"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 226 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 мамырдағы № 119-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38679 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Білім беру жинақтаушы сақтандырудың үлгілік шартында:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шартты электрондық нысанда жасасу кезінде Сақтанушының, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - Пайда алушы мен Қатысушы-сақтандыру ұйымы арасында цифрлық ресурстар алмасу тәртібі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабымен айқындалады.";

      57-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама;".

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда өзінің цифрлық жүйелерінің оператордың цифрлық жүйелерімен ықпалдасуын қамтамасыз етуге құқылы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
_______Ш. Акпарова
      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
_______Г. Кобенова

О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 8 января 2024 года № 7 и Министра просвещения Республики Казахстан от 9 января 2024 года № 4 "О некоторых вопросах в сфере Государственной образовательной накопительной системы"

Совместный приказ и.о. Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 мая 2026 года № 226 и и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 5 мая 2026 года № 119-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2026 года № 38679

      Вводится в действие с 12 июля 2026 года.

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 8 января 2024 года № 7 и Министра просвещения Республики Казахстан от 9 января 2024 года №4 "О некоторых вопросах в сфере Государственной образовательной накопительной системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33897) следующие изменения:

      в Типовом договоре образовательного накопительного страхования, утвержденном указанным совместным приказом:

      часть третью пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "При заключении Договора в электронной форме порядок обмена цифровыми ресурсами между Страхователем, в случае смерти Страхователя – Выгодоприобретателем и Страховой организацией-участником определяется статьей 15-2 Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности".";

      подпункт 2) пункта 57 изложить в следующей редакции:

      "2) копия свидетельства о смерти либо уведомление о смерти, полученное посредством веб-портала "цифрового правительства";".

      в Типовом соглашении о сотрудничестве в сфере Государственной образовательной накопительной системы между оператором в сфере Государственной образовательной накопительной системы и организацией образования-участником, утвержденном указанным совместным приказом:

      подпункт 3) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "3) в случае наличия технических возможностей обеспечить интеграцию собственных цифровых систем с цифровыми системами оператора.".

      2. Департаменту экономики и финансов Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности
министра просвещения
Республики Казахстан
__________Ш. Акпарова
      Исполняющий обязанности
министра науки и высшего образования
Республики Казахстан
__________Г. Кобенова