БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакциядағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.";
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтiнi өзгермейді;
4-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтiнi өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарынан алынған деректерді пайдаланады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтінім берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығымен бекітілген.";
11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтiнi өзгермейді;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Селекциялық жетістік бұрын ерекшелікке, біртектілікке, тұрақтылыққа және шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткен және оның сипаттамасы селекциялық жетістіктің Мемлекеттік комиссия берген морфологиялық белгілерінің ресми сипаттамасымен бірдей болған жағдайда, селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім бойынша танаптық сынақтар жүргізілмейді.
Бұл ретте қоса берілген құжаттармен патент қабілеттілігіне берілген өтініштің көшірмесін, сұрыптың атауын сараптау үшін және ерекшелікке, біртектілікке, тұрақтылыққа бұрын жасалған сынақтар үшін төлем алынады.
Селекциялық жетістіктің атауы туралы қорытынды және патентке қабілеттілігі туралы қорытынды өтінім беруші көрсетілетін қызметтерге ақы төлегеннен кейін сараптама ұйымына жіберіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік сұрыптық сынау деректері бойынша сұрыпты патенттік қабілеттілікке сараптау және сынау мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
дәнді, дәнді-бұршақты, жарма, майлы, техникалық, иіру, бір жылдық азықтық, көкөніс, бақша, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – кемінде екі вегетациялық кезең;
көпжылдық шөптер бойынша – пайдаланудың кемінде бір циклі;
жеміс, жидек дақылдары, жүзім бойынша – кемінде бір шаруашылық түсім;
орман дақылдары бойынша - техникалық пісіп-жетілу пайда болғанға дейін.
Мемлекеттік сұрыптық сынау деректері бойынша сұрыпты патент қабілеттілікке сараптау және сынау үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.
Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядқа сәйкес тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Егер өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің тұқымы немесе басқа да отырғызылатын материалы мына аумақта:
1) Қазақстан Республикасында – өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын;
2) кез келген басқа мемлекетте - өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры селекциялық жетістіктің тұқымын немесе басқа да отырғызылатын материалын пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, онда сұрып жаңа деп есептеледі.
Өтінім берілген сұрыптың жаңалығын сараптау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген ресми тізілімдер, уәкілетті органдардың дерекқорлары, жарияланымдар және өзге де жалпыға қолжетімді дереккөздерді қоса алғанда, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау негізінде жүргізіледі.
Егер өтінім берілген сұрыптың жаңалығын сараптау нәтижесінде сұрыптың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, онда Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрыптың патентке қабілеттілік өлшемшарттарына сай келмеуі туралы қорытынды (бұдан әрі – сұрыптың сай келмеуі туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мемлекеттік комиссия зертханалық сынақты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа танаптық сынақтармен бір мезгілде жүргізеді.
Зертханалық сынақ барысында:
1) Мемлекеттік тізілімге енгізілген сұрыптарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сұрыптарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сұрыптардың деректер жинағын (бұдан әрі – деректер банкі) пайдалана отырып, басқа сұрыптардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;
2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;
3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
4) Республикалық зертхана зертханалық сынақтың нәтижелерін Мемлекеттік комиссияға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы анықталған кезде Мемлекеттік комиссия зертханалық сынақтың нәтижелерін растау үшін біртектілікке, ерекшелікке және тұрақтылыққа далалық сынақ жүргізеді. Зертханалық сынақтың нәтижелері расталған кезде, Мемлекеттік комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымына сұрыптың сәйкессіздігі туралы қорытындыны жолдайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мемлекеттік комиссия деректер банкін пайдалана отырып 10 (он) жұмыс күні ішінде сұрыпты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау нәтижелерін өңдейді. Нәтижелерін селекциялық жетістіктерді мемлекеттік сынақтан өткізу және қорғау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында Мемлекеттік комиссия құрған Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді қарау жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) қарайды және патентке қабілеттілік туралы қорытындыны жасайды.";
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігін сараптау және сынау нәтижесінде өтінім берілген сұрыптың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрып сипаттамасын, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сұрыптың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде сканерленген көшірмені сараптама ұйымына жолдайды.
32. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттарының біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия сұрыптың сәйкессіздігі туралы қорытынды жасайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде сканерленген көшірмені сараптама ұйымына жолдайды.";
мынадай мазмұндағы жаңа 49-2 және 49-3-тармақтармен толықтырылсын:
"49-2. Өтінім беруші бұрын берілген селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттік сынақтан өткізуге арналған өтінімді:
жаздық дақылдар бойынша – 1 наурызға дейін;
күздік дақылдар бойынша – 1 шілдеге дейін қайтарып ала алады.
49-3. Өтінім беруші ауысқан кезде сорт оригинаторы Мемлекеттік комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Егер көрсетілетін қызметті алушы топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрыпты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы берсе, көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау кезінде танаптық сынақтар жүргізілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сұрыпты сынау нәтижелері сыналатын сұрыптарды шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша (бұдан әрі – шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша стандарт) салыстыру жүргізілетін, пайдалануға ұсынылатын сұрыптардың ішінен ең жақсы сұрыбынан өнімділіктің асып кеткенін, шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша стандарттар деңгейінде негізгі ауруларға төзімділігін немесе сұрыпты пайдалану мақсатын айқындайтын шаруашылыққа бағалы ерекше белгілердің болуын куәландырады.
Көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған кезде, танаптық сынақтар осы Бұйрықтың 46-тармағында көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.";
мынадай редакциядағы жаңа 52-1-тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Мемлекеттік сынақтар мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде (станцияларында) немесе өтінім берушінің жер учаскесінде (келісу бойынша) жүргізіледі.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Сұрып біртектілік, ерекшелік, тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде Мемлекеттік комиссия өтінімді қабылдамау және сұрыптың шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынауды тоқтату туралы шешім қабылдайды және Мемлекеттік комиссияның жауапты орындаушысы Мемлекеттік комиссия басшысының қолы (ЭЦҚ) қойылған, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету туралы хабарламаны дайындайды және шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау нәтижелерін Сараптамалық кеңес қарайды.
Сараптамалық кеңес мемлекеттік сынау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына одан әрі мемлекеттік сынақтан алу негіздемесі бар қорытынды немесе осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылық-бағалы белгілер кешені бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу негіздемесі бар қорытынды (бұдан әрі – Сараптамалық кеңестің қорытындысы) жасайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 11 маусымдағы № 236 |
|
| бұйрығына 1-қосымша Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы)
Тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі тұқымдық сорттық гендік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін мына тұқымдық және (немесе) отырғызу материалын (қажеттісінің астын сызу) жіберуді сұрайды:
Дақыл | Сұрып/будан | Облыс | Мемлекеттік сұрып сынау учаскесінің (станцияның) атауы | Мекенжайы | Мөлшері | |
тұқым, кг | масақ/сыпыртқы, дана | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Біртектілігіне, ерекшелігіне және тұрақтылығына сынақтар жүргізу үшін | ||||||
Шаруашылыққа пайдалылығына сынақтар жүргізу үшін | ||||||
Зертханалық сынақтар жүргізу үшін (сәйкестендіру) | ||||||
Барлығы: | ||||||
Жеткізу мерзімі 20___жылғы "___" ____________ дейін
Басшы ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Сұрыптың патент қабілеттілігі өлшемшарттарына сәйкессіздігі туралы қорытынды
Өтінім № __________________ Өтінімнің берілген күні: ___________________ |
Дақыл (тек, түр) _____________ Сұрып/Будан ____________________________ |
Өтінім беруші(лер): __________________________________________________ |
Сұрыптың авторы(лары): ______________________________________________ |
Шығу тегі бойынша сипаттама: ________________________________________ |
Селекция әдісі: ______________________________________________________ |
Өмір салты: __________________ Даму циклі: ____________________________ |
Сынақ басталған күн: __________ Сынақтан алынған күн: __________________ |
Аудандастырылған жыл: _______ Аудандастырудан алынған жыл: _________ |
Dus-test*-ке зерттеу нәтижелері
1. Жаңалығы (novelty) |
2. Ерекшелігі (dіstіnctness) ____________________________________________ |
3. Біртектілігі (unіformіty) ____________________________________________ |
4. Тұрақтылығы (stabіlіty) ____________________________________________ |
5. Сұрып бойынша басқа да ақпарат: ___________________________________ |
Ескертпе:
* аббревиатуралардың толық жазылуы:
Dus-test – dіstіnctness (ерекшелік), unіformіty (біртектілік), stabіlіty (тұрақтылық).
Селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сараптау нәтижелері бойынша қорытынды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтіре отырып, патент беруден бас тарту себебін негіздеу)
Сараптама кеңесінің мүшелері:
____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
Зертханалық сынақ нәтижелері
Дақыл | |
Сұрып/будан атауы | |
Өтінім беруші | |
Белгілердің біртектілігін бағалау | |
Электрофорез әдісімен биохимиялық талдау нәтижелері |
20___жылғы "___" ____________ дейін
Маман ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Басшы ___________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)