"Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38436 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:

      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуге есеп "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының (бұдан әрі – ШЭС) 110-кіші сыныбының ерекшеліктері) штат саны лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады;";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары "Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 128 бұйрығымен және "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен (бұдан әрі – № 185 бұйрық) айқындалады.";

      47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды объектілерді, оның ішінде цифрлық инфрақұрылым объектілерін қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;";

      56-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 237 бұйрығына қосымша
Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына 9-қосымша
Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ұсыныс

Мемлекеттік қызметтің атауы

Мемлекеттік қызметтің сипаттамасы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланған жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының сомасы

__жыл

__жыл

__жыл

Жалпы сомасы, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сомасы, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сомасы, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі

Мемлекеттік тапсырмаға қол жеткізуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету қажеттілігінің негіздемесі және оның орындылығы мен тиімділігін растау

Мемлекеттік тапсырманы орындаудың түпкілікті нәтижелерінің, сапа және тиімділік көрсеткіштерінің жоспарланған көрсеткіштері

15

16

17


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 апреля 2025 года № 208 "Об утверждении Правил планирования бюджета"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 апреля 2026 года № 237. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 апреля 2026 года № 38436

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 3.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 апреля 2025 года № 208 "Об утверждении Правил планирования бюджета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36034) следующие изменения:

      в Правилах планирования бюджета, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "1) на оплату труда государственных служащих расчет осуществляется на основе лимитов штатной численности в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 646 дсп "Об утверждении единой системы оплаты труда работников для всех органов, содержащихся за счет государственного бюджета" (специфики подкласса 110 Экономической классификации расходов, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" (далее – ЭКР);";

      пункт 38 изложить в следующей редакции:

      "38. Проекты планов развития государственных органов или проекты изменений и дополнений в планы развития государственных органов, проекты паспортов бюджетных программ центральных государственных органов, проекты паспортов бюджетных программ администраторов республиканских бюджетных программ, не разрабатывающих планы развития государственных органов, расчеты администраторов республиканских бюджетных программ определяются в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 декабря 2025 года № 128 "Об утверждении Методики разработки, реализации, проведения мониторинга и корректировки Национального плана развития Республики Казахстан, планов развития государственных органов, областей, городов республиканского значения, столицы, районов (городов областного значения)" и приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 185 "Об утверждении Правил составления, представления, рассмотрения бюджетного запроса" (далее – Приказ № 185).";

      подпункт 2) пункта 47 изложить в следующей редакции:

      "2) использование, эксплуатация и содержание стратегических объектов, критически важных объектов, в том числе объектов цифровой инфраструктуры, находящихся в государственной собственности, в силу обеспечения общественных интересов и национальной безопасности;";

      подпункт 4) пункта 56 изложить в следующей редакции:

      "4) наименование республиканской бюджетной программы с указанием кода единой бюджетной классификации, в соответствии с Единой бюджетной классификацией, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2025 года № 151 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", в рамках которой выполняется государственное задание;";

      приложение 9 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту методологии бюджетного процесса Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев седьмого и восьмого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Приложение к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 10 апреля 2026 года № 237
  Приложение 9
к Правилам планирования бюджета
  Форма

Предложение на оказание государственных услуг в форме государственного задания

Наименование государственной услуги

Описание государственной услуги

Наименование юридического лица, ответственного за выполнение государственного задания

1

2

3

4

      продолжение таблицы

Наименование республиканской бюджетной программы, в рамках которой предлагается выполнение государственного задания

Сумма бюджетных средств на плановый период, планируемая на выполнение государственного задания

__год

__год

__год

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Сумма тысяч тенге

%

Сумма тысяч тенге

%

Сумма тысяч тенге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      продолжение таблицы

Срок выполнения государственного задания

Обоснование необходимости и подтверждение целесообразности и эффективности оказания государственной услуги, с указанием целей и задач на достижение которых направлено государственное задание

Планируемые показатели конечных результатов, показателей качества и эффективности выполнения государственного задания

15

16

17