ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарда, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының адал іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтанушыларға зиян келтірудің алдын алу мақсатында, осы Талаптармен сақтандыру қызметіндегі жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі, сақтанушылардың жолданымдарын қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларға қойылатын талаптар белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Сақтандыру ұйымы, оның қызметкерлері және сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикаларға жол бермейді.
Жосықсыз практикалар түрлеріне оның ішінде мыналар жатады:
1) сақтанушыны оның мәлімделген қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін сақтандыру өнімін сатып алуға ынталандыру;
2) сақтандыру өнімінің елеулі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау не толық ашпау;
3) сақтандыру өнімін немесе сақтандыру ұйымын таңдау еркіндігін шектейтін жағдайлар жасау;
4) сақтандыру өнімдерін және (немесе) қосымша қызметтерді таңу, сондай-ақ оларды сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасыру;
5) сақтанушыны жаңылыстыратын не оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік).
Сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде сақтандыру ұйымдары өз қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қызметінің жосықсыз іс-қимыл, жосықсыз практикалар тәуекелдерін анықтау және алдын алу және олардың алдын алу мен жою үшін қажетті түзету шараларын қабылдау мақсатында ішкі құжаттармен айқындалатын тәртіппен және кезеңділікпен тұрақты мониторингті қамтамасыз етеді. Қызметтің тұрақты мониторингі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
сақтандыру өнімдерін түпкілікті сатып алуды жүргізу;
сақтандыру өнімдері бойынша жолданымдар туралы деректерді талдау;
сақтанушылардың көрсетілген сақтандыру қызметтерімен қанағаттануын өлшеу.
2-2. Сақтандыру ұйымы қызмет көрсету тәсіліне қарамастан консультация беру және сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты сақтанушыға жеткізудің міндетті тізбесін, мазмұнын, нысанын және дәйектілігін белгілейтін ішкі құжатты (сақтандыру өнімдері бойынша ақпаратты ашу жөніндегі нұсқауды) бекітеді.
Ішкі құжат сақтандыру ұйымының барлық қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қолдануы үшін міндетті және сақтандыру ұйымы олардың қызметін оқыту, бақылау және мониторингтеу кезінде пайдаланады.
Сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты ашуды консультация берудің, сақтандыру шартын жасау мен ілеспе қызмет көрсету кезеңдерінде тегін жүзеге асырады.
Сақтандыру өнімі, сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ашылатын ақпарат шынайы нысанда баяндалады, анық және әртүрлі түсіндіруге болмайтын мағынаға ие болады.
Сақтанушымен сақтандыру шарты жасалғанға дейін сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенттері сақтанушыға жазбаша нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты қоса алғанда, қысқа және қолжетімді нысанда сақтандыру өнімі туралы негізгі ақпаратты қамтитын негізгі ақпараттық құжат;
сақтандыру шартының жобасы – сақтанушының қалауы бойынша.
Сақтанушының көрсетілген құжаттармен танысуы оның қолымен расталады және сақтандыру шартын жасасу кезінде осы сақтандыру шарты бойынша сақтанушының сақтандыру досьесіне қоса тіркеледі.
Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау кезінде сақтанушының осы тармақта көзделген құжаттармен танысуы сақтанушының сақтанушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін электрондық нысанда тиісті белгі қоюымен, сондай-ақ мұндай танысудың күні мен уақытын растайды.
Сақтанушымен оның жеке қатысуынсыз, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасау кезінде ақпаратты ашу жеке өзара іс-қимылмен салыстырылатын көлемде және форматта жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың мүмкіндіктері мен түсіну деңгейін ескере отырып, ақпаратты ашу тәсілдерін бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ақпаратты ашу олардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады және оларға осы тармақта көзделген ақпараттан басқа, қолжетімді қызмет көрсету арналары мен оларды пайдалану тәртібі, бейімделген қызмет көрсету кеңселері мен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының болуы мен жұмыс режимі, құжаттар мен ақпарат алу форматтары, сақтанушының не оның өкілінің өтініші бойынша жекелеген қызмет көрсету арналарын шектеу немесе ажырату мүмкіндіктері, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезіндегі шектеулер және оларды белгілеу тәртібі, сондай-ақ құжаттарға қол қою, сақтанушының ерік білдіруін растау және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезінде сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің консультацияларын алу тәсілдері туралы мәліметтерді жіберуді қамтиды.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың офистерде, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында және мобильді қосымшада сақтандыру өнімдері туралы жалпы ақпаратқа тұрақты және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:
"29. Сақтандыру ұйымы сақтандыру өнімдерінің шарттарын, сақтандыру тәуекелдерін және қабылданатын шешімдердің салдарын түсінуді қалыптастыруға бағытталған, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жыл сайын әзірлейді және бекітеді.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде (сату және қызмет көрсету офистерінде, интернет-ресурста, мобильді қосымшада, консультациялар беру кезінде, баспа материалдары арқылы) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты негізде іске асырылады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы оның ішінде мыналарды қамтиды:
1) сақтандыру өнімдерінің шарттарын, сақтандыру тәуекелдері мен ерекше жағдайларды түсіндіру;
2) сақтанушылардың құқықтары мен міндеттері, жолданым беру тәртібі және құқықтарды қорғау туралы хабардар ету;
3) интернет-ресурсты, мобильді қосымшаны, жеке кабинетті пайдалану ерекшеліктері және олармен байланысты тәуекелдер туралы хабардар ету.
Сақтандыру ұйымы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, өзінің интернет-ресурсында қаржылық сауаттылық бойынша жалпыға қолжетімді материалдар орналастыруды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру ұйымы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасының нәтижелері мен анықталған іс-қимыл тәуекелдерін ескере отырып, оны жыл сайын түзетеді.
30. Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың жолданымдарын осы Талаптарда, сондай-ақ сақтандыру ұйымы сақтанушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерінде белгіленген тәртіппен қарауын қамтамасыз етеді.
Сақтанушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтандыру ұйымы бекітеді және айқындайды, оның ішінде:
1) басқару органының және атқарушы органның сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы үшін жауапкершілігін;
2) жолданымдарды қарауға қатысатын сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің және бөлімшелерінің функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін бөлуді;
3) сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметкерлер мен сақтандыру агенттерінің кәсіптік құзыретіне қойылатын талаптарды;
4) өзара іс-қимыл ерекшеліктерін, ақпарат алудың қолжетімді нысандарын және сенім білдірілген адамның қатысу мүмкіндігін қоса алғанда, қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі саласындағы ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып, мүгедек адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тәртібі туралы бөлімді;
5) дауларды реттеу және қаржы омбудсманымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
6) жосықсыз практикалардың алдын алу жөніндегі шараларды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді айқындайды.
Сақтандыру ұйымының сақтанушылардың жолданымдарын қарауы сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдеріне, сондай-ақ "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген) көзделген, клиенттердің сақтандыру қызметтерін көрсету процесінде келіп түскен жолданымдарын қараудың ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және сақтанушылардың мынадай:
сақтандыру өнімдерін ұсыну мәселелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаның жолданым беру сервисі көзделген сақтандыру ұйымының қолма-қол, пошта не сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы не ақпараттандыру нысандары арқылы келіп түскен жазбаша жолданымдармен;
сақтанушы телефон арқылы не сақтандыру ұйымының кеңсесіне жеке келген кезде келіп түскен ауызша жолданымдармен жұмысты қамтиды.
Интернет-ресурста және (немесе) мобильді қосымшада нақты уақыт режимінде хабарлармен алмасу жүйесі арқылы жіберілген және (немесе) сақтандыру ұйымының атына тіркелген абоненттік нөмірлерге келіп түскен хабарлар сақтанушылардың жолданымдары болып танылмайды және ақпараттық сипаттағы ретінде қаралады. Сақтанушы нақты уақыт режимінде хабарлармен алмасу жүйесі арқылы шағым, талап жіберген немесе сақтандыру ұйымының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, сақтанушыға осы Талаптарға сәйкес жолданым беру тәртібі түсіндіріледі.
Мынадай жолданымдар:
1) қызметкердің бір мезгілде сақтанушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің, егер олар сақтандыру қызметтерін ұсынумен байланысты болмаса, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс берушіге жүгінуі;
2) акционерлер, қатысушылар, басқару органдарының мүшелері және сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру қызметтерін көрсетуге байланысты емес корпоративтік жанжалдар мен даулар;
3) сақтандыру қызметтерін көрсетуге жатпайтын (жалдау, жеткізу, мердігерлік, аутсорсинг, АТ-сүйемелдеу) сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы болып табылмайтын контрагенттердің жолданымдары;
4) сақтандыру ұйымының іс-әрекеттеріне қанағаттанбаушылық білдіруді қамтымайтын ақпаратқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруге сұрау салулар;
5) егер сақтанушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы мәліметтерді қамтымайтын болса, сақтандыру ұйымының есептілік (салық есептілігі, статистикалық немесе басқа да есептілік) беруіне байланысты сұрау салулар;
6) нақты сақтанушының құқықтарының бұзылуын көрсетпей, Қазақстан Республикасының заңнамасын болжамды бұзу, сыбайлас жемқорлық, теріс пайдалану туралы жолданымдар;
7) нақты сақтанушының мүддесі үшін жолданымдарды қоспағанда, нақты сақтандыру шарты бойынша сақтанушылар болып табылмайтын бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктердің жолданымдары;
8) сақтанушылардың дербес жолданымдарын қамтымайтын бақылау, қадағалау және құқық қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен хат алмасу;
9) мазмұнын және (немесе) өтініш берушінің талаптарын анықтауға мүмкіндік бермейтін (оқуға келмейтін мәтіндер, байланыссыз хабарлар немесе жаппай автоматтандырылған таратылымдар) жолданымдар жатпайды.
Сақтандыру ұйымының уәкілетті адамдары оның ішінде филиалдарда және өкілдіктерде бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді. Егер жолданым жеке қабылдау кезiнде шешілмейтін болса және қосымша пысықтауды талап етсе, сақтанушы оны жазбаша нысанда ресімдейді және ол жазбаша жолданым ретiнде қаралады.
Телефон арқылы ауызша жолданымдар міндетті түрде тіркелуге жатады, әңгімелесулерді жазу сақтанушының келісімімен әңгіме басында бұл туралы хабарлаған кезде жүргізіледі. Сақтандыру ұйымына ауызша нысанда (телефон арқылы не жеке өзі барған кезде) келіп түскен жолданымдар жүгінген уақытта қаралады. Егер ауызша жолданымды жүгінген шешу мүмкін болмаса, сақтанушыға жазбаша жолданым беру тәртібі және оны қарау мерзімдері түсіндіріледі.
Сақтанушылардың жазбаша жолданымдары, оның ішінде сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы келіп түскен жолданымдар сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі. Сақтанушы оның жазбаша жолданымының қабылданғанын растайтын құжат беріледі не жолданымның көшірмесінде тиісті белгі қойылады. Жолданымдарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
Жолданымды қарау үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыдан қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратады.
Сақтандыру ұйымы жолданымдарды объективті түрде, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді және сақтанушыны оларды қарау нәтижелері туралы және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
Жазбаша жолданым ұсынылған тілде беріледі және мыналарды:
әрбір мәселе бойынша негізделген және уәжделген дәлелдерді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарына және сақтандыру шартының талаптарына сілтемелерді;
белгіленген нақты мән-жайлардың сипатын;
шешімге шағым беру құқықтарын түсіндіруді қамтиды.
Жауапқа уәкілетті адам қол қояды және сақтанушыға сақтандыру шартында көзделген тәсілмен беріледі. Қолтаңбаны факсимильді көшіру немесе сақтандыру ұйымының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де тәсілді пайдалануға жол беріледі. Жеке өзі келген жағдайда жауап сақтанушыға немесе оның өкіліне қол қойдыра отырып, тіркеу журналына белгі қойылып тапсырылады.
Сақтандыру ұйымы келіп түскен жолданымдардың жіктелуін жүргізеді, ол мыналарды:
барлық жазбаша жолданымдардың тіркелуін;
жолданым бойынша негізгі ақпаратты;
сақтандыру қызметтерін ұсыну процесінде келіп түскен клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібінің талаптарына сәйкес жолданымдардың жіктелуін;
ақпараттың кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді.
Жолданым бойынша негізгі ақпарат мыналарды:
жеке тұлғалар үшін: сақтанушының (пайда алушының) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін, тұрғылықты жерін және байланыс деректерін;
заңды тұлға үшін: атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, орналасқан жерін және байланыс деректерін;
сақтандыру сыныбы туралы ақпаратты;
сақтандыру түрін;
жолданымның тіркеу нөмірін және күнін;
сақтанушының деректерін, тұрғылықты мекенжайын және байланыс деректерін;
жолданымның келіп түсу арнасын;
сақтандыру өнімінің типін;
мәселенің жіктеуішін;
жауапты қызметкерлер туралы мәліметтерді;
ішкі тексерулер туралы мәліметтерді;
қабылданған шешімді қамтиды.
Жеке тұлғалар клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында сақтандыру ұйымы функцияларына мыналар кіретін құрылымдық бөлімшелердің қандай да бір қызметіне тәуелсіз бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді:
1) ұйымның қызметкерлері мен агенттерінің ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сақтандыру шарттарын бақылау сатып алуды жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
2) сақтандыру шарттарының ашықтығын және сатудың дұрыстығын тексеру (сәйкес келмейтін өнімдерді сату);
3) ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік беру;
4) ұйымның сақтандыру өнімдерін ілгерілету және жарнамалау практикаларын талдау;
5) қаржы омбудсманының шешімдерін орындау мониторингі;
6) жолданымдарды, оның ішінде жолданымдар беруге арналған арналарды (интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаны қоса алғанда) қарау процестерінің тиімділігін бағалау;
7) клиенттердің жолданымдарына талдау жүргізу;
8) сақтандыру қызметтерін көрсету процестерінде, оның ішінде интернет-ресурста және мобильді қосымшада жүйелік проблемаларды анықтау;
9) сақтандыру қызметтерін көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар, жолданымдарды, оның ішінде сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерін әзірлеу;
10) жосықсыз практикаларды сәйкестендіру және алдын алу рәсімдері.".
2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы:
осы қаулының 1-тармағының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші,жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтарын;
осы қаулының 1-тармағының 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін қырық үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
осы қаулының 1-тармағының қырық төртінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"5) дауларды реттеу және сақтандыру омбудсманымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;";
осы қаулының 1-тармағының тоқсан төртінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"5) сақтандыру омбудсманының шешімдерін орындау мониторингі;".
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы | М. Абылкасымова |