"Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 281-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 маусымда № 38925 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында:

      123-тармақ мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған тиісті халықаралық шартта айқындалған учаскесінің атауы көрсетілген мөрлері болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

О внесении дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 июня 2026 года № 281-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июня 2026 года № 38925

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33339) следующее дополнение:

      в Правилах документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях, утвержденных указанным приказом:

      пункт 123 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "Пограничные представители Республики Казахстан имеют печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан, с указанием наименования участка, определенного соответствующим международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан.".

      2. Комитету архивов, документации и книжного дела Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      Согласован
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      Согласован
Министерство финансов
Республики Казахстан

      Согласован
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      Согласован
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан