Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидаларын, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидаларын, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38512 болып тіркелді

      Ескерту. 01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 4-тармағымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидалары, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидалары, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Мына:

      Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтардың мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "6. Есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларына сәйкес оларды ұстаушылардың цифрлық активтерінің әмияндары бойынша жасалған цифрлық операцияларды оның ақпараттық жүйесінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      7. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық нысанда берілген мәмілеге қатысушылардың өкімдері цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді жүргізу және тіркеу үшін негіз болып табылады.";

      Қағидалардың 13-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:

      "13. Цифрлық қаржы активтерімен тіркелген мәмілелер туралы мәліметтерді есепке алу жүйесінің операторы орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, бірақ Астана қаласының уақытымен сағат 00:00-дегі жағдай бойынша күніне кемінде 1 (бір) рет электрондық нысанда береді.

      Мәліметтерді беру тәсілі және есепке алу жүйесі операторының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қағидаларда және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.".

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 20 сәуірдегі
№ 78 каулысымен бекітілген

Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидалары, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидалары, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде көрсету қағидалары, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен қағидалары, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу және оларды орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсету тәртібін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін анықтайды.

      2. Қағидаларда "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі

      3. Цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде (бұдан әрі – есепке алу жүйесі) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының (бұдан әрі – есепке алу жүйесінің операторы) осындай цифрлық платформада шығарылған цифрлық қаржы активтеріне қатысты жүзеге асырылады.

      4. Есепке алу жүйесінің операторы цифрлық қаржы активтерінің сәйкестендірілген ұстаушыларына цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу бойынша қызметтер көрсетеді.

      5. Есепке алу жүйесінің операторы өзінің цифрлық қаржы активтерін және оның клиенттеріне тиесілі цифрлық қаржы активтерін бөлек есепке алуды қамтамасыз етеді.

      6. Есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларына сәйкес оларды ұстаушылардың цифрлық активтерінің әмияндары бойынша жасалған цифрлық операцияларды оның цифрлық жүйесінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін тоқтатылады, тоқтатыла тұрған кезеңіндегі редакциясын осы қаулының 4-тармағынан қараңыз.

      7. Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 9 және 10-тарауларында көзделген электрондық цифрлық қолтаңба және (немесе) цифрлық аутентификациялау және (немесе) биометриялық аутентификациялау құралдарын пайдалана отырып, есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда берілген мәмілеге қатысушылардың өкімдері цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді жүргізу және тіркеу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін тоқтатылады, тоқтатыла тұрған кезеңіндегі редакциясын осы қаулының 4-тармағынан қараңыз.

      8. Нысандары есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында айқындалатын цифрлық қаржы активтерімен мәмілені тіркеу туралы өкімдер мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мәміле тараптарының сәйкестендіру деректері;

      2) мәміле тараптары әмияндарының сәйкестендіру деректері;

      3) цифрлық қаржы активінің түрі және тіркеу нөмірі;

      4) цифрлық қаржы активтерінің құнмен көрсетілген саны және (немесе) көлемі;

      5) өкім берілген күн мен уақыт;

      6) мәміле жасаудың негізі;

      7) есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында көзделген қосымша мәліметтер.

      9. Есепке алу жүйесінің операторы ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ мәміле тараптарында тиісті цифрлық қаржы активтеріне билік ету құқықтарының болуын тексереді және есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында көзделген тәртіппен цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады.

      10. Ұсынылған мәліметтердің Қағидалардың және есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда есепке алу жүйесінің операторы бас тарту себептерін көрсете отырып мәмілені тіркеуден бас тартады.

3-тарау. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдері жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді көрсету

      11. Цифрлық қаржы активтерімен тіркелген мәмілелер туралы мәліметтер орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) көрсетілуге тиіс.

      12. Орталық депозитарий цифрлық қаржы активтерімен жасалған мәмілелерді есепке алу жүйесінің операторынан алынған мәліметтер негізінде ғана көрсетеді.

      13. Цифрлық қаржы активтерімен тіркелген мәмілелер туралы мәліметтерді есепке алу жүйесінің операторы орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, бірақ Астана қаласының уақытымен сағат 00:00-дегі жағдай бойынша күніне кемінде 1 (бір) рет цифрлық нысанда береді.

      Мәліметтерді беру тәсілі және есепке алу жүйесі операторының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қағидаларда және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.

      Ескерту. 13-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін тоқтатылады, тоқтатыла тұрған кезеңіндегі редакциясын осы қаулының 4-тармағынан қараңыз.

      14. Егер орталық депозитарий есепке алу жүйесінің операторы болып табылса, цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді тіркеу Қағидалардың 12 және 13-тармақтарын қоспағанда, Қағидаларға, сондай-ақ орталық депозитарийдің ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Орталық депозитарий есепке алу жүйесінің операторларынан алынған мәліметтерді цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу үшін пайдалануды жүзеге асырады.

4-тарау. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібі

      16. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алуды есепке алу жүйесінің операторы цифрлық қаржы активтерінің иелерін сәйкестендіруді, жазбалардың өзгермейтіндігін және цифрлық қаржы активтеріне меншік құқығы туралы деректердің сақталуын қамтамасыз ететін есепке алу жүйесінің деректері негізінде жүзеге асырады.

      Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу, ортақ меншік құқығында цифрлық қаржы активтері тиесілі болған жағдайды қоспағанда, цифрлық қаржы активінің түрін, санын және тіркеу нөмірін көрсете отырып, әрбір ұстаушы бойынша бөлек жүзеге асырылады.

      Ортақ меншік құқығындағы цифрлық қаржы активтері тиесілі болған жағдайда, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, құқықтарды есепке алу барлық тең меншік иелері мен әрбір тең меншік иесінің үлесі көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

      17. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтардың ауысуы есепке алу жүйесіне жазба енгізілген сәттен бастап өтті деп есептеледі.

      Есепке алу жүйесі жазбаларды енгізудің хронологиялық реттілігін және оларды есепке алу жүйесінің архивінде тиісті мәліметтерді сақтамай жою мүмкін еместігін қамтамасыз етеді.

      18. Есепке алу жүйесінің операторы уәкілетті мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      19. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау есепке алу жүйесінен және (немесе) тізілімдер жүйесінен цифрлық қаржы активін ұстаушыға қатысты мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тізілімдер жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.

      Есепке алу жүйесі мен тізілімдер жүйесі мәліметтерінің арасында алшақтықтар анықталған жағдайда, есепке алу жүйесінің операторы мен орталық депозитарий деректерді дереу салыстырып тексереді және анықталған алшақтықтарды сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жояды.

      20. Цифрлық қаржы активтеріне құқықтарды растау болып мыналар табылады:

      1) есепке алу жүйесінің операторы өзінің ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен беретін есепке алу жүйесінен үзінді көшірме;

      2) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен орталық депозитарийі беретін тізілімдер жүйесінен үзінді көшірме.

      21. Үзінді көшірме электрондық нысанда қалыптастырылады, есепке алу жүйесі операторының немесе орталық депозитарийдің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және цифрлық қаржы активін ұстаушының сұрау салуы келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады.

      22. Есепке алу жүйесінің операторы ұсынатын есепке алу жүйесінен үзінді көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) цифрлық қаржы активтерін ұстаушының әмиянының сәйкестендіру нөмірі;

      2) цифрлық қаржы активтерін ұстаушы заңды тұлғаның атауы, оның бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасын тіркеуді растайтын құжат туралы мәліметтер, не цифрлық қаржы активтерін ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ол болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) цифрлық қаржы активі эмитентінің атауы және оның орналасқан жері;

      4) цифрлық қаржы активтерінің түрлері мен тіркеу нөмірлері;

      5) үзінді көшірме жасалған күн мен уақыттағы жағдай бойынша цифрлық қаржы активтерін ұстаушының әмиянында есепте тұрған ауыртпалық салынған және (немесе) бұғатталған санын көрсете отырып, цифрлық қаржы активінің белгілі бір түрінің жалпы саны;

      6) үзінді көшірме қалыптастырылған күні мен уақыты;

      7) есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында көзделген қосымша мәліметтер.

      23. Орталық депозитарий беретін үзінді көшірме орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген нысан бойынша жасалады.

5-тарау. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды кепілге қоюды тіркеу тәртібі мен ерекшеліктері

      24. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды кепілге қою есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларына сәйкес цифрлық активтер әмиянының тиісті бөлімінде кепілге берілген цифрлық қаржы активін бұғаттау арқылы есепке алу жүйесінде міндетті тіркеуге жатады.

      Есепке алу жүйесінің операторы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды беруді, оларды тексеруді және есепке алу жүйесіне цифрлық қаржы активін бұғаттау туралы жазбаны енгізуді қоса алғанда, кепілді тіркеудің барлық кезеңін тіркеуді қамтамасыз етеді.

      25. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды кепілге қоюды тіркеу кепіл шартының және кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өкімдері негізінде жүзеге асырылады. Кепіл берушінің және (немесе) кепіл ұстаушының өкімдері кепіл шартында және (немесе) есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда ұсынылмайды.

      26. Есепке алу жүйесінде кепіл беруші, кепіл ұстаушы, кепілге салынған цифрлық қаржы активтерінің құндық мәндегі саны және (немесе) көлемі, кепіл мерзімі мен талаптары, кепіл шартының деректемелері туралы мәліметтер және есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында көзделген қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      27. Цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды кепілге қоюды тіркеудің күні мен уақыты болып есепке алу жүйесіне цифрлық қаржы активтерін бұғаттау туралы тиісті жазба енгізілген күн мен уақыт есептеледі.

      28. Кепілге қойылған цифрлық қаржы активтері бойынша талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беру нәтижесінде осы цифрлық қаржы активтеріне құқықтардың ауысуын тіркеуді есепке алу жүйесінің операторы кепілге қойылған цифрлық қаржы активтері бойынша талап ету құқықтарын жаңа кепіл ұстаушыға беруін растайтын құжат, кепіл ұстаушы мен жаңа кепіл ұстаушының өкімдері және кепіл берушінің келісімі негізінде жүзеге асырады.

      29. Цифрлық қаржы активтері бойынша кепілге қойылған құқықтарға өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай құқықтарды іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартының талаптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      30. Кепілді тоқтатуды есепке алу жүйесі операторының тіркеуі кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өкімдері және (немесе) кепіл шартында және (немесе) есепке алу жүйесі операторының ішкі қағидаларында көзделген растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Кепілдің тоқтатылуын тіркеу есепке алу жүйесіне жазба енгізілген күн мен уақытты, кепілдің тоқтатылу негізін, кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы мәліметтерді, оларға қатысты кепіл тоқтатылған цифрлық қаржы активтері туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық қаржы активтерін бұғаттауды алып тастау туралы жазбаны енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      31. Қағидалардың 30-тармағына сәйкес цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілінің тоқтатылуын есепке алу жүйесінің операторы тіркеген сәттен бастап олардың кепіліне байланысты цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарға қатысты тиісті шектеулер алынып тасталды деп есептеледі.

Об утверждении Правил регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов и отражения данных сделок в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария, особенностей учета прав по цифровым финансовым активам, условий и правил подтверждения прав по цифровым финансовым активам, а также правил и особенностей регистрации залога прав по цифровым финансовым активам

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 апреля 2026 года № 78. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2026 года № 38512.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.05.2026

      В соответствии с пунктом 3 статьи 40-2 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов и отражений данных сделок в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария, особенностей учета прав по цифровым финансовым активам, условий и правил подтверждения прав по цифровым финансовым активам, а также правил и особенностей регистрации залога прав по цифровым финансовым активам (далее - Правила).

      2. Департаменту рынка ценных бумаг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 мая 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Приостановить до 12 июля 2026 года действие:

      пунктов 6 и 7 Правил, установив, что в период приостановления данные пункты действуют в следующей редакции:

      "6. Регистрация сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета осуществляется в соответствии с внутренними правилами оператора системы учета посредством фиксации совершенных операций по кошелькам цифровых активов их держателей в его информационной системе.

      7. Основанием для проведения и регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами являются распоряжения участников сделки, поданные в электронной форме с использованием средств электронной цифровой подписи.";

      пункта 13 Правил, установив, что в период приостановления данный пункт действует в следующей редакции:

      "13. Передача сведений о зарегистрированных сделках с цифровыми финансовыми активами осуществляется оператором системы учета в электронной форме в порядке и сроки, установленные сводом правил центрального депозитария, но не реже 1 (одного) раза в день по состоянию на 00:00 часов времени города Астаны.

      Способ передачи сведений и порядок взаимодействия оператора системы учета с центральным депозитарием определяется Правилами и сводом правил центрального депозитария.".

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Утверждены
постановлением
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 20 апреля 2026 года № 78

Правила регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов и отражения данных сделок в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария, особенности учета прав по цифровым финансовым активам, условия и правила подтверждения прав по цифровым финансовым активам, а также правила и особенности регистрации залога прав по цифровым финансовым активам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов и отражений данных сделок в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария, особенности учета прав по цифровым финансовым активам, условия и правила подтверждения прав по цифровым финансовым активам, а также правила и особенности регистрации залога прав по цифровым финансовым активам (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 40-2 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" и определяют порядок регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов и их отражения в системе учета центрального депозитария, особенности учета прав по цифровым финансовым активам, условия и порядок подтверждения прав по цифровым финансовым активам, а также порядок и особенности регистрации залога прав по цифровым финансовым активам.

      2. В Правилах используются понятия, предусмотренные Законами Республики Казахстан "О цифровых активах в Республике Казахстан" и "О рынке ценных бумаг".

Глава 2. Порядок регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета держателей цифровых финансовых активов

      3. Регистрация сделок с цифровыми финансовыми активами осуществляется в системе учета держателей цифровых финансовых активов (далее – система учета) оператора платформы цифровых финансовых активов (далее – оператор системы учета) в отношении цифровых финансовых активов, выпущенных на такой цифровой платформе.

      4. Оператор системы учета оказывает услуги по регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами идентифицированным держателям цифровых финансовых активов.

      5. Оператор системы учета обеспечивает раздельный учет собственных цифровых финансовых активов и цифровых финансовых активов, принадлежащих его клиентам.

      Примечание ИЗПИ!

      Действие пункта 6 приостановлено до 12.07.2026 настоящим Постановлением и в период приостановления данный пункт действует в редакции пункта 4.

      6. Регистрация сделок с цифровыми финансовыми активами в системе учета осуществляется в соответствии с внутренними правилами оператора системы учета посредством фиксации совершенных цифровых операций по кошелькам цифровых активов их держателей в его цифровой системе.

      Примечание ИЗПИ!

      Действие пункта 7 приостановлено до 12.07.2026 настоящим Постановлением и в период приостановления данный пункт действует в редакции пункта 4.

      7. Основанием для проведения и регистрации сделок с цифровыми финансовыми активами являются распоряжения участников сделки, поданные в электронной форме в порядке, установленном внутренними правилами оператора системы учета, с использованием средств электронной цифровой подписи, и (или) цифровой аутентификации, и (или) биометрической аутентификации, предусмотренных главами 9 и 10 Цифрового кодекса Республики Казахстан.

      8. Распоряжения о регистрации сделки с цифровыми финансовыми активами, формы которых определяются внутренними правилами оператора системы учета, содержат следующие сведения:

      1) идентификационные данные сторон сделки;

      2) идентификационные данные кошельков сторон сделки;

      3) вид и регистрационный номер цифрового финансового актива;

      4) количество и (или) объем в стоимостном выражении цифровых финансовых активов;

      5) дату и время подачи распоряжения;

      6) основание совершения сделки;

      7) дополнительные сведения, предусмотренные внутренними правилами оператора системы учета.

      9. Оператор системы учета проверяет полноту и достоверность представленных сведений, а также наличие у сторон сделки прав на распоряжение соответствующими цифровыми финансовыми активами и осуществляет регистрацию сделок с цифровыми финансовыми активами в порядке, предусмотренном внутренними правилами оператора системы учета.

      10. В случае выявления несоответствия представленных сведений требованиям Правил и внутренним правилам оператора системы учета, оператор системы учета отказывает в регистрации сделки с указанием причин отказа.

Глава 3. Отражение сделок с цифровыми финансовыми активами в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария

      11. Сведения о зарегистрированных сделках с цифровыми финансовыми активами подлежат отражению в системе реестров держателей ценных бумаг и цифровых финансовых активов центрального депозитария (далее – система реестров) в соответствии со сводом правил центрального депозитария.

      12. Отражение сделок с цифровыми финансовыми активами осуществляется центральным депозитарием исключительно на основании сведений, полученных от оператора системы учета.

      Примечание ИЗПИ!

      Действие пункта 13 приостановлено до 12.07.2026 настоящим Постановлением и в период приостановления данный пункт действует в редакции пункта 4.

      13. Передача сведений о зарегистрированных сделках с цифровыми финансовыми активами осуществляется оператором системы учета в цифровой форме в порядке и сроки, установленные сводом правил центрального депозитария, но не реже 1 (одного) раза в день по состоянию на 00:00 часов времени города Астаны.

      Способ передачи сведений и порядок взаимодействия оператора системы учета с центральным депозитарием определяется Правилами и сводом правил центрального депозитария.

      14. Если оператором системы учета является центральный депозитарий, регистрация сделок с цифровыми финансовыми активами осуществляется в соответствии с Правилами, за исключением пунктов 12 и 13 Правил, а также внутренними правилами центрального депозитария.

      15. Центральный депозитарий осуществляет использование полученных от операторов системы учета сведений для формирования и ведения реестров держателей цифровых финансовых активов.

Глава 4. Особенности учета прав по цифровым финансовым активам, условия и порядок подтверждения прав по цифровым финансовым активам

      16. Учет прав по цифровым финансовым активам осуществляется оператором системы учета на основании данных системы учета, обеспечивающей идентификацию владельцев цифровых финансовых активов, неизменность записей и сохранность данных о праве собственности на цифровые финансовые активы.

      Учет прав по цифровым финансовым активам осуществляется по каждому держателю раздельно с отражением вида, количества и регистрационного номера цифрового финансового актива, за исключением случая принадлежности цифровых финансовых активов на праве общей собственности.

      В случае принадлежности цифровых финансовых активов на праве общей собственности учет прав осуществляется с указанием всех сособственников и доли каждого сособственника, если иное не предусмотрено соглашением между ними.

      17. Переход прав по цифровым финансовым активам считается состоявшимся с момента внесения записи в систему учета.

      Система учета обеспечивает хронологическую последовательность внесения записей и невозможность их удаления без сохранения соответствующих сведений в архиве системы учета.

      18. Оператор системы учета обеспечивает доступ уполномоченных государственных органов к данным учета прав по цифровым финансовым активам в пределах их компетенции.

      19. Подтверждение прав по цифровым финансовым активам осуществляется путем представления сведений в отношении держателя цифрового финансового актива из системы учета и (или) системы реестров. При этом приоритет имеют сведения, содержащиеся в системе реестров.

      В случае выявления расхождений между сведениями системы учета и системы реестров, оператор системы учета и центральный депозитарий незамедлительно проводят сверку данных и устраняют выявленные расхождения в срок не позднее одного рабочего дня, следующего за днем выявления расхождения.

      20. Подтверждением прав на цифровые финансовые активы является:

      1) выписка из системы учета, предоставляемая оператором системы учета в порядке, установленном его внутренними правилами;

      2) выписка из системы реестров, предоставляемая центральным депозитарием в порядке, установленном сводом правил центрального депозитария.

      21. Выписка формируется в электронной форме, подписывается электронной цифровой подписью уполномоченного лица оператора системы учета или центрального депозитария и предоставляется в срок, не превышающий одного рабочего дня после дня поступления запроса держателя цифрового финансового актива.

      22. Выписка из системы учета, предоставляемая оператором системы учета, содержит следующие сведения:

      1) идентификационный номер кошелька держателя цифровых финансовых активов;

      2) наименование юридического лица держателя цифровых финансовых активов, его бизнес идентификационный номер или в случае его отсутствия, сведения о документе, подтверждающем регистрацию юридического лица - нерезидента Республики Казахстан, либо фамилию, имя, отчество (при его наличии) физического лица держателя цифровых финансовых активов, его индивидуальный идентификационный номер или в случае его отсутствия, сведения о документе, удостоверяющем личность физического лица - нерезидента Республики Казахстан;

      3) наименование эмитента цифрового финансового актива и его место нахождения;

      4) виды и регистрационные номера цифровых финансовых активов;

      5) общее количество определенного вида цифрового финансового актива с указанием количества обремененных и (или) блокированных, числящихся на кошельке держателя цифровых финансовых активов по состоянию на дату и время составления выписки;

      6) время и дата, по состоянию на которые сформирована выписка;

      7) дополнительные сведения, предусмотренные внутренними правилами оператора системы учета.

      23. Выписка, предоставляемая центральным депозитарием, составляется по форме, установленной сводом правил центрального депозитария.

Глава 5. Порядок и особенности регистрации залога прав по цифровым финансовым активам

      24. Залог прав по цифровым финансовым активам подлежит обязательной регистрации в системе учета посредством блокирования переданного в залог цифрового финансового актива на соответствующем разделе кошелька цифровых активов в соответствии с внутренними правилами оператора системы учета.

      Оператор системы учета обеспечивает фиксацию всех этапов регистрации залога, включая подачу документов, указанных в пункте 25 Правил, их проверку и внесение записи о блокировании цифрового финансового актива в систему учета.

      25. Регистрация залога прав по цифровым финансовым активам осуществляется на основании договора залога и распоряжений залогодателя и залогодержателя. Распоряжения залогодателя и (или) залогодержателя не предоставляются в случаях, определенных договором залога и (или) внутренними правилами оператора системы учета и соответствующих требованиям законодательства Республики Казахстан.

      26. В системе учета указываются сведения о залогодателе, залогодержателе, количестве и (или) объеме заложенных цифровых финансовых активов в стоимостном выражении, сроке и условиях залога, реквизитах договора залога и дополнительные сведения, предусмотренные внутренними правилами оператора системы учета.

      27. Датой и временем регистрации залога прав по цифровым финансовым активам считается дата и время внесения соответствующей записи о блокировании цифровых финансовых активов в систему учета.

      28. Регистрация перехода прав на заложенные цифровые финансовые активы иному лицу в результате уступки прав требования по данным цифровым финансовым активам осуществляется оператором системы учета на основании документа, подтверждающего передачу прав требования по заложенным цифровым финансовым активам новому залогодержателю, распоряжений залогодержателя и нового залогодержателя с согласия залогодателя.

      29. В случае обращения взыскания на заложенные права по цифровым финансовым активам реализация таких прав осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан и условиями договора залога.

      30. Регистрация оператором системы учета прекращения залога осуществляется на основании распоряжений залогодателя и залогодержателя и (или) подтверждающих документов, предусмотренных договором залога и (или) внутренними правилами оператора системы учета.

      Регистрация прекращения залога осуществляется путем внесения в систему учета записи о снятии блокирования цифровых финансовых активов, которая содержит дату и время внесения записи, основание прекращения залога, сведения о залогодателе и залогодержателе, сведения о цифровых финансовых активах, в отношении которых прекращен залог.

      31. С момента регистрации оператором системы учета прекращения залога прав по цифровым финансовым активам в соответствии с пунктом 30 Правил соответствующие ограничения в отношении прав по цифровым финансовым активам, связанные с их залогом, считаются снятыми.