ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 380 |
|
| бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйектегі "Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы" № 1463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17527 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Адвокаттық құпиямен немесе заң консультантының құпиясымен қорғалатын құпия ақпаратты қоспағанда, электрондық тізілімде қамтылған мәліметтерді адвокат немесе заң консультанты заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесіне енгізеді.";
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйектегі "Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" № 1464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысына:
20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 83-бабы 2-тармағының талаптарын сақтау мақсатында Палата заң консультанттары палатасының мүшелігіне кіру үшін үміткердің құжаттарын қабылдау кезінде заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде орналастырылған заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімін тексереді."
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамыздағы "Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы" № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29337 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларына:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін орналастырады.
Заң консультанттары палатасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында, сондай-ақ заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін орналастырады."
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді заң консультанты жеке тұлға өтініш берген кезде тікелей және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады."
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құқықтық консультация беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдауды өтініш беруші (жеке тұлға) жүзеге асырады.
Соттардың тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдау заң консультанттары палаталары қалыптастырған кестеге сәйкес қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады."
16-17 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Заң консультанттары құқықтық консультация беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің есебін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілімінде жүргізеді, онда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш жасалған күн, мәселенің мәні, көрсетілген заң көмегінің түрі мен нысаны, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның және заң консультантының қолы көрсетіледі.
Құқықтық консультация беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
17. Заң консультанттары өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есепті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырады.";
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң консультанттары көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есеп аумақтық әділет органына заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ұсынылады."
көрсетілген қағидаларының №1 қосымшасынның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Келісім заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қалыптастырылады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады."