Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";
кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-1-бабының 8-тармағына, 90-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қамтамасыз ету – клирингтік қатысушылардың:
клиринг қызметі жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша клирингтік қатысушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған ақша (теңге, шетел валютасы), бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары;";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Клирингтік ұйым Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасалған шарттар негізінде өзінің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен және жағдайларда, оның ішінде операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелеріндегі (бұдан әрі – Ұлттық Банктің төлем жүйелері) есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде қамтамасыз етуді қабылдауды, есепке алуды, сақтауды, жеткіліктілігін қайта бағалауды және бақылауды жүзеге асырады.
Клирингтік ұйым клирингтік қатысушылардың жасалған мәмілелер және (немесе) осындай мәмілелерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамау фактілерін және (немесе) көрсетілген төлем жүйелерінің операторынан алынған ақпарат негізінде Ұлттық Банктің төлем жүйелеріндегі есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде қатысушылардың міндеттемелерді орындамау фактілерін реттеуді клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалған шарттарда және тәртіппен қамтамасыз етуді пайдалана отырып жүргізеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті орган клирингтік ұйымға осы клирингтік қатысушының атына тиісті хабарлама жіберілген күні клирингтік қатысушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлайды.
Клирингтік ұйым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған клирингтік қатысушыға қызмет көрсетпейді (қызмет көрсетуін тоқтатады).";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Клиринг қызметін жүзеге асыру шеңберінде клирингтік ұйым клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалған шарттарда және тәртіппен ақпаратты жинауды, өңдеуді және сақтауды, оны салыстыруды, сәйкессіздіктер болған кезде түзетуді, мәміле тараптарының деректемелерін өзгертуді немесе өзге де әрекеттер жасауды, оның ішінде дефолтты реттеу кезінде жүзеге асырады.
Клиринг қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік ұйым клирингтік қатысушылармен, есеп айырысу ұйымдарымен, сауда-саттықты ұйымдастырушылармен, тауар биржаларымен, өзге де сауда алаңдарымен және клирингтік ұйымдармен, сондай-ақ Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің операторымен талаптары шарт тараптары арасында ақпарат алмасу тәртібін және тараптардың өз құқықтары мен міндеттерін іске асыру процесінде келісілген рәсімдерді жасауды көздейтін шарттар жасасады.".
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |