"Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 3 наурыздағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 мамырда № 38712 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 3 наурыздағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген бонитерлер (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

      Көрсетілген мерзімді есептеу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама тізілімге енгізілген жылдан кейінгі жылдан басталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 марта 2023 года № 82 "Об утверждении Правил прохождения курсов повышения квалификации и получения сертификата о прохождении курсов повышения квалификации бонитером (классификатором), техником-осеменатором и специалистом по трансплантации (пересадке) эмбрионов"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 мая 2026 года № 188. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 мая 2026 года № 38712

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 12.07.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 марта 2023 года № 82 "Об утверждении Правил прохождения курсов повышения квалификации и получения сертификата о прохождении курсов повышения квалификации бонитером (классификатором), техником-осеменатором и специалистом по трансплантации (пересадке) эмбрионов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32047) следующее изменение:

      в Правилах прохождения курсов повышения квалификации и получения сертификата о прохождении курсов повышения квалификации бонитером (классификатором), техником-осеменатором и специалистом по трансплантации (пересадке) эмбрионов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Бонитеры (классификаторы), техники-осеменаторы и специалисты по трансплантации (пересадке) эмбрионов, включенные в государственный цифровой реестр разрешений и уведомлений в области племенного животноводства (далее – реестр), один раз в три года проходят курсы повышения квалификации.

      Исчисление указанного срока начинается с года, следующего за годом внесения уведомления о начале деятельности в области племенного животноводства в реестр.".

      2. Департаменту животноводства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров