ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.7.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 26 мамырдағы № 100 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік орман кадастрын, орман қорының мемлекеттік есебін, орман бақылауын жүргізуді қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәліметтер цифрлық базасын жасау және жүйелі түрде жаңарту;";
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Облыстағы барлық орман иеленушілер үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің цифрлық базасы жасалады.";
41-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Электронды компьютерлік технологияны қолданумен фотосуреттерді топографиялық негізбен сәйкестікке келтіру үшін ортогональды проекцияға түсіріледі және оның негізінде ортофотопландар жасалынады. Сандық суреттердің түсірілімі және ортофотопландардың жасалуы сандық фотограмметриялық жүйемен цифрлық жүйеден жеке жасалады.";
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 11-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Фотоабристерді құрастырудың алғашқы операциясы орналастырылатын объектінің шекарасын салу болып табылады. Орман дачаларының шекаралары шекара нүктелерінің координаттары бойынша немесе округтік шекараның геодеректері (румбалар, сызық шамалары) бойынша цифрлық технологиясын пайдалана отырып салынады. Шоқ орманды орман қорының аумағы табиғи шекаралар бойынша (жолдар, су тосқауылдары, су айрықтары) түсіріледі.";
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 29-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы әдістеме орман қорын есепке алу және үздіксіз орман орналастыру жұмыстарын жүргізу технологиясы мен ұйымдастырудың мақсатын, жүргізу барысындағы кіріс – шығыс құжаттарының жүйесін айқындайды, өңдеу мен керекті мәліметтерді алу процесін сипаттайды.
Үздіксіз орман орналастыру барысында алынған мәліметтер орман мекемесіндегі орман пайдалануды, орман қоры мен орман шаруашылық бағыты бойынша цифрлық базасын құруды, мәліметтер банкін жіктеуді қамтамасыз етеді.".
2. "Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында:
13-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік орман иеленушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман билетін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) және ағаш кесу билетін алу үшін "Табиғи ресурстардың интерактивті картасы tabigat.gov.kz" ақпараттық жүйесі" веб-порталы (бұдан әрі – tabigat порталы) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.
Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады.
Портал және tabigat порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" нәтижені беру күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі.
Порталда және tabigat порталында өтінішті қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
13-3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.".
3. "Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11633 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық нысанда көрсетілетін, нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе болып табылады;";
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Плантацияларды отырғызуға және өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу үшін Қолдау субъектісі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей веб-портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – талап) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскелері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";
17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік орган және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.".
4. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларында:
қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20864 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет қағидаларында:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";
1 және 2-қосымшалары осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеу қағидаларында:
қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. "Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларында:
19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай цифрлық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;";
58-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.".
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын
ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерге қатысуға өтінім
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді
орман пайдалануға беру жөнінде тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны
қарап:
___________________________________________________________________
(орманды ұзақ мерзімді пайдалану атауы)
___________________________________________________________________
(облыс, аудан, алқаптың сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7
қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген,) Мемлекеттік орман
қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру
жөніндегі тендерлерді өткізу қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) танысқаннан
кейін, төменде қол қойған мен
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның атауы)
тендерге қатысуға өтінім қабылдауды және Интернет желісінде орналасқан мемлекеттік
мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz 20__ ж. "____" _________ өтетін
тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгіздім, ол тендер
нәтижелерін анықтағанға дейін тізілім веб-порталында бұғатталады:
___________________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазбаша түрде көрсетіледі)
хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай
оператордың шотына: _______________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем мақсатының
коды, бенефициар коды)
___________________________________________________________________
(төлем құжатының № және күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын Қағидалардағы талаптарға сәйкес
келмейтіндігіміз және (немесе) осы өтінімде мәлімделетін ақпараттың анық еместігі
анықталған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға, біз (мен)
тендерде жеңіске жеткен жағдайда, біз (мен) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама
мен ұзақ мерзімді орман пайдалануға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жарамсыз деп
танылатынына келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізу күні
тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және хабарламада көрсетілген және Біз
(мен) ұсынған тендер шарттарында тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған
күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасу міндеттемесін аламыз.
5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтап, мен (біз) тендер нәтижелері туралы хаттамаға
қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайларда енгізген кепілдік жарнаның сомасы
қайтарылмайтындығымен және мемлекеттік орман иеленушіде қалатындығымен келісемін.
6. Қағидалардың 34-тармағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ
мерзімді орман пайдалану жөніндегі тендерге қатысушыларға қойылатын біліктілік
талаптарымен таныстым.
7. Менде (бізде) өткен жылдардағы шарт бойынша (қолданыстағы шарттар бойынша)
берешегім жоқ екенін мәлімдеймін.
8. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары
мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы мәлімдеймін.
9. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы
хабардармын.
10. Мәліметтерді пайдалануға келісемін, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,
цифрлық жүйелерде қамтылған.
11. Өзім (өзіміз) туралы мәлімет ұсынылады:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ______________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
Мекенжай____________________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ________________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды ______________________________________________
Банк сәйкестендіру коды ______________________________________________
Банк атауы __________________________________________________________
Бенефициар коды _____________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН ___________________________
Жеке тұлға үшін:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
ЖСН ________________________________________________________________
Төлқұжат деректері ____________________________________________________
Мекенжай: ___________________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): _________________________________________________|
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________________
Банк сәйкестендіру коды _______________________________________________
Банк атауы __________________________________________________________
Бенефициар коды ______________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН ____________________________
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" _____ сағат __:__-де қол қойды және жіберді
ЭЦҚ - дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Ұйымдастырушы 20__ жылғы "__" _____ сағат __:__-де қабылдады
ЭЦҚ - дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты
| тізбесіне 2-қосымша/ "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша Нысан |
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ________________________________________
жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН
Өтініш
_____________________________________________________________________,
(өтініштің мақсаты)
_____________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(объект салынатын учаскенің атауы)
_______________________________________________________ үшін сұраймын.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы:
_____________________________________________________________________
(номер экспертизы, дата выдачи экспертизы)
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың
қорытындысы: ________________________________________________________
(сараптама нөмірі, сараптама берілген күн)
1. Учаске _____________________________________________________________
(орман мекемесінің атауы)
орманшылығының ________________________________ орамында орналасқан.
2. Учаскенің ауданы _____________ гектар, оның ішінде:
орман, орман көмкерген _________ гектар, орман,
орман көмкермеген _______ гектар,
оның ішінде орман екпелері ________ гектар,
алқаптар гектар,
шабындықтар ___________ гектар,
жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар,
жайылымдар гектар,
жолдар ___________ гектар,
басқа жерлер ______ гектар.
3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:
Жер атауы | Орам нөмірі | Телім | Учаске алаңы | Құрамы | Жас сыныбы | Жуандығы | Сүрек қоры | |
кәделік | отын | |||||||
4. Орман қорының санаты _______________________________________________
5. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері ___________________________
_____________________________________________________________________
6. Геологиялық-жер сипаттамасы: ________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Әкімшілік ауданның ормандануы ______________________________________
8. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:
а) беру мерзімі ________________________________________________________
б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері
_____________________________________________________________________
в) учаскені алушының міндеттемесі_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке қоса тіркелді: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Цифрлық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру
үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында
хабардармын.
Қолы ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
| "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына |
|
| 2-қосымша |
"Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz (бұдан әрі – портал) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар тіркелген уақыттан бастап – 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтініш |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
| тізбесіне 3-қосымша/ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген |