Дизайн-кодты әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 мамырда № 38781 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған дизайн-кодты әзірлеу қағидалары бекітілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 мамырдағы
№ 256 бұйрығымен бекітілді

Дизайн-кодты әзірлеу және бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елді мекендердің дизайн-кодтарын әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру процесінде, оның ішінде абаттандыру элементтерін: ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді, сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру кезінде, сондай-ақ құрылыс ауданының ерекшеліктерін ескере отырып, көгалдандыруды, жарықтандыруды, қасбеттер мен қоршауларды безендіруді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дизайн-код – елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді, сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға, көгалдандыруға, жарықтандыруға, қасбеттерге, қоршауларға қатысты, құрылыс салынатын ауданның ерекшеліктері ескерілетін талаптар мен қағидалардың жиынтығы;

      2) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбеті – құрылыс объектілерінің, құрылыс салудың, абаттандырудың және қоршаған ортаның барлық элементтерінің орналасуы тұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған аумақтың кеңістіктік-композициялық шешімі;

      3) абаттандыру элементтері – аумақты абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде қолданылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік құрылғылар, көгалдандыру элементтері, жабдықтау мен ресімдеудің, оның ішінде ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың қасбеттерін жабдықтау мен ресімдеудің түрлері, шағын сәулет нысандары, күрделі емес стационарлық емес құрылыстар мен құрылысжайлар, ақпараттық қалқандар мен көрсеткіштер;

      4) шағын сәулет нысандары – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғалар, маңызды тарихи оқиғалар туралы мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, күркелер, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересектердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      5) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың (технологиялық қосудың) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланысты емес уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;

      6) жарнамалық конструкциялар – бұл жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемді немесе жазық конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электрондық таблолар, жарық конструкциялары және өзге де құралдар.

2-тарау. Дизайн-кодты әзірлеу және бекіту тәртібі

      4. Дизайн-код елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында әзірленеді (абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді орналастыру).

      5. Дизайн-код тарихи, ландшафттық-табиғи, функционалдық, жергілікті ерекшеліктерді және елді мекен тұрғындары мен қонақтарының заманауи қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді.

      6. Елді мекеннің дизайн-коды екі кезеңде әзірленеді:

      бірінші кезең (талдамалық) – елді мекеннің сәулет-стилистикалық сипаттамаларын талдау және бағалау, проблемалық аймақтарының картасын қалыптастыру;

      екінші кезең (жобалық) – дизайн-кодтың мәтіндік бөлігін және стандарттардың графикалық альбомын әзірлеу.

      7. Талдамалық кезең елді мекеннің кеңістіктік композициясын кешенді талдау негізінде елді мекеннің визуалды теңгерімсіздік аймақтарын анықтау және проблемалық аймақтарының картасын қалыптастыру мақсатында әзірленеді және мыналарды қамтиды:

      аумақтың сәулеттік-жоспарлау құрылымын талдау;

      қолданыстағы құрылыстың стилистикалық сипаттамаларын бағалау;

      көшелерді, қоғамдық кеңістіктерді визуалды қабылдауды зерттеу;

      ғимараттардың қасбеттерінің, абаттандыру элементтерінің, жарнамалық және ақпараттық конструкциялардың жай-күйін талдау;

      аумақтың композициялық тұтастығы бұзылған учаскелерді анықтау;

      жоғары визуалды жүктеме аймағын анықтау;

      құрылыстың түс, материалдық және жарық сипаттамаларын бағалау;

      аумақ объектілерін фотофиксациялау;

      визуалды кеңістіктің проблемалық аймақтарын көрсететін картографиялық материалдарды қалыптастыру.

      8. Жобалық кезең талдамалық кезеңнің нәтижелері негізінде нормативтік және стилистикалық шешімдерді әзірлеу мақсатында, сондай-ақ ҚР ЕЖ 3.01-105-2013 "Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру", ҚР ҚН 3.01-05-2013 "Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру", ҚР ӘҚ 3.01-10-2022 "Қалалардың кешенді құрылыс салу стандарты" 4-кітабы және 1, 2, 3, 4-каталогтары ережелері ескеріле отырып әзірленеді және мыналарды қамтиды:

      елді мекен көшелерінің, магистральдарының, туристік бағдарларының, басқа да аумақтарының сыртқы келбеті тұжырымдамасын қалыптастыру;

      сәулеттік-ландшафттық кеңістік қағидаттарын әзірлеу;

      ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіруге қойылатын талаптарды белгілеу;

      маңдайшаларды, жарнамалық және ақпараттық конструкцияларды орналастыру стандарттарын анықтау;

      түс шешімдерін, әрлеу материалдарын және жарықтандыруды қолдану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

      қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға қойылатын талаптарды қалыптастыру;

      аумақ элементтерінің типтік сәулет шешімдерін әзірлеу;

      дизайн-код стандарттарының графикалық альбомын дайындау;

      елді мекеннің кеңістіктік композициясы тұрғысынан жобалық шешімдерді негіздеу.

      9. Дизайн-кодты әзірлеуді ұйымдастыруды сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      10. Дизайн-код сәулет, қала құрылысы және урбанистика саласындағы уәкілетті жергілікті атқарушы органдармен, сәулет және урбанистика саласындағы қоғамдық ұйымдармен және қауымдастықтармен, халықпен және девелоперлермен келісіледі.

      11. Жария талқылаудан және келісуден өткеннен кейін дизайн-код жобасын жергілікті атқарушы органдар Кодекстің 28-бабы 2-тармағының 32) тармақшасына, 29-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, 29-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына, 29-бабы 3-тармағының 18) тармақшасына сәйкес бекітеді.

Об утверждении Правил разработки дизайн-кода

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 мая 2026 года № 256. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2026 года № 38781

      Примечание ИЗПИ!

      Вводится в действие с 01.07.2026.

      В соответствии с подпунктом 35) статьи 24 Строительного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки дизайн-кода;

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности
министра промышленности и
строительства Республики Казахстан
И. Шархан

  Утверждены приказом
Исполняющий обязанности министра
промышленности и строительства
Республики Казахстан
от 22 мая 2026 года № 256

Правила разработки и утверждения дизайн-кода

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработки и утверждения дизайн-кодов населенных пунктов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 35) статьи 24 Строительного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс).

      2. Настоящие Правила регулируют отношения, возникающие между государственными органами, организациями всех форм собственности в процессе формирования гармоничного и стилистически единого архитектурного облика населенных пунктов, в том числе при размещении элементов благоустройства: информационных и рекламных конструкций, малых архитектурных форм, нестационарных объектов, нестационарных торговых объектов, используемых для торговой деятельности и (или) общественного питания, а также при организации озеленения, освещения, оформления фасадов и ограждений с учетом особенностей района застройки.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) дизайн-код - совокупность требований и правил, направленных на формирование гармоничного и стилистически единого архитектурного облика населенных пунктов, в том числе касающихся размещения элементов благоустройства, информационных и рекламных конструкций, малых архитектурных форм, нестационарных объектов, нестационарных торговых объектов, используемых для торговой деятельности и (или) общественного питания, озеленения, освещения, фасадов, ограждений, учитывающих особенности района застройки;

      2) архитектурный облик населенного пункта (составных частей населенного пункта) - пространственно-композиционное решение территории, при котором расположение строительных объектов, всех элементов застройки, благоустройства и окружающей среды направлено на формирование целостной эстетичной архитектуры, комфортной, доступной и безопасной среды;

      3) элементы благоустройства - декоративные, технические, планировочные, конструктивные устройства, элементы озеленения, различные виды оборудования и оформления, в том числе фасадов зданий, строений, сооружений, малые архитектурные формы, некапитальные нестационарные строения и сооружения, информационные щиты и указатели, применяемые как составные части благоустройства территории;

      4) малые архитектурные формы - объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, за исключением сооружений монументального искусства, устанавливаемые для увековечения памяти о выдающихся личностях, значимых исторических событиях, фонтаны, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      5) нестационарный торговый объект - временное сооружение или временная конструкция, непрочно связанные с землей вне зависимости от наличия или отсутствия подключения (технологического присоединения) к сетям инженерно-технического обеспечения, в том числе автоматизированное устройство или транспортное средство;

      6) рекламные конструкции - это сооружения, различного рода объемные или плоскостные конструкции, в том числе экраны и электронные табло, световые конструкции, и иные средства, используемые для распространения и (или) размещения рекламы;

Глава 2. Порядок разработки и утверждения дизайн-кода

      4. Дизайн-код разрабатывается с целью формирования гармоничного и стилистически единого архитектурного облика населенных пунктов (размещение элементов благоустройства, информационных и рекламных конструкций, малых архитектурных форм, нестационарных объектов).

      5. Дизайн-код разрабатывается с учетом исторических, ландшафтно-природных, функциональных, местных особенностей и современных потребностей жителей и гостей населенного пункта.

      6. Дизайн-код населенного пункта разрабатываются в два этапа:

      первый этап (аналитический) – анализ и оценка архитектурно-стилистических характеристик, формирование карты проблемных зон населенного пункта;

      второй этап (проектный) - разработка текстовой части дизайн-кода и графического альбома стандартов.

      7. Аналитический этап разрабатывается с целью выявления зон визуального дисбаланса и формирования карты проблемных зон населенного пункта, исходя из комплексного анализа пространственной композиции населенного пункта и включает в себя:

      анализ архитектурно-планировочной структуры территории;

      оценку стилистических характеристик существующей застройки;

      исследование визуального восприятия улиц, общественных пространств;

      анализ состояния фасадов зданий, элементов благоустройства, рекламных и информационных конструкций;

      выявление участков с нарушением композиционной целостности территории;

      определение зон повышенной визуальной нагрузки;

      оценку цветовых, материальных и световых характеристик застройки;

      фотофиксацию объектов территории;

      формирование картографических материалов, отражающих проблемные зоны визуального пространства.

      8. Проектный этап разрабатывается с целью разработки нормативных и стилистических решений на основе результатов аналитического этапа, а также с учетом положений СП РК 3.01-105-2013 "Благоустройство территорий населенных пунктов", СН РК 3.01-05-2013 "Благоустройство территорий населенных пунктов", книги 4 и каталогов 1, 2, 3, 4 МД РК 3.01-10-2022 "Стандарт комплексной застройки городов" и включает в себя:

      формирование концепции внешнего облика улиц, магистралей, туристских маршрутов, других территорий населенного пункта;

      разработку принципов архитектурно-ландшафтного пространства;

      установление требований к оформлению фасадов зданий и сооружений;

      определение стандартов размещения вывесок, рекламных и информационных конструкций;

      разработку рекомендаций по применению цветовых решений, отделочных материалов и освещения;

      формирование требований к благоустройству общественных пространств;

      разработку типовых архитектурных решений элементов территории;

      подготовку графического альбома стандартов дизайн-кода;

      обоснование проектных решений с точки зрения пространственной композиции населенного пункта.

      9. Организация разработки дизайн-кода осуществляется местным исполнительным органом в сфере архитектуры и градостроительства.

      10. Дизайн-код согласовывается с уполномоченными местными исполнительными органами в области архитектуры, градостроительства и урбанистики, общественными организациями и ассоциациями в области архитектуры и урбанистики, населением и девелоперами.

      11. После прохождения публичного обсуждения и согласования проект дизайн-кода утверждается местными исполнительными органами, в соответствии с подпунктом 32) пункта 2 статьи 28, подпунктом 17) пункта 1 статьи 29, подпунктом 15) пункта 2 статьи 29, подпунктом 18) пункта 3 статьи 29 Кодекса.