ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысанын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Акт және нұсқама үш данада жасалады.
Мемлекеттік инспектор актінің/нұсқаманың бірінші данасын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына, актінің/нұсқаманың екінші данасын қағаз тасығышта қол қойғызып немесе электрондық нысанда танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның өкілетті адамына, жеке тұлғаға) тапсырады, актінің/нұсқаманың үшінші данасы мемлекеттік инспекторда қалады.
Электрондық нысанда қалыптастырылған акт және нұсқама бақылау субъектісінің таңдауы бойынша "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған акт және нұсқама бақылау субъектісі көрсеткен электрондық почта мекенжайына да жіберіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге хаттама жасалғаннан кейін оның көшірмесі осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дереу қолхатпен табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "цифрлық үкіметтің" веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның (адам өкілінің) өтініші бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште тапсыру не ол көрсеткен почталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының 10-тармағында көзделген өзге де тәсілмен дереу ұсынылады."
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі