"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 86-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38440 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтері мен түрлеріндегі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында:

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Осы қағидалардағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары – "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 1-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін арнаулы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнаулы білім беру ұйымдары).";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Арнаулы білім беру ұйымы өзінің жарғысын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, "Білім туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Арнаулы білім беру ұйымдары оқыту-тәрбиелеу мекемелері болып табылады және әкімшілік ықпал ету шараларына алып келетін құқық бұзушылықты үнемі жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана жалтарып жүрген, отбасынан, білім беру ұйымдарынан үнемі өз бетінше кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат мінез-құлық жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік оңалту мақсатында құрылады.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша қабылдайды.";

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Кәмелетке толмаған алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін.

      Өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыруға болмайтын күдікті кәмелетке толмаған қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдардың қатысуымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін арнаулы білім беру ұйымына орналастырылады.

      Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жолдау туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.";

      170-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар, ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.";

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-17 бұйрығы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26931 болып тіркелген) бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тізбесіне сәйкес көрсетілген ұйымдарда бағып-күту мен оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыруға болмайды.";

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі:

      1) кәмелетке толмағандарды күтіп-бағудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етедi, бұған көрсетілген мекеменiң аумағын күзету, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгi және олардың терiс әсерден барынша қорғалуы, көрсетілген мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдау, кәмелетке толмағандарды, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;

      2) кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;

      3) көрсетілген мекеменің орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалу фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;

      4) кәмелетке толмағанның тұрғылықты жерi бойынша кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға мекемеде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде бiр ай бұрын оның көрсетілген мекемеден шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргiзу және оның жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жағдайын жасауға жәрдемдесу қажеттiгi туралы ұсынымдарды жiбередi.";

      176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. Кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында болуының сот айқындаған мерзімін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе ішкі істер органының өтініші бойынша арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот мынадай:

      1) кәмелетке толмағанның өтінішхаты негізінде кәмелетке толмаған баланың жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлықты аяқтауы қажет болған;

      2) әкiмшiлiк ықпал ету шараларына алып келетін құқық бұзушылықты үнемі жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз бетінше кетіп қалған, өзге де қоғамға жат мінез-құлық жасаған жағдайларда ғана ұзартуы мүмкін.";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болуы, егер арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";

      179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "179. Арнаулы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушісі қылмыс белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайда, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін ол ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жолдануы мүмкін.";

      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "181. Арнаулы білім беру ұйымдарынан мерзімінен бұрын немесе сот айқындаған мерзімнің аяқталуына байланысты кететін кәмелетке толмағандар одан әрі орналастырылатын жерге ата - аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің ілесіп жүруімен, ал олардың келуі мүмкін болмаған жағдайда, арнаулы білім беру ұйымы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жіберіледі.";

      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан:

      1) сот айқындаған мерзім аяқталған кезде, осы мерзім аяқталатын күні;

      2) егер арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын;

      3) кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу кезінде;

      4) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 12-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған осы мекемеде бола алмайтын мән-жайлар туындаған кезде шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 184-1-тармақпен толықтырылсын:

      "184-1. Кәмелетке толмаған тұрғылықты жері бойынша келгеннен кейін жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына оңалту жоспарын жасай отырып, оны алдағы уақытта одан әрі оқыту, жұмыспен қамту мәселесін шығаруға міндетті.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Осы Қағидаларда ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқыту-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 2-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.";

      207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өзінің жарғысын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, "Білім туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.";

      212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Жергілікті атқарушы органдар ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша қабылдайды.";

      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететiн және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететiн:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған;

      2) егер олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар орналастырылады.

      Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынуы бойынша сот қабылдайды.

      Кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.

      Айрықша жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органдарының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

      Ішкі істер органдарының ұсынуы сотқа жіберер алдында кәмелетке толмағанға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады.

      Мүдделі адамдар ұсынылған материалда ішкі істер органдарының ұсынуымен танысқандығы туралы тиісті жазба жасайды.";

      215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "215. Кәмелетке толмаған ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге мынадай негіздер бойынша жіберілуі мүмкін:

      1) соттың шешімі – осы Қағидалардың 214-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты;

      2) соттың үкімі – осы Қағидалардың 214-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты.";

      216-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "216. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.";

      217-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "217. № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тізбесіне сәйкес көрсетілген ұйымдарда бағып-күту мен оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруға болмайды.";

      218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:

      1) кәмелетке толмағандарды күтіп-бағудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді, бұған ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзету, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігі және олардың теріс әсерден барынша қорғалуы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;

      2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалу фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;

      3) кәмелетке толмағанның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;

      4) кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, ішкі істер органдарына ұйымда болу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын оның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмағанға мінездемені және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оның жұмысқа орналасуға және тұрмыстық жағдайын жасауға жәрдемдесу қажеттігі туралы ұсынымдарды жібереді.";

      219-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "219. Кәмелетке толмағанның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы, егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің, ішкі істер органдарының ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 219-1-тармақпен толықтырылсын:

      "219-1. Кәмелетке толмағанның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі ішкі істер органының ұсынысы бойынша сотпен мынадай:

      1) кәмелетке толмағанның келісімімен не оның өтінішхаты бойынша кәмелетке толмағанның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлауды аяқтауы қажет болған;

      2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ғана ұзартылуы мүмкін.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығатын кәмелетке толмағандар тұратын жерлеріне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жеткізіледі.

      Шығып қалудың барлық жағдайларында ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі түлектерге осы мекемеде болған кезеңде олардың пайдалануында болған маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.";

      221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Кәмелетке толмағандар ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан:

      1) сот айқындаған мерзім аяқталған кезде, осы мерзім аяқталатын күні;

      2) егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мекеме әкімшілігінің, ішкі істер органдарының ұсынуы негізінде сот тәртібімен мерзімінен бұрын;

      3) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 13-тармағына сәйкес кәмелетке толмағанның аталған мекемеде болуына мүмкіндік бермейтін мән-жайлар туындаған кезде шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын:

      "221-1. Кәмелетке толмаған тұрғылықты жері бойынша келгеннен кейін жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына оңалту жоспарын жасай отырып, оны алдағы уақытта одан әрі оқыту, жұмыспен қамту мәселесін шығаруға міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
М. Мелдебекова

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 "Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов и видов, за исключением организаций высшего и послевузовского образования"

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 10 апреля 2026 года № 86-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 апреля 2026 года № 38440

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 "Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов и видов, за исключением организаций высшего и послевузовского образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29329) следующие изменения и дополнения:

      в Типовых правилах деятельности организаций среднего образования (начального, основного среднего и общего среднего), утвержденных приложением 2 к указанному приказу:

      пункт 158 изложить в следующей редакции:

      "158. В настоящих правилах организации образования для детей с девиантным поведением – специальные организации образования (далее – специальные организации образования), обеспечивающие воспитание, обучение и социальную реабилитацию несовершеннолетних, указанных в пункте 1 статьи 80 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений".";

      пункт 160 изложить в следующей редакции:

      "160. Специальная организация образования разрабатывает свой устав на основе Социального кодекса Республики Казахстан, законов Республики Казахстан "Об образовании", "О профилактике правонарушений", "О правах ребенка в Республике Казахстан", "О государственном имуществе" и настоящих Правил.";

      пункт 162 изложить в следующей редакции:

      "162. Специальные организации образования являются учебно-воспитательными учреждениями и создаются в целях обеспечения воспитания, обучения и социальной реабилитации несовершеннолетних в возрасте от одиннадцати до восемнадцати лет, систематически совершающих правонарушения, влекущие меры административного воздействия, злостно уклоняющихся от получения начального, основного среднего и общего среднего образования, систематически совершающих самовольные уходы из семьи, организаций образования, совершающих иное антиобщественное поведение.";

      пункт 167 изложить в следующей редакции:

      "167. Решение о создании, реорганизации и ликвидации специальных организаций образования принимается местными исполнительными органами по согласованию с уполномоченным органом в области образования.";

      пункт 169 изложить в следующей редакции:

      "169. Несовершеннолетний может быть направлен в специальную организацию образования на срок от шести месяцев до одного года.

      В случаях, когда несовершеннолетний подозреваемый, который по условиям жизни и воспитания не может быть оставлен в прежнем месте жительства, он по постановлению органа, ведущего уголовный процесс, при участии органов опеки и попечительства помещается для проживания на период производства по уголовному делу в специальную организацию образования.

      При рассмотрении вопроса о направлении несовершеннолетних в специальные организации образования обязательно участие прокурора.";

      часть первую пункта 170 изложить в следующей редакции:

      "170. Сбор документов, необходимых для помещения несовершеннолетних в специальную организацию образования обеспечивают органы, осуществляющие функции по опеке или попечительству, органы внутренних дел, осуществляющие выявление и учет несовершеннолетних.";

      пункт 171 изложить в следующей редакции:

      "171. В специальные организации образования не могут быть помещены несовершеннолетние, имеющие заболевания, препятствующие их содержанию и обучению в указанных организациях в соответствии с Перечнем заболеваний, препятствующих содержанию и обучению несовершеннолетних в специальных организациях образования и организациях образования с особым режимом содержания, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 февраля 2022 года № ҚР ДСМ-17 (далее – приказ № ҚР ДСМ-17) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26931).";

      пункт 173 изложить в следующей редакции:

      "173. Администрация специальных организаций образования:

      1) обеспечивает специальные условия содержания несовершеннолетних, включающие в себя охрану территории указанного учреждения, личную безопасность воспитанников и их максимальную защищенность от негативного влияния, ограничение свободного входа на территорию указанного учреждения посторонних лиц и самовольного ухода из него воспитанников, круглосуточный прием несовершеннолетних, наблюдение и контроль за несовершеннолетними, в том числе во время, отведенное для сна, проведение личного осмотра несовершеннолетних, их вещей и спальных помещений;

      2) обеспечивает получение среднего образования несовершеннолетним в специальных организациях образования;

      3) информирует органы внутренних дел по месту нахождения указанного учреждения и по месту жительства несовершеннолетних о фактах их самовольного ухода и принимает непосредственное участие по их розыску и возвращению;

      4) направляет в комиссию по делам несовершеннолетних и защите их прав по месту жительства несовершеннолетнего извещение о его выпуске из указанного учреждения не позднее чем за один месяц до окончания срока пребывания, а также характеристику на несовершеннолетнего и рекомендации о необходимости проведения с ним в дальнейшем мер по индивидуальной профилактике правонарушений и оказания ему содействия в трудовом и бытовом устройстве.";

      пункт 176 изложить в следующей редакции:

      "176. Срок пребывания несовершеннолетних в специальных организациях образования, определенный судом, может быть продлен судом по месту нахождения специальной организации образования по заявлению органа, осуществляющего функции по опеке или попечительству, или органа внутренних дел, только в случаях:

      1) необходимости завершения несовершеннолетним общеобразовательной или профессиональной подготовки на основании ходатайства несовершеннолетнего;

      2) систематического совершения правонарушений, влекущих меры административного воздействия, злостного уклонения от получения среднего образования, самовольных уходов из специальных организаций образования, совершения иного антиобщественного поведения.";

      пункт 178 изложить в следующей редакции:

      "178. Пребывание несовершеннолетнего в специальной организации образования может быть прекращено досрочно в судебном порядке на основании представления администрации учреждения либо территориальной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав, если суд по месту нахождения специальной организации образования придет к выводу, что несовершеннолетний для своего исправления больше не нуждается в применении данной меры.";

      пункт 179 изложить в следующей редакции:

      "179. В случае совершения воспитанником специальных организаций образования деяния, содержащего признаки преступления, до достижения возраста, с которого наступает уголовная ответственность, он может быть направлен в организации образования с особым режимом содержания.";

      пункт 181 изложить в следующей редакции:

      "181. Несовершеннолетние, выбывающие из специальных организаций образования досрочно или в связи с истечением срока, определенного судом, направляются к месту их дальнейшего устройства в сопровождении родителей или других законных представителей ребенка, а при невозможности их прибытия – в сопровождении работников специальной организации образования.";

      пункт 184 изложить в следующей редакции:

      "184. Несовершеннолетние выпускаются из специальных организаций образования при:

      1) истечении срока, определенного судом, в день истечения этого срока;

      2) досрочно в судебном порядке на основании представления администрации учреждения либо территориальной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав, если суд по месту нахождения специальной организации образования придет к выводу, что несовершеннолетний для своего исправления больше не нуждается в применении данной меры;

      3) направлении несовершеннолетнего в организацию образования с особым режимом содержания;

      4) наступлении обстоятельств, при которых несовершеннолетний не может находиться в данном учреждении в соответствии с пунктом 12 статьи 80 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений".";

      дополнить пунктом 184-1 следующего содержания:

      "184-1. Местный исполнительный орган в течение трех рабочих дней после прибытия несовершеннолетнего по месту жительства обязан вынести на рассмотрение комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав вопрос о его дальнейшем обучении, занятости с составлением плана дальнейшей реабилитации.";

      пункт 204 изложить в следующей редакции:

      "204. В настоящих правилах организация образования с особым режимом содержания является учебно-воспитательным учреждением и создается в целях обеспечения особых условий воспитания, обучения и социальной реабилитации несовершеннолетних, указанных в пункте 2 cтатьи 81 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений".";

      пункт 207 изложить в следующей редакции:

      "207. Организация образования с особым режимом содержания разрабатывает свой устав на основе Социального кодекса Республики Казахстан, законов Республики Казахстан "Об образовании", "О профилактике правонарушений", "О правах ребенка в Республике Казахстан", "О государственном имуществе" и настоящих Правил.";

      пункт 212 изложить в следующей редакции:

      "212. Решение о создании, реорганизации и ликвидации организаций образования с особым режимом содержания принимается местными исполнительными органами по согласованию с уполномоченным органом в области образования.";

      пункт 214 изложить в следующей редакции:

      "214. В организацию образования с особым режимом содержания помещаются несовершеннолетние в возрасте от одиннадцати до восемнадцати лет, нуждающиеся в особых условиях воспитания, обучения и требующие специального педагогического подхода:

      1) совершившие уголовное правонарушение, в отношении которых досудебное расследование было прекращено в связи с недостижением возраста, с которого наступает уголовная ответственность, либо примирением;

      2) в случаях, если они осуждены за совершение преступления средней тяжести или тяжкого преступления и освобождены судом от уголовной ответственности и наказания в порядке, предусмотренном статьей 83 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

      Решение о целесообразности направления несовершеннолетних, не достигших возраста, с которого наступает уголовная ответственность, в организацию образования с особым режимом содержания принимается судом по представлению органа внутренних дел.

      При рассмотрении вопроса о направлении несовершеннолетнего в организацию образования с особым режимом содержания обязательно участие прокурора.

      Представление о направлении несовершеннолетнего, указанного в подпункте 1) настоящего пункта, в организацию образования с особым режимом содержания направляется органами внутренних дел в суд в течение тридцати суток со дня вынесения постановления о прекращении уголовного дела в отношении указанного несовершеннолетнего.

      В исключительных случаях этот срок может быть продлен до тридцати суток на основании постановления органов внутренних дел или прокурора.

      Представление органов внутренних дел, перед его направлением в суд представляется для ознакомления несовершеннолетнему и его законным представителям.

      Об ознакомлении с представлением органов внутренних дел заинтересованные лица делают в представленном материале соответствующую запись.";

      пункт 215 изложить в следующей редакции:

      "215. Несовершеннолетний может быть направлен в организацию образования с особым режимом содержания на срок от шести месяцев до двух лет на основании:

      1) решения суда – в отношении лиц, указанных в подпункте 1) пункта 214 настоящих Правил;

      2) приговора суда – в отношении лиц, указанных в подпункте 2) пункта 214 настоящих Правил.";

      часть первую пункта 216 изложить в следующей редакции:

      "216. Сбор документов, необходимых для помещения несовершеннолетних в организацию образования с особым режимом содержания, обеспечивают органы внутренних дел.";

      часть первую пункта 217 изложить в следующей редакции:

      "217. В организацию образования с особым режимом содержания не могут быть помещены несовершеннолетние, имеющие заболевания, препятствующие их содержанию и обучению в указанных организациях в соответствии с Перечнем заболеваний, препятствующих содержанию и обучению несовершеннолетних в специальных организациях образования и организациях образования с особым режимом содержания, утвержденным приказом № ҚР ДСМ-17.";

      пункт 218 изложить в следующей редакции:

      "218. Администрация организации образования с особым режимом содержания:

      1) обеспечивает специальные условия содержания несовершеннолетних, включающие в себя охрану территории организации образования с особым режимом содержания, личную безопасность воспитанников и их максимальную защищенность от негативного влияния, ограничение свободного входа на территорию организации образования с особым режимом содержания посторонних лиц и самовольного ухода из него воспитанников, круглосуточное наблюдение и контроль за несовершеннолетними, в том числе во время, отведенное для сна, проведение личного осмотра несовершеннолетних, их вещей и спальных помещений;

      2) информирует органы внутренних дел по месту нахождения организации образования с особым режимом содержания и по месту жительства несовершеннолетних о фактах их самовольного ухода и принимает непосредственное участие по их розыску и возвращению;

      3) обеспечивает получение среднего образования несовершеннолетним в организации образования с особым режимом содержания;

      4) направляет в комиссию по делам несовершеннолетних и защите их прав, органы внутренних дел по месту жительства несовершеннолетнего извещение о его выпуске из организации образования с особым режимом содержания не позднее чем за один месяц до окончания срока пребывания, а также характеристику на несовершеннолетнего и рекомендации о необходимости проведения с ним в дальнейшем индивидуальной профилактической работы и оказания ему содействия в трудовом и бытовом устройстве.";

      пункт 219 изложить в следующей редакции:

      "219. Пребывание несовершеннолетнего в организации образования с особым режимом содержания может быть прекращено досрочно в судебном порядке на основании представления администрации учреждения, органов внутренних дел, если суд по месту нахождения специальной организации образования с особым режимом содержания придет к выводу, что несовершеннолетний для своего исправления больше не нуждается в применении данной меры.";

      дополнить пунктом 219-1 следующего содержания:

      "219-1. Срок пребывания несовершеннолетнего в организации образования с особым режимом содержания, определенный судом, может быть продлен судом по представлению органа внутренних дел только в случаях:

      1) необходимости завершения несовершеннолетним общеобразовательной или профессиональной подготовки с согласия либо по ходатайству несовершеннолетнего;

      2) совершения деяния, содержащего признаки уголовного правонарушения, до достижения возраста, с которого наступает уголовная ответственность.";

      пункт 220 изложить в следующей редакции:

      "220. Несовершеннолетние, выбывающие из организации образования с особым режимом содержания, доставляются в места проживания в сопровождении работников организации образования с особым режимом содержания.

      Во всех случаях выбытия администрация организации образования с особым режимом содержания выдает выпускникам комплект сезонной одежды и обуви, бывший в их пользовании в период нахождения в данном учреждении.";

      пункт 221 изложить в следующей редакции:

      "221. Несовершеннолетние выпускаются из организации образования с особым режимом содержания при:

      1) истечении срока, определенного судом, в день истечения этого срока;

      2) досрочно в судебном порядке на основании представления администрации учреждения, органов внутренних дел, если суд по месту нахождения организации образования с особым режимом содержания придет к выводу, что несовершеннолетний для своего исправления больше не нуждается в применении данной меры;

      3) наступлении обстоятельств, при которых несовершеннолетний не может находиться в данном учреждении в соответствии с пунктом 13 статьи 81 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений".";

      дополнить пунктом 221-1 следующего содержания:

      "221-1. Местный исполнительный орган в течение трех рабочих дней после прибытия несовершеннолетнего по месту жительства обязан вынести на рассмотрение комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав вопрос о его дальнейшем обучении, занятости с составлением плана дальнейшей реабилитации.".

      2. Комитету по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
министра просвещения
Республики Казахстан
М. Мелдебекова