ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) өздігінен жүретін шасси – кабинамен және қозғалтқышпен жабдықталған, жол қозғалысына уақытша шектеулермен қатыса алатын N санатындағы көлік құралының шассиі;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) (бұдан әрі – экологиялық таза көлік құралдары) өндіруді ынталандыру өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде ұсынылады:
1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;
2) өндірушіге өндірушінің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (WMI-код) берілген және өндіруші жеке сәйкестендіру нөмірін (VIN-кодын) автомобиль көлік құралдарының шанағының (кабинасының), шассиінің ажыратылмас құраушыларына немесе арнайы жасалған нөмірлік тақтайшаларға жазу бойынша операцияларды жүзеге асырады.
3) мынадай экологиялық таза: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқышы бар автомобиль көлік құралдарының кем дегенде біреуін өндіруді жүзеге асыру;
4) көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімнің болуы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында өндірілген өздігінен жүретін шасси базасында дайындалған N және M санаттағы экологиялық таза көлік құралдарының өндірісін ынталандыру өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде ұсынылады:
1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;
2) өндірушіге дайындаушының халықаралық сәйкестендіру коды (WMI-код) берілді және өндіруші шанақтың (кабинаның), өздігінен жүретін шассидің ажырамас құрамдас бөліктеріне немесе автомобиль көлік құралдарының арнайы дайындалған нөмірлік тақтайшаларына жеке сәйкестендіру нөмірін (VIN-код) салу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады;
3) ЕАЭО СЭҚ ТН 8707 90 900 9 коды бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы қолданыстағы келісімнің болуы;
4) өздігінен жүретін шассидің сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 коды бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімі бар өздігінен жүретін шасси жасаушы отандық өндірушімен сатып алу-сату шартының болуы.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қаржыландыру шартын жасасу үшін өндіруші Операторға мынадай құжаттарды қоса беріп, қаржыландыру шартын жасасу туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынады:
1) заңды тұлға үшін өндірушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға үшін жеке куәліктің көшірмесі және жеке кәсіпкерлер тізілімінен үзінді;
2) өндірушінің басшысы және бас бухгалтері (болған кезде) қол қойған, өндірушінің мөрімен бекітілген (болған кезде), оған қаржыландыру аударылатын өндірушінің банктік деректемелері және есеп шоттары көрсетілген анықтама;
3) WMI-кодын беру құжатының өндірушінің басшысы растаған көшірмесі (экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін);
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі (экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін);
5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі (экологиялық таза автомобиль көлік құралдарына құрамдастарды өндірушілер үшін; Қазақстан Республикасында өндірілген өздігінен жүретін шасси базасы негізінде дайындалған N және M санатындағы экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін);
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі (экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін).
7) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;
8) көлік құралының типін мақұлдауының немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің немесе Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттың көшірмесі (экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін).
9) Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сәйкестікті растаушы органмен берілген, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық техникасының сәйкестік сертификатының көшірмесі (экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін).
10) өздігінен жүретін шассидің сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 коды бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімі өздігінен жүретін шассиді отандық өндірушімен сатып алу-сату шартының көшірмесі (Қазақстан Республикасында өндірілген өздігінен жүретін шасси базасы негізінде дайындалған N және M санатындағы экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін).
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Оператордың сұрауы бойынша оған көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімдер шеңберінде өздігінен жүретін шассилерді өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған өндіруші Операторға қағаз немесе электрондық (Оператордың цифрлық жүйесі арқылы) түрде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, қаржыландыру ұсыну туралы өтініші (Оператормен келісілген нысан бойынша) ұсынады:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңге есептелетін жалақыны төлеуге, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарына ақша аударуға шығындар, әлеуметтік салық, қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға кететін шығындарын қаржыландыру есептемесін (бұдан әрі – жұмыс орындарын күтіп-ұстауға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын электр және жылу энергиясын төлеуге кететін шығындарын қаржыландыру есептемесін (бұдан әрі – энергия ресурстарын пайдалануға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға қатысатын өндіруші қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді орындаумен тікелей байланысты материалдық шығыстар, бөгде ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерінің құнына кететін шығындарын қаржыландыру есептемесін (бұдан әрі - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға немесе 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль көлік құралдары мен олардың құрамдастарының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сынақтарын жүргізумен байланысты, өнімді шығарумен байланысты автомобиль көлік құралдарының үлгілері мен олардың компоненттеріне және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына сынақтар жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға байланысты шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша М санатты, соның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша N санатты, оның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру есептемесін;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза көлік құралдарына құрамдастарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру есептемесін;
көлік құралы шассиінің электрондық паспорты (Қазақстан Республикасында өндірілген өздігінен жүретін шасси базасы негізінде дайындалған N және M санатындағы экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер үшін);
қаржыландыруды өндіруші өз қалауы бойынша пайдалану құқығы бар кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясын.
Осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының өндірісі туралы есепті және (немесе) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза көлік құралдарының құрамдастары туралы есепті өндіруші қаржыландыруды беру туралы өтініші берілген күні Операторға ұсынады.";
"13. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының және (немесе) оның құрамдастарының немесе экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігінің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қаржыландыру сомасы өндірушілер өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау күніне қолданыста болатын осы Қағидаларға сәйкес қаржыландыру мөлшерлемелерін қолдану арқылы есептелген қаржыландыру сомасынан аспауға тиіс.
Электрлі қозғалтқыштары бар М санатты автомобиль көлік құралдарын қаржыландыру, басқа да қаржыландыру үшін, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қаржыландыру сомасын Оператор Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті жылға арналған инвестициялық саясатында мынадай тәртіппен айқындайды немесе түзетеді:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде автомобиль көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер бөлінісінде қаржыландыру көлемі туралы ұсынысты қалыптастырады және операторға жібереді.
Оператор қаржыландыру көлемін түзетуді ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін, күнтізбелік жыл ішінде бір рет, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы негізінде жүзеге асырады.
Тиісті жылға арналған қаржыландыру көлемінің бекітілген лимитінің 70 % игерілген кезде, Оператор өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;
Оператор өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы негізінде қаржыландыру көлемін инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жіберіледі;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган алынған инвестициялық саясатты он жұмыс күні ішінде келіседі немесе осы тармақта көзделген рәсімдер сақталмаған кезде оны келісуден бас тартады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және осы Қағиданың 13-тармағында қарастырылмаған бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының және (немесе) оның құрамдастарының немесе экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігінің осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген бағыттар бойынша осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес басқа қаржыландыру сомалары (бұдан әрі – басқа қаржыландыру) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) экологиялық таза автомобиль көлік құралы және (немесе) олардың құрамдастары немесе экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы қозғалтқыштарының тиісті көлемдері, қозғалтқыштарының қуаты және толық (техникалық рұқсат етілген максималды) массасының көрсеткіштері бар автомобиль көлік құралдарының санаттары және (немесе) олардың құрамдастарының атаулары немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін (көрсетілген автомобиль көлік құралы және (немесе) оның құрамдастары немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы өндірілген жылға қатысты) қаржыландыру сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс.
Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының құрамдастарын өзге де қаржыландыру осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге (өткізілген) жататындары сияқты жүзеге асырылады.
Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының құрамдастарын басқа қаржыландыру көлемін айқындау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің, экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының құрамдастарын оператор мен өндірушінің қатысуымен құрамдастарды қаржыландыру көлемін айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады. Осындай қаржыландыру көлемі комиссия отырысының хаттамалық шешімімен айқындалады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған тәртіппен ұсыныс ретінде оператордың атына жібереді. Шешім комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген басқа қаржыландыру сомасы өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралының және (немесе) оның құрамдастарының немесе техникалық регламенттерде анықталған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы өндірілген күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды, сондай-ақ автомобиль көлік құралдарының санатына және (немесе) олардың құрамдастарының атаулары немесе ауыл шаруашылығы техникасының түріне қатысты өндіріс күні қолданыста болған кепілдікті міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерінің пропорционалды өзгеруіне түзетіледі.
17. Экологиялық таза автомобиль көлік құралдары мен экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын басқа қаржыландырудың жалпы сомасын Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өзінің тиісті жылға инвестициялық саясатында келесі тәртіп бойынша айқындайды немесе түзетеді:
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өндірушілердің ұсыныстары негізінде тиісті күнтізбелік жылға басқа қаржыландырудың көлемі туралы ұсыныстарды Операторға жолдайды;
Оператор бес жұмыс күні ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын өзінің қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға негіздемені қоса бере отырып, басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын қаражаттың көлемі туралы ақпаратты жолдайды;
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын Операторда бар қаражат көлемінің шегінде өндірушілер мен автомобиль көлік құралдарының санаттары және (немесе) олардың құрамдастарының атаулары, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы қозғалтқышының қуаты тұрғысында басқа қаржыландыру көлемі туралы бес жұмыс күні ішінде ұсыныстарын жасайды және Операторға жібереді;
Оператор индустриялық қызметті, мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде келісуге жолданатын Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне тиісті күнтізбелік жылда басқа қаржыландыру көлемін қосады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде, қабылданған Инвестициялық саясатты келіседі немесе, егер осы тармақта көзделген рәсімдер сақталмаса, оны мақұлдаудан бас тартады.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған өндіруші Операторға алдыңғы ай ішінде сатып алушылардан пайдаланудан шығарылған автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасында өндірілген, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік алу құқығын көздейтін, оларды беру тәртібі оператормен анықталатын, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат (бұдан әрі – жеңілдік сертификаттары) алғанын растайтын құжаттарды қоса беріп, Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыруды беру туралы өтінішті (оператормен келісілген нысанда) қағаз және (немесе) электронды (оператордың цифрлық жүйесі арқылы және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесінің) түрде айына екі рет ұсынады.
Жеңілдіктің мөлшері жеңілдік сертификатында көрсетіледі және теңгемен көрсетілген соманы білдіреді.
Жеңілдік сертификаты ол берілген кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады және 2025 жылғы 18 қаңтарға дейінгі мерзімге жарамды 2021 жылғы 19 қаңтардан 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін берілген жеңілдік сертификаттарын қоспағанда оның берілген кезінен бастап үш реттен артық өзге тұлғаларға берілмейді. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолдану мерзімін өзгертпейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын және (немесе) экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын автомобиль көлік құралына бір бірлігіне екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне төрттен аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша жинақталады.
21. Жеңілдік мөлшерін айқындау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өндірушілердің ұсыныстары негізінде Операторға экологиялық таза автомобиль көлік құралын, сондай-ақ экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жоспарын және келесі жылға автомобиль көлік құралдарының санаттары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бөлінісінде жеңілдік мөлшерін жібереді.
Оператор тиісті ұсыныс келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Оператор талдау қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының санаттары бөлінісінде көзделген жеңілдік мөлшерін айқындайды және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Оператордан ұсыныстарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде онымен келіседі немесе Операторға ескертулер жібереді.
Оператор өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бөлінісіндегі жеңілдік мөлшерін келесі жылға Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде келісуге жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде, қабылданған Инвестициялық саясатты келіседі немесе егер осы тармақта көзделген рәсімдер сақталмаса, оны мақұлдаудан бас тартады.";
11-қосымшаға сәйкес қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада бегіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
__________Е. Нысанбаев__________Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының құрамдастарына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыруды есептеу
Ұйымның атауы ______________________________
Орналасқан жері ______________________________
БСН (ЖСН)_________ ЭҚЖЖ_________ Кбе_________ БСК______
Тіркелуі туралы куәлік _____________________
Экологиялық таза автомобиль көлік құралына құрамдастардың атауы | Экологиялық таза автомобиль көлік құралына шығарылған құрамдастардың саны (дана / кг) | Кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру ставкасының ең жоғары мөлшері | Төленуге жататын сома (теңге) |
А | Б | В | Г=Б*В*АЕК |
N3 санаттағы автомобиль көлік құралдарына арналған жетекші көпірдің редукторы, дана | 36 | ||
N, M1, M2, санаттағы автомобиль көлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісінде қолдануға арналған шойын құймадан жасалған бұйым, кг | 0,06 | ||
Шиналар (покрышкалар), кг | 0,01415 |
Ұйым басшысы __________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты болған жағдайда))
Бас бухгалтер __________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "__" ________________
Мөр орны (болған кезде)