"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
________Н. Нуржигитов |
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
_________Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау Жалпы ережелер
1. Осы Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу:
жұмыс жүргізу аумағы шегінде жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты өзектендіру;
геологиялық карталарды жасау;
пайдалы қазбалардың болжанатын (болжамды) ресурстарын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу республикалық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі. Республикалық бюджет шеңберіндегі жұмыстарды қаржыландыру көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жоспарлайды, оны геология саласындағы ұлттық оператор ұйымдастырады және жүргізеді.
2-тарау. Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
5. Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жоспарлауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау құжаттарына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес, сондай-ақ аумақты гидрогеологиялық зерделеу деңгейін және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып жүзеге асырады.
Жоспарлау мақсатында жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстарды жүргізудің объектілік жоспарын су қорларын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның ұсынысын ескере отырып қалыптастырады және бекітеді.
6. Жұмыстар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау шеңберінде жүзеге асырылады.
Тиісті қаржы жылына және жоспарлы үш жылдық кезеңге бекітілген бюджет қаражаты шегінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қаражатты жұмыс түрлері бойынша бөле отырып, объектілік жоспар қалыптастырады.
Объектілік жоспар келесі жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобаларын және гидрогеологиялық ақпаратты талдау және жинақтау жөніндегі тақырыптық жұмыстарды жүргізуге ұсынымдар дайындауды көздейді.
7. Геология саласындағы ұлттық оператор геологиялық іс-шаралар кешенін және олардың сметалық құнын негіздей отырып, жұмыстар жобасын (бұдан әрі-Жоба) әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Бекітілген жоба жұмыстарды жүргізуге негіз болып табылады.
8. Жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді геология саласындағы ұлттық оператор "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 3-тармағына және 74-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыстар кезең-кезеңмен орындалады және мыналарды:
дайындық кезеңін;
далалық кезеңді;
камералдық кезеңді;
геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы деректі дайындауды қамтиды.
9. Геология саласындағы ұлттық оператор:
жұмыстың барлық түрлеріне техникалық тапсырмалар (техникалық ерекшеліктер) дайындайды;
мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңының нормасы шегінде жүргізеді;
жұмыстарды орындауға шарттар жасайды;
олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
алынған нәтижелерді жинауды, талдауды және түсіндіруді жүргізеді.
Жобаны іске асыру шеңберінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 71, 74-бабының 1-тармағына сәйкес зерттеу түрлері орындалады.
10. Жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу шеңберінде ұлттық оператор жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады
Мониторинг орындаушылардың фото - және бейнематериалдарымен қоса, орындалған жұмыстар туралы деректерді ұсынуын, сондай-ақ жұмыстарды орындау барысында алынған геологиялық және өзге де ақпаратты мерзімді қабылдауды жүргізуді қамтиды.
11. Жұмыстардың нәтижелері күнтізбелік жоспарға және мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу қағидаларына сәйкес, кезең-кезеңімен және қорытынды қабылдауға, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
12. Қорытынды дерек республикалық геологиялық қорға және аумақтық тиесілігі бойынша геологиялық қорларға берілуге тиіс.
Геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17050 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ресімделеді және есепке алуға, сақтауға, пайдалануға және ұсынуға жатады.
13. Дерек орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай порталында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
14. Геология саласындағы Ұлттық оператордың қызметін бақылауды мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау Қағидаларына сәйкес жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
| Жерасты суларына жер қойнауын мемлекетті геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына қосымша |
Форма
Объектілік жоспар
№ | Жұмыстар дың, іс-шаралар дың, объектілердің атауы, өңірі, аумақтың (алаң ның) мөлшері | Жұмыстарды жүргізудің тәсілі / негізі | Жүргізу мерзімі | Тол ық смета лық құны | Келі сім-шарт тар бойынша құны |
Келісім-шарт нөмірі мен күні, жұмыстарды орындаушы ұйым | __ жыл ға жос пар | __ жылға жос пар | __ жыл ға жос пар | |
басы (басталуы) | аяқталуы | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | СҚҚ ескеріп қаражат лимиті, барлығы | |||||||||
2. | Аймақтық және геология лық-түсіру жұмыстар: | |||||||||
2.1 |
Тақырып | |||||||||
2.2 | Жобалық-сметалық құжат таманы құрастыру | |||||||||
2.3 | Аймақтық геология лық карталау | |||||||||
2.4 | Шөгінді бассейндердің аймақтық геология лық-геофизика лық зерттеулері | |||||||||
3. | Іздестіру, іздестіру-бағалау жұмыстары | |||||||||
3.1 | Қатты пайдалы қазбалар бойынша іздестіру-бағалау жұмыстары | |||||||||
3.2 | Қатты пайдалы қазбалар бойынша іздестіру жұмыстары | |||||||||
Уәкілетті орган | ||||||||||
1 |
Уәкілетті орган бойынша | |||||||||
2 | Жұмыстың атауы | |||||||||
2.1 | Іс-шараның атауы | |||||||||
2.1.1 | Объектінің атауы | |||||||||
2.2 | … | |||||||||
2.2.1 | … | |||||||||
Аумақтық орган | ||||||||||
1 |
Уәкілетті орган бойынша | |||||||||
2 | Жұмыстың атауы | |||||||||
2.1 | Іс-шараның атауы | |||||||||
2.1. | Объектінің атауы | |||||||||
2.2 | … | |||||||||
2.2.1 | … | |||||||||