ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу төртінші, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс төртінші, алпыс сегізінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, тоқсан алтыншы, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші және жүз отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 98 Бұйрығымен |
|
| бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, тіркеуін жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерінде кондукторға (жүргiзушiге) тікелей автобусқа отырғызу кезінде, ол аялдама пунктінен жөнелтілгенге дейін, немесе жол жүру үшін цифрлық төлем жүйесі арқылы төлейді.
Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын цифрлық жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын (ол болған кезде), билетті сату кезінде көзделген автокөлік құралына орын нөмірін және оның орналасуын тексеру жолымен жүзеге асырылады.";
92-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органнан маршрут бойынша келісілген қозғалыс схемалары мен маршрут бойынша қозғалыс кестелерін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтерді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрі - Рұқсат) (бұдан әрі – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшін, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда "Электрондық жолданымдар" цифрлық-талдау жүйесі арқылы немесе қағаз нысанда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның кеңсесіне мынадай құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің жауапты тұлғасы қол қойған, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда мөрмен (болған жағдайда) расталған жеке папкаға ресімделген мына құжаттарды:";
94-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"94-1. "Электрондық жолданымдар" цифрлық-талдау жүйесі арқылы электрондық нысанда ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 92 және 101-тармақтарының талаптарына сәйкес келген кезде, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тасымалдаушыға осы Қағидалардың 92-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну үшін хабарлама жібереді.";
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"182. Конкурс нәтижелерiне шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. "Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-16) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-16) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау, сондай-ақ "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
3-тармаққа мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының шығындары жатады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тасымалдаушы (жеке немесе заңды тұлға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтінішті (бұдан әрі –өтініш) және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тізбеде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші өтініш ЕЛ МДҚ келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы түскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы қарау үшін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар топтамасы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау және төлеу туралы хабарламаны ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісуі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
25. Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
осы Бұйрыққа 8-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
осы Бұйрыққа 9-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
3. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20587 болып тіркелген):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші өтініш ЕЛ МДҚ келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі – Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес өтініш пен ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша қосарланған маршруттар автобустары арасындағы жоспарланған жүру интервалын құрайтын шартты қарайды және кенттер, ауылдар арасындағы аудан орталықтарымен және аудан орталықтары облыс орталығымен және облыстық маңызы бар өзге де жақын орналасқан қалалармен байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарламаны ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1. Тізбенің 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
осы Бұйрыққа 1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;
осы Бұйрыққа 2-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жазылсын.
4. "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20791 болып тіркелген):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде жазылған.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші өтініш ЕЛ МДҚ келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарайды.
Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге, осы Қағидалардың талаптарына және Біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын сәйкес келтірген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.";
13-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-2. Тізбенің 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
13-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-3. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
осы Бұйрыққа 5-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Өтініш
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты (бұдан әрі – шарт):
1) шарт нөмірі №: ________;
2) шарт жасасу күні (күні, айы, жылы): __________;
3) шарт қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________.
2. Маршрут түрі:
1) қалалық (ауылдық) □;
2) қала маңындағы □;
3) ауданішілік □;
4) ауданаралық (қалааралық облысішілік) □.
3. Маршрут атауы және (немесе) нөмірі: ____________.
4. Маршрутқа қызмет көрсетудің кезеңі:
1) қызмет көрсетуді бастау күні (күні, айы, жылы) _____________;
2) қызмет көрсетуді аяқтау күні (күні, айы, жылы) _____________.
5. Субсидия сомасы (цифрмен және теңгемен көрсетіледі): ____________;
6. Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасы қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға қызметті жүзеге асыру немесе жеке әрекеттердің мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
* Осы өтініштің 3-тармағы бойынша мәліметтерді толтырған кезде қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда маршруттың нөмірі көрсетіледі, ал ауданішілік немесе ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.
"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік):
1) куәлік нөмірі №: ________;
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
4) куәлікті берген жергілікті атқарушы органы: ___________.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты (бұдан әрі - шарт):
1) шарт нөмірі №: ________;
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
4) шартты жасасқан жергілікті атқарушы органы: ___________.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау қатынасының түрі (бұдан әрі – қатынас түрі):
1) қалалық (ауылдық) □;
2) қала маңындағы □;
3) ауданішілік □.
4. Маршруттың атауы: бастапқы пункттің атауы __________, соңғы пункттің атауы __________.
5. Қозғалыс кестесі: бастапқы пункттен жөнелту уақыты ____________, соңғы пункттен жөнелту уақыты ___________.
6. Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасы қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға қызметті жүзеге асыру немесе жеке әрекеттердің мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
*Осы өтініштің 4 және 5-тармақтары бойынша мәліметтерді толтырған кезде бір бастапқы пункттен жөнелту уақытын және бір соңғы пункттен жөнелту уақытын көрсете отырып, бір маршруттың атауы көрсетіледі.
Қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда елді мекенде орналасқан аялдама пункттерінің атаулары көрсетіледі.
Ауданішілік қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.
Аралық пункттер, олар бар болғанда маршрут схемасында және қозғалыс кестесінде көрсетіледі.