БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасы, 4, 8 және 17-тармақтары 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4) Электрондық еңбек биржасы - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын ақпараттық объект.";
"4. Республикалық деңгейде еңбек ресурстарының болжамдарын есептеу үшін ресми статистикалық ақпаратты өңдеуге және модельдеуге арналған цифрлық объектілер қолданылады, оның көмегімен өткен тенденциялардың себеп-салдарлық параметрлері талданады және талдау нәтижелері бойынша еңбек ресурстарының болжамдары және нәтижелерді визуализациялау жүзеге асырылады.";
"8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер көзі "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған цифрлық жүйесі, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында орналастырылатын деректер болып табылады.";
"17. Сауалнамаға жататын жұмыс берушілердің тізбесі ведомстволық цифрлық жүйелердің деректері негізінде қалыптастырылады.
Репрезентативтілікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган экономика саласында жұмыс істейтін белсенді кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің жалпы санының 5 % бойынша әрбір экономика саласы үшін (жұмыс берушілердің тізбесін жасау алдындағы үш айдан бір ай үшін міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу өлшемшарттары бойынша) іріктеуді (орналасқан жерін және кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір санатын ескере отырып) есептеп шығарады.".
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалау агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) еңбек ресурстарын болжау - бұл болашақ жұмыс күшіне деген сұранысты ғылыми негізделген перспективтік бағалау;
2) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі - жұмыс күшіне сұраныс болжамын айқындауға мүмкіндік беретін қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені;
3) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) Электрондық еңбек биржасы - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын цифрлық объект;
3. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін республикалық деңгейде уәкілетті мемлекеттік орган, өңірлік деңгейде - аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, еңбек мобильділігі орталықтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастырады.
2-тарау. Республикалық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәртібі
4. Республикалық деңгейде еңбек ресурстарының болжамдарын есептеу үшін ресми статистикалық ақпаратты өңдеуге және модельдеуге арналған цифрлық объектілер қолданылады, оның көмегімен өткен тенденциялардың себеп-салдарлық параметрлері талданады және талдау нәтижелері бойынша еңбек ресурстарының болжамдары және нәтижелерді визуализациялау жүзеге асырылады.
5. Республикалық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі:
1) қысқа мерзімді кезеңге - жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей және төрт тоқсанды қамтиды, болжау кезеңі - 1 (бір) жылға;
2) орта мерзімді кезеңге - жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей, болжау кезеңі - болжамды қалыптастыру жылын қоса алғанда, кемінде 6 (алты) жылға;
3) ұзақ мерзімді кезең (демографиялық болжам), жыл сайын желтоқсан айында болжау кезеңінде, қалыптастыру жылын қоса алғанда, 2050 жылға дейін қалыптастыралды.
6. Қысқа мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі экономика салалары, өңірлер мен қызмет топтары бөлінісінде электрондық еңбек биржасында орналастырылатын немесе мансап орталығына жазбаша түрде жіберілетін жұмыс берушілердің тиісті ақпараты негізінде қалыптастырылады, кейіннен мынадай теңдеудің көмегімен талдау және өңдеу жүргізіледі:

мұнда, Xt – t кезеңіндегі бос орындардың болжамды саны;
c, ai, bj – модель параметрлері;
p, d, q – авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі;
Dd – d тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.)
![]()
7. Жұмыс күшінің болжамды сұранысын айқындау бөлігінде орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі мынадай ақпарат негізінде қалыптастырылады:
1) халықтың, оның ішінде жұмыс күшіне кіретін халықтың саны;
2) халықтың туу көрсеткіші;
3) негізгі себептер бойынша халықтың өлім-жітімі;
4) бағыттар бөлінісінде халықтың көші-қоны;
5) өңір-экономика саласы бөлінісінде жұмыспен қамтылған халық.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер көзі "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған цифрлық жүйесі, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында орналастырылатын деректер болып табылады.
9. Жалдамалы жұмыскерлерге болжамды сұранысты айқындау бөлігінде орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі экономика салалары, өңірлер және қызметтер топтарының бөлінісінде, оның ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген көрсеткіштер ескеріле отырып қалыптастырылады.
10. Жалдамалы жұмыскерлердің жұмыс күшіне сұраныс болжамы жаңа сұранысқа және алмастыруға байланысты сұранысқа бөлінеді.
11. Ауыстыру сұранысы зейнетке шығу және өлім-жітім себептері бойынша сұраныстың қосындысы ретінде есептеледі.
Зейнетке шығу себептері бойынша сұраныс туған күн бойынша анықталады.
Өлім-жітім себептері бойынша сұраныс еңбекке алынған жұмыскерлер санына өлім-жітім коэффициенттерін қолдану арқылы анықталады, бұл коэффициенттер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган тарапынан қалыптастырылады.
12. Орта мерзімді кезеңдегі жұмыс күшіне болжамды сұранысты айқындау үшін жұмыс күшіне сұраныс экономика салалары бойынша жұмыспен қамту факторларына сәйкес қалыптастырылатын теңдеу пайдаланылады:
![]()
мұнда
![]()
– x жылында r өңірінде және i экономика саласында жұмыс күшіне сұранысты бағалау болжамы;
![]()
– r өңірінің және i экономика саласы үшін сұраныс теңдігінің базалық коэфиценті;
![]()
– i экономика саласы және r өңірі үшін факторлық коэффициенті;
![]()
– x жылында r өңіріндегі i экономика саласының жұмыспен қамту факторларының болжамды мәнінің векторы.
![]()
коэффициенттерін қайта есептеу жыл сайын жүзеге асырылады, бұл ретте, қайта бағалау нәтижелері бойынша негізгі драйверлердің жиынтығы
![]()
олардың жаңа кезеңдер үшін қалыптасқан халықты жұмыспен қамтудың нақты көрсеткіштерімен байланысының орнықтылығына сәйкес өзгереді.
13. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мәліметтер негізінде республикалық деңгейде орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілік туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырады және жыл сайын 20 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілік туралы нәтижелерді білім, ғылым және жоғары білім беру салаларындағы уәкілетті органдарға жібереді.
14. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі (демографиялық болжам) осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпаратты пайдалана отырып қалыптастырылады.
Халықтың, туылғандардың, қайтыс болғандардың, жұмыс күшінің болжамды саны сияқты болжамды демографиялық көрсеткіштер (демографиялық болжам) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің ұзақ мерзімді кезеңге нәтижесі болып табылады.
3-тарау. Өңірлік деңгейде еңбек ресурстарының болжамдарын қалыптастыру тәртібі
15. Өңірлік деңгейде:
1) жұмыс берушілердің сауалнамасының нәтижелері негізінде кадрларға қажеттіліктің болжамы - жыл сайын 3 (үш) жылға дейінгі кезеңге;
2) орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамы - болжамды қалыптастыру жылын қоса алғанда 6 (алты) жылға;
3) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу үшін ұсыныстар - жыл сайын 1 сәуірге дейін қалыптастырылады.
16. Жұмыс берушілермен сауалнаманы жүргізу Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы республикалық маңызы бар қалалар, астана мен аудандар бөлінісінде жүзеге асырылады.
17. Сауалнамаға жататын жұмыс берушілердің тізбесі ведомстволық цифрлық жүйелердің деректері негізінде қалыптастырылады.
Репрезентативтілікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган экономика саласында жұмыс істейтін белсенді кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің жалпы санының 5 % бойынша әрбір экономика саласы үшін (жұмыс берушілердің тізбесін жасау алдындағы үш айдан бір ай үшін міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу өлшемшарттары бойынша) іріктеуді (орналасқан жерін және кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір санатын ескере отырып) есептеп шығарады.
18. Кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер ағымдағы және кейінгі жылдары кәсіптер бойынша кадрларға сандық қажеттілік тұрғысынан сұралады.
19. Сауалнама Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрастыратын және Электрондық еңбек биржасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылатын сауалнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
20. Жұмыс берушілермен жүргізілген сауалнама нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын 25 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті атқарушы органға және уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
21. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс күшінің сұранысын талдайды, болжайды.
Жыл сайын 20 сәуірге дейін жергілікті атқарушы орган уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген "Жұмыс күшіне сұранысты болжау" әкімшілік деректердің нысанына сәйкес жұмыс күшіне сұраныс болжамын ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс күшіне сұраныс болжамын осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес, осы Қағидаларға 3 қосымшада көрсетілген Жұмыспен қамту динамикасын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға болжамды қажеттілікті айқындау жөніндегі алгоритмін негізге ала отырып қалыптастырады.
4-тарау. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін пайдалану тәртібі
22. Уәкілетті мемлекеттік орган республикалық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, сондай-ақ көші-қон салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдаланады.
23. Республикалық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:
1) жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;
2)халықтың қалың тобын еңбек нарығындағы ахуал, оның даму перспективалары және сұранысқа ие кәсіптер туралы хабардар ету;
3) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
4) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу үшін пайдалынады.
24. Өңірлік деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу;
3) бюджеттік, жастар және көші-қон саясатын, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланады.
25. Республикалық және өңірлік деңгейлердегі еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері 1 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде Электрондық еңбек биржасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
| Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі (жұмыс күшіне сұраныс бөлігінде)
Р / с № | Көрсеткіштер | Ағымдағы жыл (бағалау) | Болжалды жылдар | ||||
|
|
|
|
| |||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Дамудың жалпылама көрсеткіштері | |||||||
1 | ЖІӨ НКИ, өткен жылға қарағанда % | ||||||
ЖӨӨ НКИ, өткен жылға қарағанда % | |||||||
2 | Қала халқының орташа жылдық саны, млн. адам | ||||||
3 | Халықтың нақты ақшалай кіріс индексі, өткен жылға қарағанда % | ||||||
Экономика салаларының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда % | |||||||
4 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | ||||||
5 | Өңдеу өнеркәсібі | ||||||
6 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | ||||||
7 | Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | ||||||
8 | Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | ||||||
9 | Құрылыс | ||||||
10 | Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | ||||||
11 | Көлік және жинақтау | ||||||
12 | Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | ||||||
13 | Ақпарат және байланыс | ||||||
14 | Қаржы және сақтандыру қызметі | ||||||
15 | Жылжымайтын мүлікпен операциялар | ||||||
16 | Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | ||||||
17 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | ||||||
18 | Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | ||||||
19 | Білім беру | ||||||
20 | Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | ||||||
21 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | ||||||
22 | Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | ||||||
Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, өткен жылға қарағанда % | |||||||
23 | Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы | ||||||
24 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу | ||||||
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | |||||||
25 | Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексі, өткен жылға қарағанда % | ||||||
26 | Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда % | ||||||
27 | Дәнді дақылдардың (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдардың жалпы жиыны (өңдеуден кейінгі салмағында), млн. тонна | ||||||
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | |||||||
28 | Көмір мен лигнит (көмір концентратынан басқа) өндіру көлемі, млн. тонна | ||||||
29 | Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі, млн. тонна | ||||||
Өңдеу өнеркәсібі | |||||||
30 | Мұнайдың қайта өңделген өнімдерінің НКИ, өткен жылға қарағанда % | ||||||
31 | Қара металлургия өнімінің НКИ, өткен жылға қарағанда % | ||||||
32 | Негізгі асыл және түрлі түсті металдар өндірісінің НКИ | ||||||
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | |||||||
33 | Электр энергиясын өндіру көлемі, млрд. кВт * сағ | ||||||
Көлік және жинақтау | |||||||
34 | Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы, млрд. ткм | ||||||
35 | Темір жол көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм | ||||||
36 | Автомобиль көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм | ||||||
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | |||||||
37 | ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, млрд. теңге | ||||||
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | |||||||
38 | Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне арналған бюджет шығындары, млрд. теңге | ||||||
Білім беру | |||||||
39 | Білім беруге бюджеттің шығындары, млрд. теңге | ||||||
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | |||||||
40 | Халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар | ||||||
41 | Халықтың ас қорыту органдарының ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар | ||||||
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім;
ЖҚҚ - Жалпы қосылған құн;
ЖӨӨ - Жалпы өңірлік өнім;
НКИ - Нақты көлем индексі;
ҒЗТКЖ - Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
ткм - тонно-километр;
кВт*сағ - килловатт-сағат.
| Еңбек ресурстарын болжаудың | |
| ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Жұмыс күшіне сұранысты болжау
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖК-1
Кезеңділік: жылына 1 рет
Есепті кезең: 20_ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы орган
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін
(БСН ЖАО) |
|
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегирленген түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде, телефон арқылы сауалнама жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы, интервьюердің қағаз жеткізгішті пайдалана отырып жеке сауалнама жүргізуі кезінде, интервьюердің дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып жеке сауалнама жүргізуі кезінде): электрондық түрде
Жұмыс күшіне деген сұранысты болжау
Р / с № | ҰҚС-2017 бойынша кәсіп тобының коды (5 таңбалы) | ҰҚС-2017 бойынша кәсіптер тобының атауы | ЭҚЖСбойынша экономика секциясы (ҚР ҰС 03-2019) | Жалдамалы еңбекке жалпы сұраныс | оның ішінде жылдар бойынша | ||||||||||||||||
Ағымдағы жыл | 1-ші болжамды жыл | 2-ші болжамды жыл | 3-ші болжамды жыл | 4-ші болжамды жыл | 5-ші болжамды жыл | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||
3 | |||||||||||||||||||||
… | … | … | … | … | … | … | … | … | … | … | |||||||||||
Кәсіп топтары бойынша жиыны | ЭҚЖС секциялары бойынша жиыны | ||||||||||||||||||||
оның ішінде жалдамалы еңбекке сұранысты қалыптастыру көздері бойынша | |||||||||||||||||||||
жаңа сұраныс | ауыстыру бойынша сұраныс | ||||||||||||||||||||
Ағымдағы жыл | 1-ші болжамды жыл | 2-ші болжамды жыл | 3-ші болжамды жыл | 4-ші болжамды жыл | 5-ші болжамды жыл | Ағымдағы жыл | 1-ші болжамды жыл | 2-ші болжамды жыл | 3-ші болжамды жыл | 4-ші болжамды жыл | 5-ші болжамды жыл | ||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | ||||||||||
… | … | … | … | … | … | … | … | … | … | … | … | ||||||||||
Атауы __________________________ Мекенжайы _________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_________________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, телефон
Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі
түсіндірме:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО - Жергілікті атқарушы орган;
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
КЖҰ - Кәсіптердің ұлттық жіктеуіші;
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
ҚР ҰК - Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуіші.
| "Жұмыс күшіне сұранысты болжау" Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жұмыс күшіне сұранысты болжау" (индексі - ЖК-1, кезеңділігі - жылына 1 рет) толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Кәсіптердің ұлттық жіктеуішіне сәйкес кәсіптер тобының коды (5 таңбалы код) көрсетіледі;
3-бағанда 2017 жылғы Кәсіптердің ұлттық жіктеуішіне сәйкес кәсіптер тобының атауы көрсетіледі;
4-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуіші 03-2019) сәйкес кәсіптердің экономика секциясы көрсетіледі;
5-бағанда жалдамалы еңбекке сұраныстың жалпы саны көрсетіледі;
6-дан 11-ге дейінгі бағандарда жұмыспен қамтылғандардың күтілетін саны, адам көрсетіледі;
12-ден 17-ге дейінгі бағандарда қалыптасу көздері бойынша жалдамалы еңбекке жаңа сұраныс көрсетіледі;
18-ден 23-ке дейінгі бағандарда қалыптасу көздері бойынша орнын басу бойынша жалдамалы еңбекке сұраныс көрсетіледі.
| Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
Жұмыспен қамту динамикасын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға қажеттілікті болжау алгоритмі
1. Осы Жұмыспен қамту динамикасын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға қажеттілікті болжау жөніндегі алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және жергілікті атқарушы органдар үшін халықты жұмыспен қамту динамикасын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға сұранысты болжау тетігін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілікті есептеу үшін өңірдегі нақты мәндердің көзі болып табылады:
еңбек нарығының негізгі индикаторлары;
демографиялық деректер (жыл сайынғы өлім-жітім коэффициенті);
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қала, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қала) даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес айқындалатын құжаттар.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге құжаттар: концепциялар, ұлттық жобалар, доктриналар (стратегиялар), мемлекеттік бағдарламалар, кешенді жоспарлар, жол карталары, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес айқындалатын құжаттар;
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ресми статистикалық ақпарат.
3. Алгоритм кадрларға қажеттілікті болжауды қалыптастырудың мынадай кезеңдерін қамтиды:
1) 2001 жылдан бастап болжам жасалатын жылдың алдыңғы жылға дейінгі кезеңді қоса алғанда экономикалық қызметтің 19 түрі бөлінісінде жұмыспен қамту (жалдамалы жұмыскерлер) бойынша (жыл сайынғы) ресми статистикалық деректер жиналады;
2) саладағы жұмыскерлер санының өсуі немесе қысқару себептерін анықтау мақсатында алдыңғы деректерге талдау жүргізіледі. Ол үшін эконометриалдық модельдерді қолдана отырып, барлық ықтимал факторлар ескеріледі;
3) көрсеткіштерді жылдық өсу қарқынына ауыстырылады (жыл сайынғы өзгерістер талданады). Бұл ретте қалыптан тыс мәндер алынып тасталады және жұмыспен қамту көрсеткіштерінің әрбір 19 саланың әрқайсысында өзара байланысы тексеріледі.
Қалыптан тыс мәндер – жалпы көріністен айтарлықтай ауытқитын деректер. Олар қателердің немесе сирек кездесетін оқиғалар салдарынан пайда болып, модель нәтижелерін едәуір бұрамалауы мүмкмін.
4) жұмыскерлер санының индекстерін нақты (абсолюттік) мәндерге ауыстырылады, яғни нақты қанша жұмыскер болғаны есептеледі;
5) болашақта әрбір салада қанша жұмыскер қажет болатыны болжанады;
6) кадрларға қосымша қажеттілік әртүрлі жылдардағы жұмыскерлерге сұраныс арасындағы айырма ретінде есептеледі;
7) қолда бар деректерді ескере отырып, өлім-жітім және зейнеткерлікке шығу себебінен жұмыскерлерді ауыстыруға қажеттілік есептеледі.
кәсіп (НКЗ-2017 коды);
мәртебесі (тек жалдамалы жұмыскер);
респонденттің туған күні (зейнеткерлікке шығуды есептеу үшін және өлім-жітім мен ауыстыру бөлігінде қажет);
жынысы;
сала (салалық талдау үшін);
жұмыскерлер саны.
Түрлі жыныс, жас, өңірлерге қатысты адамдардың ықтимал өлім-жітімге себепті ауыстырылуы қажет жұмыскерлер саны есептеледі;
Зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлерді ауыстыруға сұраныс Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнет жасына сай олардың кәсібі, жынысы, саласы мен өңірін ескере отырып, туған күні деректері бойынша есептеледі.
8) жұмыскерлерге жалпы сұраныс есептеледі – бұл жаңа сұраныс пен ауыстыруға қажеттіліктің (өлім-жітім мен зейнет жасына шығуы себебінен) қосындысы.
