннен соң және одан әрі айына екі реттен сиретпей жүргізеді. Филиалдар кенеге қарсы өңдеуді жоспарлау кезінде кенелердің оларға резистенттілігінің пайда болуына жол бермеу мақсатында әртүрлі әсер ету механизмі бар, қолданылатын акарицидтерді мезгіл-мезгіл ротациялауды жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
"74-1. Филиалдар тиімділігін қамтамасыз ететін барынша аз мөлшерді әзірлеу мақсатында жергілікті жағдайларда акарицидтерді алдын ала жартылай өндірістік сынақтан өткізеді.";
мынадай мазмұндағы 98-1-тармақпен толықтырылсын:
"98-1. Қышыманы эпидемиологиялық зерттеп-қарау бір ұйымдастырылған ұжымда өзара байланысты үш және одан артық жағдайлар тіркелген кезде жүргізіледі.";
12-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-параграф. Дерматомикоздардың (дерматофитиялар, оның ішінде эпидермофитиялар, трихофитиялар, микроспориялар, фавустар) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін немесе амбулаториялық емдеу аяқталғаннан кейін филиалдар дерматомикоз ошақтарында науқас оқшаулағаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш білім беру, жабық үлгідегі негізгі орта білім беру ұйымдарында, сәбилер үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, үй ошақтарында қорытынды дезинфекцияны ұйымдастырады және жүргізеді.";
113-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) педикулезбен ауыратын науқастардың төсек жабдықтарын, киімдері мен іш киімдерін зарарсыздандыру дезинфекциялау камераларында жүргізіледі. Филиалдар педикулез ошақтарында науқасты оқшаулағаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, жабық үлгідегі негізгі орта білім беру ұйымдарында, сәбилер үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, жатақханаларда, үй ошақтарында қорытынды дезинфекцияны ұйымдастырады және жүргізеді.".
4. "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30078 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
2) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
3) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге қабілетті бактерия вирустары;
4) бактерия тасымалдаушылық – адамның немесе жануардың организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға инфекциялық (паразиттік) аурудың қоздырғышын бөлумен сипатталатын, аурудың клиникалық белгілері жоқ инфекциялық процестің нысаны;
5) дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жәндіктер мен буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шараларының кешені;
6) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
7) дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шаралары кешені;
8) дизентерия – көбіне тоқ ішектің сілемейлі қабығы зақымдалатын шигелла (Shigella) түрінің микробы тудыратын инфекциялық ауру. Клиникалық түрде ауру уланумен және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
9) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын, патогенді және шартты патогенді бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық аурулар;
10) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
11) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
12) паратифтер – аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану белгілері бар циклдық ағымымен, қоздырғыштың көбіне тағам және су жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен сипатталатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға қабілетті сальмонелла түрінің (Salmonella paratyphi (сальмонелла паратифи) бактериялары тудыратын бактериялық жіті инфекциялық аурулар;
13) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;
14) реконвалесцент – сауығу сатысындағы науқас адам;
15) сальмонеллез – симптомсыз бактерия тасымалдаушылықтан бастап ауыр септикалық нұсқаларына дейін клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын, сальмонелла түрінің қоздырғыштары нәжіс-ауыз арқылы тетікпен берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы. Көбіне жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;
16) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатқа бағытталған емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу;
17) фаготип – бактериофактардың типтік жиынына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;
18) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
19) іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану белгілері бар циклдық ағымымен, қоздырғыштың су, тағам және тұрмыстық жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен, кездейсоқ таралумен сипатталатын, сондай-ақ ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға қабілетті сальмонелла түрінің (Salmonella Typhi (сальмонелла тифи) бактериялары тудыратын бактериялық инфекциялық ауру.";
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ресімдеу кезінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтардың көрсетілетін қызметтерін алушыларға;";
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, мектеп-интернаттарда, сәбилер үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттану тіркелген кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және медициналық ұйымдар ошақтық қорытынды дезинфекциялауды жүргізеді.";
8-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, мектеп-интернаттарға, сәбилер үйлеріне және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына баратын балалар сырқаттанған кезде;
3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, сәбилер үйлерінің, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері сырқаттанған кезде;";
17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, жазғы сауықтыру ұйымдарындағы сырқаттану жағдайлары.";
19-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы, сәбилер үйлеріндегі, мектеп-интернаттардағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы балалар және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар;
3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, сәбилер үйлерінің, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері.";
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, сәбилер үйлерінің, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, мектеп-интернаттарда, сәбилер үйлерінде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында сальмонеллезбен сырқаттану тіркелген кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдары қорытынды дезинфекция жүргізеді.";
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Іш сүзегі және паратиф ошақтарын эпидемиологиялық зерттеп-қарау әрбір жағдай тіркелген кезде жүргізіледі және мынадай іс-шараларды қамтиды:".
5. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34998 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
2) жіті кәсіптік ауру (улану) – зиянды кәсіптік факторлардың бір реттік (бір ауысымнан артық емес) әсерінен кейін пайда болған ауру (жай-күй);
3) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) – иммундаудан кейін қадағалануы тиіс және вакциналарды қолданумен міндетті түрде себеп-салдарлық байланысы жоқ кез келген қолайсыз медициналық көріністер;
4) созылмалы кәсіптік ауру (улану) – зиянды өндірістік факторлардың бірнеше және ұзақ әсер етуінен кейін пайда болған ауру (жай-күй);
5) тергеп-тексеру мәні – тергеп-тексеруге жататын адамның өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) оның мекендеу ортасына зиян келтірілген (келтірілуі мүмкін) фактілер, мән-жайлар, жағдайлар;
6) улану –адамға мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының жіті (бір сәттік) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) әсері кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы адамдардың кең (шектеусіз) тобы – алдын ала айқындауға болмайтын адамдар тобы, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін оның сандық құрамы;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) – инфекцияның көзін анықтауға және ошақты оқшаулауға, оның салдарынан адам денсаулығы және (немесе) оның мекендеу ортасы нашарлаған (туындауы мүмкін) мән-жайлар туралы мәліметтерді алуға не растауға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындауға, адамның денсаулығының жай-күйінің және (немесе) оның мекендеу ортасының нашарлауы құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайлар, құқық бұзушылықтың оқиғасы мен құрамын, сондай-ақ оны жасауға кінәлі адамдарды айқындауға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) оның мекендеу ортасына зиян келтіруді одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – бақылау және қадағалау органы) іс-қимылдар кешені.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бақылау және қадағалау органының басшысы немесе оны алмастыратын адам тергеп-тексеру мәніне байланысты комиссия құрамына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның және (немесе) мемлекеттік сараптама ұйымының мамандарын, тергеп-тексеру мәніне қатысы жоқ бейінді сарапшылар мен мамандарды, оның ішінде педиатр (жалпы практика дәрігері), иммунолог, эпидемиолог, невролог, аллерголог, фтизиатр, инфекционист, патологоанатомды енгізеді.
22. Бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіге қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесі арқылы тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.";
көрсетілген қағидадаларға 1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізілетін жағдайлардың тізбесі
1. Тергеп-тексерулер адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт адамдардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары бойынша мынадай:
1) сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген;
2) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптар сақталмаған;
3) медициналық ұйымдарда және медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, пайдалану және кәдеге жарату бойынша қызметтерді көрсететін объектілерде олармен жұмыс істеу қағидаларын сақтамаған;
4) ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды ұйымдастыруға, тұру жағдайларына қойылатын талаптарды сақтамаған;
5) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға және көлік құралдарына (автомобиль, теміржол, су, әуе) қойылатын талаптарды сақтамаған;
6) жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдалануға, қолдануға және сақтауға, стерильдеуді, дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды сақтамаған;
7) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерде иондамайтын сәулелену және физикалық факторлар параметрлерінің гигиеналық нормативтері талаптарына сәйкес келмеген;
8) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде одан қайтыс болу тіркелген;
9) инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) уланулар тіркелген, оның ішінде 1-кестеге сәйкес олардан қайтыс болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Тергеп-тексерулер мемлекеттік органдар немесе денсаулық сақтау объектілері беретін ақпарат және шұғыл хабарлама бойынша мынадай:
1) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде олардан болған өлім:
ауыр ИКҚК – өмірге қауіпті немесе өлімге, емдеуге жатқызуға, айтарлықтай еңбек ету қабiлетiнен айырылуға немесе туа біткен аномалияға әкелген көріністер;
топтық ИКҚК – егілген вакцина бойынша және (немесе) вакцинаны егу уақыты бойынша және (немесе) орны бойынша байланысы бар ИКҚК-ға ұқсас 2 және одан көп жағдайлар;
күтілетін жиіліктен жоғары ИКҚК-нің немесе ерекше ауыр жағдайлардың тіркелу жағдайы;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымының ұсынысы немесе орталық бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша басқа ИКҚК (иммундаудың болжамды қатесі, ата-аналардың немесе жұртшылықтың айтарлықтай алаңдаушылығын тудыратын жағдайлар) тіркелген;
2) 1-кестеге сәйкес инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) уланулар, оның ішінде олардан қайтыс болу тіркелген;
3) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттар, улар мен улы заттар, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндері, биологиялық құралдар мен материалдар) қолдану және пайдалану кезіндегі уланулар тіркелген;
4) кәсіптік қызметпен байланысты емес жіті сәулелік ауру, оның ішінде олардан қайтыс болу тіркелген;
5) жіті немесе созылмалы кәсіптік аурулар және (немесе) уланулар анықталған (күдік) жағдайларда, оның ішінде олардан қайтыс болу жағдайларында жүргізіледі.
3. Тергеп-тексерулер өнімді бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелері бойынша мынадай:
1) нормалау құжаттарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес өнімнің (тауарлардың) жарамдылық мерзімі немесе өндірілген күні белгісіз өнімдер анықталған;
2) осы өнімнің атауы, қолданылу мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімде таңбалау болмаған;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында көзделген қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімді (тауарларды) зертханалық зерттеу нәтижелері сәйкес келмеген;
4) таңбалауда өндіруші көрсеткен ақпаратқа сәйкес келмеген;
5) дайын тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған қаптамада тамақ өнімдері анықталған жағдайларда жүргізіледі.
1-кесте
№ | Аурулардың атауы | Тергеп-тексеруді жүргізу |
1. Инфекциялық аурулар: | ||
1. | тырысқақ (А00) | аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде |
2. | іш сүзегі (А01.0) | |
3. | А, В, С, нақтыланбаған паратифтер (А01.1-А01.4) | |
4. | басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02) |
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдардың жіті ішек инфекциялары, сальмонеллез ауруларының әрбір жағдайы кезінде; |
5. | шигеллез (бактериялық дизентерия) (А03) | |
6. | басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9) | |
7. | Yersіnіaenterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6) | |
8. | амебиаз (А06) | |
9. | вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08) | |
10. | ротавирусты энтерит (A08.0) | |
11. | басқа айдарларда жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05) | бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелгенде |
12. | туберкулез (А15-А19) | жаңадан анықталған жағдайды тіркеу кезінде |
13. | оба (А20) | аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде |
14. | туляремия (А21) | |
15. | сібір жарасы (А22) | |
16. | бруцеллез (А23) | |
17. | лептоспироз (А27) | |
18. | пастереллез (А28.0) | |
19. | листериоз (А32) | |
20. | сіреспе (А33-А35) | |
21. | дифтерия (А36) | |
22. | көкжөтел (А37) | |
23. | жәншау (А38) | бір ұйымдастырылған ұжымда үш және одан да көп байланысты жағдай тіркелген кезде |
24. | желшешек (В01) | |
25. | менингококк инфекциясы (А39) | аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде |
26. | нақтыланбаған бактериялық менингит (G 00.9) | |
27. | легионерлер ауруы (А48.1) | |
28. | орнитоз, пситтакоз (А70) | |
29. | риккетсиоздар (А75-А79) | |
30. | жіті полиомиелит (А80) | |
31. | нақтыланбаған және басқа да жіті параличті полиомиелит (А80.3) | |
32. | құтырма (А82) | |
33. | буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99) | |
34. | сары қызба (А95) | |
35. | қызылша (В05) | |
36. | қызамық (В06) | |
37. | аусыл (В08.8); | |
38. | вирустық гепатит (В15-В18) | |
39. | созылмалы вирустық гепатит | жаңадан анықталған жағдай тіркелген кезде |
40. | эпидемиялық паротит (В26) | аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде |
41. | медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар | |
42. | жануарлардың және басқа да сүт қоректілердің тістеуі және сілекейлеуі | |
43. | дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2) | |
2. Паразиттік аурулар: | ||
44. | Лайм ауруы (A69.2) | аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде |
45. | вирустық кене энцефалиті (А84) | |
46. | дерматофития, оның ішінде эпидермофития, трихофития, микроспория, фавус (В35) | |
47. | безгек (В50-В54) | |
48. | лейшманиоз (В55) | |
49. | гельминтоздар (В65-В83) | |
50. | трихинеллез | |
51. | тениаринхоз | |
52. | тениоз | |
53. | аскаридоз | |
54. | трихоцефалез | |
55. | описторхоз | |
56. | дифиллоботриоз | |
57. | эхинококкоз | |
58. | альвеококкоз | |
59. | энтеробиоз | білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында - үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мектеп-интернаттарда - әрбір жағдайда |
60. | гименолепидоз | білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында - үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мектеп-интернаттарда - әрбір жағдайда |
61. | лямблиоз | балалардың ұйымдастырылған ұжымдарында аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелген кезде |
62. | педикулез (В85) | бір ұйымдастырылған ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдай тіркелген кезде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде) |
63. | қышыма (В86) | бір ұйымдастырылған ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдай тіркелген кезде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде) |