"Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38513 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 17.05.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға рұқсат беруден бас тартады.

      Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында орналасқан казиноларға, ойын автоматтары залдарына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесі жұмыскерлерінің және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бәс тігуге қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға бәс тігуге қатысуға рұқсат беруден бас тартады.

      Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында орналасқан букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесі жұмыскерлерінің және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарын жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 "Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2026 года № 64. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2026 года № 38513

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 17.05.2026 г.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 "Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари" следующие изменения:

      в Типовых правилах работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность казино, зала игровых автоматов, отказывают в допуске к участию в азартных играх физическим лицам, которым установлен запрет на участие в азартных играх в соответствии с пунктом 1 статьи 15 Закона.

      В казино, залы игровых автоматов, размещенные в Мангистауской области на побережье Каспийского моря, в Панфиловском районе и на побережье озера Алаколь области Жетісу, в Талгарском районе Алматинской области, в районе Марқакөл и Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области допускаются только иностранцы и лица без гражданства, работники игорного заведения и иные лица, находящиеся в игорном заведении в связи с выполнением трудовых (служебных) обязанностей.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность букмекерской конторы или тотализатора, отказывают в допуске к участию в пари физическим лицам, которым установлен запрет на участие в пари в соответствии с пунктом 1 статьи 15 Закона.

      В кассы букмекерских контор и (или) тотализаторов, размещенные в Мангистауской области на побережье Каспийского моря, в Панфиловском районе и на побережье озера Алаколь области Жетісу, в Талгарском районе Алматинской области, в районе Марқакөл и Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области допускаются только иностранцы и лица без гражданства, работники игорного заведения и иные лица, находящиеся в игорном заведении в связи с выполнением трудовых (служебных) обязанностей.".

      2. Комитету по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа, обеспечить представление информации об исполнении в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 17 мая 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр туризма и
спорта Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов