"Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 маусымдағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда № 38862 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидаларын, олардың тізбесі мен нысанын бекіту туралы"

      бұйрықтың 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы берілетін мәліметтердің тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешенін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы берілетін мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің ақпараттық жүйелерін букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 11 бұйрыққа 1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 9 бұйрығына
2 қосымша

Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тізбесі

      Ойын бизнесін ұйымдастырушы туралы мәліметтер

      1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы.

      Бәс тігуге қатысушы туралы мәліметтер

      3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

      5. Сәйкестендіру деректері (тұлға мәртебесіне қарай):

      • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін).

      • Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген ЖСН (азаматтығы жоқ адам үшін).

      6. Азаматтығы (бар болса).

      7. Ұялы байланыс абоненттік нөмірі.

      8. Жеке тұлғаның банктік шоты (бар болса).

      Бәс тігуге қатысушының аккаунты туралы мәліметтер

      9. Бәс тігуге қатысушы аккаунтының сәйкестендіргіні.

      10. Аккаунтты тіркеу күні мен уақыты.

      11. Аккаунттың мәртебесі (белсенді, бұғатталған).

      Төлем операциялары туралы мәліметтер

      12. Төлем операциясына қатысушы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы) берген төлем операциясының сәйкестендіргіні.

      13. Төлем операциясын орындауға қатысатын төлем инфрақұрылымы қатысушысының атауы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы).

      14. Операция түрі: ойын шотын толықтыру, ұтысты төлеу, ақшалай қаражатты қайтару.

      15. Операцияның күні мен уақыты.

      16. Операция сомасы.

      17. Операция валютасы (бар болса).

      18. Төлем инфрақұрылымы қатысушысы қалыптастырған операция мәртебесі (орындалды, қабылданбады, тоқтатылды, жойылды, қайтарылды).

  2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 11 бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 9 бұйрығына
3- қосымша
Нысан

Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер

1

2

3

4

5


Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Сәйкестендіру деректері (тұлға мәртебесіне қарай):

шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін).

Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген ЖСН (азаматтығы жоқ адам үшін)

6

7

8

9

10

Азаматтығы (бар болса)

Ұялы байланыс абоненттік нөмірі

Жеке тұлғаның банктік шоты (бар болса)

Бәс тігуге қатысушы аккаунтының сәйкестендіргіні

Аккаунтты тіркеу күні мен уақыты






11

12

13

14

15

Аккаунттың мәртебесі (белсенді, бұғатталған)

Төлем операциясына қатысушы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы) берген төлем операциясының сәйкестендіргіні

Төлем операциясын орындауға қатысатын төлем инфрақұрылымы қатысушысының атауы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы)

Операция түрі: ойын шотын толықтыру, ұтысты төлеу, ақшалай қаражатты қайтару

Операцияның күні мен уақыты






16

17

18

Операция сомасы.

Операция валютасы (бар болса)

Төлем инфрақұрылымы қатысушысы қалыптастырған операция мәртебесі (орындалды, қабылданбады, тоқтатылды, жойылды, қайтарылды)


О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 декабря 2024 года № 9 "Об утверждении Правил, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 1 июня 2026 года № 11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2026 года № 38862

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 декабря 2024 года № 9 "Об утверждении Правил, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 35455) следующие изменения:

      заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 1) пункта 1 приказа изложить в следующей редакции:

      "1) Правила подлежащих передаче сведений посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу согласно приложению 1 к настоящему приказу;";

      в Правилах передачи сведений посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила подлежащих передаче сведений посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила подлежащих передачи сведений посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 12-1 Закона Республики Казахстан "Об игорном бизнесе" (далее – Закон об игорном бизнесе) и подпунктом 2) пункта 19 Положения об Агентстве Республики Казахстан по финансовому мониторингу, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515, и определяют порядок передачи сведений от организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, уполномоченному органу по финансовому мониторингу.";

      Перечень сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу, утвержденный указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      Форму сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программного комплекса букмекерской конторы и (или) тотализатора с информационной системой уполномоченного органа по финансовому мониторингу, утвержденную указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту цифровизации Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить интеграцию информационных систем Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу с аппаратно-программными комплексами организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора.

      3. Департаменту по работе с субъектами финансового мониторинга Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представить в Департамент правового обеспечения Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства Республики
Казахстан по финансовому мониторингу
Ж. Элиманов

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство туризма и спорта
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство искусственного
      интеллекта и цифрового развития
      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
от 1 июня 2026 года № 11
Приложение 2 к приказу
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 декабря 2024 года № 9

Перечень сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу

      Сведения об организаторе игорного бизнеса

      1. Бизнес-идентификационный номер.

      2. Наименование организатора игорного бизнеса.

      Сведения об участнике пари

      3. Фамилия, имя, отчество (при наличии).

      4. Индивидуальный идентификационный номер (ИИН).

      5. Идентификационные данные (в зависимости от статуса лица):

      • индивидуальный идентификационный номер, указанный в виде на жительство иностранного гражданина в Республике Казахстан, или номер заграничного паспорта (для иностранного гражданина);

      • индивидуальный идентификационный номер, указанный в удостоверении лица без гражданства (для лица без гражданства).

      6. Гражданство (при наличии).

      7. Абонентский номер сотовой связи.

      8. Банковский счет физического лица (при наличии).

      Сведения об аккаунте участника пари

      9. Идентификатор аккаунта участника пари.

      10. Дата и время регистрации аккаунта.

      11. Статус аккаунта (активный, заблокирован).

      Сведения о платежных операциях

      12. Идентификатор платежной операции, присвоенный участником платежной инфраструктуры (банк и (или) платежная организация и (или) оператор сотовой связи).

      13. Наименование участника платежной инфраструктуры, участвующего в исполнении платежной операции (банк и (или) платежная организация и (или) оператор сотовой связи).

      14. Вид операции: поступление, выплата, возврат денежных средств.

      15. Дата и время операции.

      16. Сумма операции.

      17. Валюта операции (при наличии).

      18. Статус операции, сформированный участником платежной инфраструктуры (исполнена, отклонена, приостановлена, отменена, возвращена).

  Приложение 2 к приказу
от 1 июня 2026 года № 11
Приложение 3 к приказу
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по финасовому мониторингу
от 6 декабря 2024 года № 9
Форма

Сведения, подлежащие передаче посредством интеграции аппаратно-программного комплекса букмекерской конторы и (или) тотализатора с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу

1

2

3

4

5


Бизнес-идентификационный номер

Наименование организатора игорного бизнеса

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Индивидуальный идентификационный номер (ИИН)

Идентификационные данные (в зависимости от статуса лица):



индивидуальный идентификационный номер, указанный в виде на жительство иностранного гражданина в Республике Казахстан, или номер заграничного паспорта (для иностранного гражданина)

индивидуальный идентификационный номер, указанный в удостоверении лица без гражданства (для лица без гражданства)









6

7

8

9

10

Гражданство (при наличии)

Абонентский номер сотовой связи

Банковский счет физического лица (при наличии)

Идентификатор аккаунта участника пари

Дата и время регистрации аккаунта







11

12

13

14

15

Статус аккаунта (активный, заблокирован)

Идентификатор платежной операции, присвоенный участником платежной инфраструктуры (банк и (или) платежная организация и (или) оператор сотовой связи)

Наименование участника платежной инфраструктуры, участвующего в исполнении платежной операции (банк и (или) платежная организация и (или) оператор сотовой связи)

Вид операции: поступление, выплата, возврат денежных средств

Дата и время операции







16

17

18

Сумма операции

Валюта операции (при наличии)

Статус операции, сформированный участником платежной инфраструктуры (исполнена, отклонена, приостановлена, отменена, возвращена)