"Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 251-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38823 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35957 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стретегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 251-НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 7 сәуірдегі
№ 143-НҚ бұйрығына
қосымша

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – әкімшінің ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;

      2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;

      5) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;

      6) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілі;

      7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексте белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

      8) "цифрлық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "цифрлық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.

      4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіреді.

      Мемлекеттік органдар Заңның 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректерді орналастырады және өзектендіреді.

      5. Ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректерін орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және конвертер деректерді Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді беру форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады.

      Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың ашық деректерді JSON немесе XML форматына аударуы АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерді JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерді қалыптастырады.

      6. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерді қамтиды.

      Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді орналастыру егер ұсынылатын ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушының цифрлық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.

      7. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді ашық деректердің интернет-порталы арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыға жібереді.

      8. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.

      9. Мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын субъект өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Заңның 9-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, АЖО арқылы ашық деректерді орналастырады.

      Көрсетілген Заң талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.

      10. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.

  Ашық деректердің
интернет-порталында
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

Ашық деректерді ұсыну форматы

      1. Ашық деректерді жариялау форматы

      "meta": {

      "apiUri": "",

      "nameKk": "",

      "nameRu": "",

      "nameEn": "",

      "descriptionKk": "",

      "descriptionRu": "",

      "descriptionEn": "",

      "keywords": [],

      "responsible": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": "",

      "owner": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": ""

      "fields": {

      "<fieldName>": { "type": "Int | String | Double | Boolean

      |Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",

      "datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},

      "<fieldName>": { "type": "Object", "labelKk": "",

      "labelRu": "", "labelEn": "",

      "fields": {}

      "<fieldName>": { "type": "List", "labelKk": "",

      "labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": "Int | String | Double

      |Boolean | Date | Geoposition | Object | List"

      "fields": {}

      "data": [{}..{}]

      2. Формат бойынша ашық деректер жолдарының сипаттамасы

р/с №

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1.

apiUri

Ашық деректердің сәйкестендіргіші

Жол (100)

Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші

2.

NameKk/NameRu

Ашық деректердің атауы

Жол (255)

Ашық деректердің толық атауы

3.

DescriptionKk/descriptionRu

Ашық деректердің сипаттамасы

Мәтін

Ашық деректердің толық сипаттамасы

4.

Keywords

Ашық деректердің түйінді сөздері

Массив/ Тізім

Түйінді сөздер

5.

Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu

Ашық деректерге жауапты адам

Жол (100)

Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда)

6.

Responsible.phone

Телефон нөмірі

Жол (50)

жауапты тұлғаның телефон нөмірі

7.

Responsible.email

Электрондық поштаның мекенжайы

Жол (50)

Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы

      3. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы

р/с №

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

Ашық деректері мысал

1.

Жолдардың атауы

Бүтін сандар

Int

Атрибут сандық мәнді қамтиды

id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true},

2.

Бүтін емес сандар

Double

Атрибут сандық емес мәнді қамтиды


3.

Жол

String

Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды: Қазақ және орыс әліпбиінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я]. "Нөмір" белгісі "Дефис" белгісі "Дөңгелек" жақшалар Сөз бөлгіш – "аралық" дара нышан "Үтір" белгісі "Нүкте" белгісі

title: { type: "String", labelKk: "Атауы", labelRu: "Атауы", labelEn: "Title"}

4.

Логикалық мәні

Boolean

true/false

published: {type: "Boolean", labelKk: "Жарияланған", labelRu: "Жарияланған", labelEn: "Published"},

5.

Күні

Date

Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм

date: {type: "Date", labelKk: "Күні", labelRu: "Күні", labelEn: "Date"},

6.

Геопозиция

Geoposition

Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды– Х координатары: У координаттары


7.

Парақ

List

List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды


8.

Объект

Object

Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады


      4. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы

р/с №

Атрибуттың атауы

Атрибуттың сипаттамасы

Болжамды мәні

1.

type

Атрибут жол типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

2.

labelKk

Қазақ тілдегі атрибуттың атауы


3.

labelRu

Орыс тіліндегі атрибуттың атауы


4.

elementType

Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

5.

pkey

Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді

true, false

6.

fields

Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды


7.

datapath

Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған

"<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объектінің сәйкестендіргіші>"

  Ашық деректердің
интернет-порталында
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

Ашық деректерді JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы

Жолдың атауы

Мәні

Мысалы

Ашық деректердің сәйкестендіргіші


р/с №

Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы*


Астана қаласының дәріханалары

Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы*


Аптеки города Астана

Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы*


Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды

Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы*


Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана

Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер*


Дәріхана, аптека

Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)*


Ақышев Жеңіс Бекенұлы

Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)*


Акишев Женис Бекенович

Жауапты адамның телефон нөмірі*


+7(7172)740479

Жауапты адамның электрондық поштасы*


zh.akishev@mki.gov.kz

      Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар

      2. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы

Жол

Қазақ тілдегі жолдың атауы*

Орыс тіліндегі жолдың атауы*

Жолдың типі*

Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)*

Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме

Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету

Массив ішіндегі объектінің типін көрсету

Үлгі

id

р/с №

№ п/п

string



true


name

Атауы

Название

string



false


region

Өңір

Регион

string



false


geoposition

Геонүкте

Геопозиция

geoposi-tion



false


address

Мекенжайы

Адрес

address



false


schedule

Жұмыс істеу кестесі

График работы

text



false


expireDate

Лицензияның аяқталу мерзімі

Срок истечения лицензии

date



false


      Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.

      3. Ашық деректерді қалыптастыру шаблоны

id

name

region

geoposition

address

1.

Гиппократ

Астана

51.117469,71.428171

Астана қаласы, "Ильинка" Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй

2.

Зеленая аптека

Астана

51.121077,71.419938

Астана қаласы, Достық шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй


О внесении изменения в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 7 апреля 2025 года № 143-НҚ "Об утверждении Правил размещения информации на интернет-портале открытых данных"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 мая 2026 года № 251-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2026 года № 38823

      Примечание ИЗПИ!

      Вводится в действие с 12.07.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 7 апреля 2025 года № 143-НҚ "Об утверждении Правил размещения информации на интернет-портале открытых данных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 35957) следующее изменение:

      Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к приказу.

      2. Департаменту развития коммуникаций государства и общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по атомной энергии

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и развитию
конкуренции Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки и высшего
образования Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан

 

      СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Высшая аудиторская палата
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

 

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по финансовому мониторингу

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по стратегическому планированию
и реформам Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов
и ирригации Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-Министра -
Министр культуры и
информации
Республики Казахстан
от 29 мая 2026 года № 251-НҚ
  Приложение к приказу
Министра культуры и
информации
Республики Казахстан
от 7 апреля 2025 года № 143-НҚ

Правила
размещения информации на интернет-портале открытых данных

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10) пункта 1 статьи 6-2 Закона Республики Казахстан "О доступе к информации" (далее – Закон) и подпунктом 44) пункта 15 Положения о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан" и определяют порядок размещения информации на интернет-портале открытых данных.

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) автоматизированное рабочее место (далее – АРМ) – рабочее место администратора на интернет-портале для размещения открытых данных;

      2) пользователь информации – физическое или юридическое лицо, запрашивающее и (или) использующее информацию;

      3) уполномоченный орган в области доступа к информации (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области доступа к информации;

      4) открытые данные – данные, представленные в машиночитаемом виде и предназначенные для дальнейшего использования, повторной публикации в неизменном виде;

      5) интернет-портал открытых данных – компонент открытого правительства, обеспечивающий централизованное хранение описательной и ссылочной информации по открытым данным;

      6) администратор – представитель органа и учреждения законодательной, исполнительной и судебной ветвей государственной власти, местного государственного управления и самоуправления (далее – государственный орган), государственного учреждения, не являющегося государственным органом, субъекта квазигосударственного сектора, исполнителя функций, организующий работу государственного органа, государственного учреждения, не являющегося государственным органом, субъекта квазигосударственного сектора, исполнителя функций центральных и (или) местных исполнительных органов на интернет-портале открытых данных;

      7) исполнители функций центральных и (или) местных исполнительных органов – субъекты предпринимательства и их объединения, саморегулируемые и неправительственные организации, осуществляющие функции центральных и (или) местных исполнительных органов в порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

      8) сервисный интегратор "цифрового правительства" (далее – сервисный интегратор) – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложены функции по методологическому обеспечению развития архитектуры "цифрового правительства", а также иные функции, предусмотренные цифровым законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок размещения информации на интернет-портале открытых данных

      3. Порядок размещения государственными органами, государственными учреждениями, не являющимися государственными органами, субъектами квазигосударственного сектора, исполнителями функций центральных и (или) местных исполнительных органов информации на интернет-портале открытых данных включает в себя размещение и актуализацию открытых данных.

      4. Государственные органы, государственные учреждения, не являющиеся государственными органами, субъекты квазигосударственного сектора, исполнители функций центральных и (или) местных исполнительных органов размещают и актуализируют открытые данные на казахском и русском языках на интернет-портале открытых данных.

      Государственные органы размещают и актуализируют открытые данные согласно Единому перечню открытых данных государственных органов, размещаемых на интернет-портале открытых данных, утвержденному уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 6-2 Закона.

      5. Размещение государственными органами, государственными учреждениями, не являющимися государственными органами, субъектами квазигосударственного сектора, исполнителями функций центральных и (или) местных исполнительных органов открытых данных на интернет-портале открытых данных осуществляется согласно шаблону Excel и конвертер переводит данные в форматах JSON (Java Script Object Notation) или XML (eХtensible Markup Language) согласно формату представления открытых данных в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам.

      Перевод открытых данных в формат JSON или XML государственными органами, государственными учреждениями, не являющимися государственными органами, субъектами квазигосударственного сектора, исполнителями функций осуществляется с использованием инструмента, размещенного в АРМ.

      Для использования инструмента государственные органы, государственные учреждения, не являющиеся государственными органами, субъекты квазигосударственного сектора, исполнители функций центральных и (или) местных исполнительных органов формируют открытые данные, в соответствии с описанием к использованию инструмента по переводу открытых данных в формат JSON или XML, указанным в приложении 2 к настоящим Правилам.

      6. Открытые данные, размещаемые на интернет-портале открытых данных, включают в себя описание открытых данных, описание полей открытых данных и открытые данные в машиночитаемом виде.

      Размещение открытых данных с применением API (Application Programming Interface) государственного органа, государственного учреждения, не являющегося государственным органом, субъекта квазигосударственного сектора, исполнителя функций центральных и (или) местных исполнительных органов производится в случае, если представляемая информация содержится в цифровой системе государственного органа, государственного учреждения, не являющегося государственным органом, субъекта квазигосударственного сектора, исполнителя функций центральных и (или) местных исполнительных органов.

      7. В случае необходимости получения открытых данных, пользователь информации подает в произвольной форме заявку на размещение открытых данных через интернет-портал открытых данных соответствующему государственному органу, государственному учреждению, не являющемуся государственным органом, субъекту квазигосударственного сектора, исполнителю функций центральных и (или) местных исполнительных органов.

      8. Сервисный интегратор ежемесячно, не позднее 5 числа следующего за отчетным, проводит обработку поступивших заявок от пользователей информации. Заявки, прошедшие обработку, в течение трех рабочих дней направляются сервисным интегратором администратору посредством АРМ.

      9. Государственный орган, государственное учреждение, не являющееся государственным органом, субъект квазигосударственного сектора, исполнитель функций центральных и (или) местных исполнительных органов в срок не позднее тридцати календарных дней с даты получения заявки размещает открытые данные посредством АРМ, за исключением информации с ограниченным доступом согласно подпункту 12) пункта 2 статьи 9 Закона.

      При несоблюдении указанных требований Закона, государственный орган, государственное учреждение, не являющееся государственным органом, субъект квазигосударственного сектора, исполнитель функций центральных и (или) местных исполнительных органов в срок не позднее пяти рабочих дней с даты получения заявки отказывает в размещении открытых данных посредством АРМ.

      10. Пользователю информации автоматически направляется уведомление о статусе рассмотрения заявки с момента принятия государственному органу, государственному учреждению, не являющемуся государственным органом, субъекту квазигосударственного сектора, исполнителю функций центральных и (или) местных исполнительных органов соответствующего решения.

  Приложение 1
к Правилам размещения
информации на интернет-
портале открытых данных

Формат представления открытых данных

      1. Формат публикации открытых данных

      "meta": {

      "apiUri": "",

      "nameKk": "",

      "nameRu": "",

      "nameEn": "",

      "descriptionKk": "",

      "descriptionRu": "",

      "descriptionEn": "",

      "keywords": [],

      "responsible": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": ""

      "owner": {

      "fullnameKk": "",

      "fullnameEn": "",

      "fullnameRu": "",

      "phone": "",

      "email": ""

      "fields": {

      "<fieldName>": { "type": "Int | String | Double | Boolean

      |Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",

      "datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},

      "<fieldName>": { "type": "Object", "labelKk": "",

      "labelRu": "", "labelEn": "",

      "fields": {}

      "<fieldName>": { "type": "List", "labelKk": "",

      "labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": "Int | String | Double

      |Boolean | Date | Geoposition | Object | List"

      "fields": {}

      "data": [{}..{}]

      2. Описание полей открытых данных по формату

№ п/п

Наименование поля

Тип поля на казахском языке/русском языке

Тип поля

Дополнительные (специальные) требования к значениям атрибутов

1.

apiUri

Идентификатор открытых данных

Строка (100)

Уникальный идентификатор открытых данных

2.

NameKk/NameRu

Наименование открытых данных

Строка (255)

Полное наименование открытых данных

3.

DescriptionKk/descriptionRu

Описание открытых данных

Текст

Полное описание открытых данных

4.

Keywords

Ключевые слова открытых данных

Массив/ Список

Ключевые слова

5.

Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu

Ответственное лицо за открытые данные

Строка (100)

ФИО (при его наличии) ответственного лица за открытые данные

6.

Responsible.phone

Номер телефона

Строка (50)

Номер телефона ответственного лица

7.

Responsible.email

Адреса электронной почты

Строка (50)

Адрес электронной почты ответственного лица

      3. Описание полей открытых данных

№ п/п

Наименование поля

Тип поля на казахском языке/русском языке

Тип поля

Дополнительные (специальные) требования к значениям атрибутов

Пример открытых данных

1.

Наименование полей

Целые числа

Int

Атрибут содержит числовые значения

id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true},

2.

Нецелые числа

Double

Атрибут содержит нечисловые значения


3.

Строка

String

Значение атрибута содержит только следующие символы: Заглавные (прописные) и строчные буквы русского и казахского языка алфавита – (A, Я) и (а, я).
Знак "номер" Знак "дефис" "Круглые" скобки Словоразде-литель – одиночный символ "пробел"
Знак "запятая" Знак "точка"

title: { type: "String", labelKk: "Название", labelRu: "Название", labelEn: "Title"}

4.

Логическое значение

Boolean

true/false

published: {type: "Boolean", labelKk: "Опубликован", labelRu: "Опубликован", labelEn: "Published"},

5.

Дата

Date

Атрибут содержит дату. Значения в следующем виде: ДД-ММ-ГГГГ чч:мм

date: {type: "Date", labelKk: "Дата", labelRu: "Дата", labelEn: "Date"},

6.

Геопозиция

Geo-position

Атрибут содержит информацию о положении точки на земной поверхности – координаты Х: координаты У


7.

Лист

List

Атрибут List содержит расширяемый массив данных


8.

Объект

Object

Атрибут используется для описания других или вложенных объектов


      4. Описание атрибутов полей открытых данных

№ п/п

Наименование атрибута

Описание атрибута

Предполагаемые значения

1.

type

Атрибут указывает тип поля

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

2.

labelKk

Наименование атрибута на казахском языке


3.

labelRu

Наименование атрибута на русском языке


4.

elementType

Атрибут указывает тип объекта внутри массива

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

5.

pkey

Атрибут указывает признак того, что поле является уникальным идентификатором

true, false

6.

fields

Атрибут описывает внутренние поля объекта


7.

datapath

Атрибут предназначен для ссылки на другие открытые данные имеющих уникальный идентификатор

"<идентификатор открытых данных>.<идентификатор объекта>"

  Приложение 2
к Правилам размещения
информации на интернет-
портале открытых данных

Описание к использованию инструмента по переводу открытых данных в формат JSON, XML

Наименование поля

Значение

Пример

Идентификатор открытых данных


№ п/п

Наименование открытых данных на казахском языке*


Астана қаласының дәріханалары

Наименование открытых данных на русском языке*


Аптеки города Астана

Описание открытых данных на казахском языке*


Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды

Описание открытых данных на русском языке*


Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана

Ключевые слова на казахском и русском языках*


Дәріхана, аптека

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного лица на казахском языке*


Ақышев Жеңіс Бекенұлы

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного лица на русском языке*


Акишев Женис Бекенович

Номер телефона ответственного лица*


+7(7172)740479

Электронная почта ответственного лица*


zh.akishev@mki.gov.kz

      Примечание: *поля, обязательные к заполнению


      2. Описание полей открытых данных

Поле

Наименование поля на казахском языке*

Наименование поля на русском языке*

Тип поля*

Формат даты (если тип поля дата)

Ссылка на конкретный объект внутри открытых данных

Указание признака того, что поле является уникальным идентификатором

Указание типа объекта внутри массива

Пример

id

р/с №

№ п/п

string



true


name

Атауы

Название

string



false


region

Өңір

Регион

string



false


geoposition

Геонүкте

Геопозиция

geoposi-tion



false


address

Мекенжайы

Адрес

address



false


schedule

Жұмыс істеу кестесі

График работы

text



false


expireDate

Лицензияның аяқталу мерзімі

Срок истечения лицензии

date



false


      Примечание: 1. *Поля, обязательные к заполнению; 2. Описание полей открытых данных, а также требования к ним указаны в приложении 2 настоящих Правил.


      3. Шаблон формирования открытых данных

id

name

region

geoposition

address

1.

Гиппократ

Астана

51.117469,71.428171

г. Астана, Ж.М. "Ильинка" ул. Есет батыра д.18

2.

Зеленая аптека

Астана

51.121077,71.419938

г. Астана, м-н Достык, ул. Сауран д.5