"Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 мамырда № 38765 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20083 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының спорттық әдебінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне:

      1) оқу-жаттығу процесіне қатысы бар ақпаратты жария етуге;

      2) спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдалануға;

      3) спорттық жарыстардың немесе оқу-жаттығу жиындарының барысын себепсіз бұзатын немесе араласатын не Қазақстан Республикасының беделіне немесе имиджіне теріс әсер ететін кез келген әрекет немесе мінез-құлыққа;

      4) ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндіруге;

      5) командада өзінің діни нанымдарын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етуге жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 "Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 20 мая 2026 года № 87. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2026 года № 38765

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 "Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20083) следующее изменение:

      в Спортивной этике Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      в пункт 4 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов