ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы |
А. Иргалиев |
| Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 2 бұйрығына қосымша |
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы ұйымның (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібі
2. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру заңдылық, сенімділік және объективтілік, орындылық, пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру деректер құрамын, өңдеу әдістерін, ұсыну форматын және ұсыну шарттарын анықтауды қоса алғанда цифрлық деректер өнімін әзірлеу процестерінің жиынтығын қамтиды.
3. Ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларының негізінде, сонымен қатар қолжетімді деректерді талдау негізінде өз бастамасы бойынша цифрлық деректер өнімдерін қалыптастырады.
4. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру мынадай кезеңдерді:
1) цифрлық деректер өнімінің мақсаты мен мазмұнын анықтауды;
2) деректер көздерін анықтауды;
3) деректерді өңдеу және (немесе) талдауды;
4) цифрлық деректердің қорытынды өнімін қалыптастыруды қамтиды.
5. Цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезінде дереккөз ретінде:
1) бастапқы статистикалық деректер;
2) әкімшілік деректер;
3) балама деректер;
4) статистикалық ақпарат;
5) талдамалық ақпарат;
6) басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың статистика органдарының статистикалық ақпараты қызмет етеді.
Балама деректердің меншік иелері немесе иеленушілері цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру үшін балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес оларды өтеусіз негізде ұсынады
6. Цифрлық деректер өнімдері деректерді де, оларды беру және пайдалану тәсілдерін де қамтитын мынадай негізгі түрлерде:
1) статистикалық және талдамалық ақпарат;
2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жетімділікті, визуализациялауды және пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық сервистер мен ақпараттық витриналар;
3) цифрлық деректер өнімдеріне автоматтандырылған қол жетімділік және интеграцияны қамтамасыз ететін бағдарламалық интерфейстер қалыптастырылады.
7. Цифрлық деректер өнімінің түрін ведомстволық бағынысты ұйым оны қалыптастыру мақсатына, сипаттамаларына және пайдаланушылардың болжамды шеңберіне сүйене отырып анықтайды.
8. Цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезеңдері, сондай-ақ қолданылатын әдістер мен құралдарды нақтылау ведомстволық бағынысты ұйымымен айқындалады.
9. Ведомстволық бағынысты ұйым цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын және жеке деректердің, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
10. Цифрлық деректер өнімі мынадай қасиеттерге ие:
1) дербес деректер субъектілерін тікелей және (немесе) жанама әдістермен сәйкестендіру мүмкіндігіне жол беретін дербес деректерді қамтымайды;
2) цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, өңделген және құрылымдалған;
3) құрамы, құрылымы, мақсаты және пайдалану шарттары туралы қажетті метадеректерді қамтиды.
11. Ведомстволық бағынысты ұйым қолда бар деректер мен ақпарат көздері шегінде қалыптастырылатын цифрлық деректер өнімдерінің өзектілігін қамтамасыз етеді.
Цифрлық деректер өнімдерінің өзектілігі деп олардағы мәліметтердің жаңартудың белгіленген кезеңділігін ескере отырып, пайдаланылатын ақпарат көздерінен алынған соңғы деректерге сәйкестігі түсініледі.
12. Ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомстволық бағынысты ұйым тарататын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімін жүргізеді.
13. Ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей экономика саласын дамыту жөніндегі уәкілетті орган ведомтсвосына барлық орналастырылатын цифрлық деректер өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын таратылатын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімін жібереді.
14. Таратылатын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімі пайдаланушылардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымның интернет-порталында жарияланады.
| Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидаларына қосымша |
Таратылатын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімінің нысаны
Жр/н | Цифрлық деректер өнімінің атауы | Цифрлық деректер өнімінің түрі | Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру көздері | Жаңарту кезеңділігі | Ұсыну шарттары | Тізілімге енгізілген күні | Ескертпе |
1 | |||||||