Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 сәуірде № 38420 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа қосымшаның 1, 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту мен онлайн-оқытуды қоса алғанда, инновациялық технологиялар мен оқыту нысандарын дамыту;";

      10-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) оқу процесіне ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, оқытудың жаңа цифрлық технологияларын (оқытудың автоматтандырылған жүйелері, виртуалды зертханалық практикум, дәрістер презентациялары, компьютерлік тестілеу және т. б.) енгізу;".

      2. "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарда:

      1-тармақта:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қашықтан оқытуды үздіксіз ұйымдастыру үшін цифрлық инфрақұрылымның болуы: тұрақты желілік қосылыс, серверлік жабдық, деректерді сақтау жүйесі және киберқауіпсіздік жүйелері, Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары, білім алушылар жеке басын идентификациялау үшін аутентификация жүйелері, бөтен материалдың болуын анықтау жүйесі, онлайн прокторингі жүйесінің жұмыс жасауы;

      2) веб-сайтты, білім беру порталын, кредиттік оқыту технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, цифрлық білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, оның ішінде оқытуды басқару платформасының жұмыс істеуі;

      3) ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27002 халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген Білім беру ұйымының қауіпсіздік саясаты негізінде жүйелердің киберқауіпсіздігін және деректерді қорғауды қамтамасыз етуі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) білім алушылардың оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдарды орналастыра отырып, білім беру порталы мен цифрлық жүйелерге, сондай-ақ тестілеу жүйесі мен ашық электрондық ресурстарға, көздерге қол жеткізуін қамтамасыз ету;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан оқыту бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жөнінде онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) асинхронды оқыту форматы – белгілі бір орын мен уақытқа байланысты емес білім беру процесіне қатысушылардың, оның ішінде цифрлық жүйелердің және басқа да байланыс құралдарының көмегімен өзара іс-қимылын болжайтын қашықтан оқыту немесе онлайн оқыту;

      2) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтағы өзара әрекеттесуі кезінде, оның ішінде цифрлық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

      3) цифрлық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      4) цифрлық технологиялар – электрондық цифрлық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) білім беру порталы – ақпараттық-телекоммуникациялық желінің көмегімен білім беру процесіне қатысушылардың білім беру сипатындағы цифрлық ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуіне арналған цифрлық жүйе;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) онлайн-оқыту – білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара іс-қимыл жасауға арналған цифрлық технологиялар және Интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) синхронды оқыту форматы – білім алушылар ақпарат алатын, онымен өз бетінше немесе топтарда жұмыс істей алатын, оны басқа да қатысушылармен және оқытушылармен кез келген жерден барлығы үшін бірыңғай уақыт кезеңінде талқылай алатын цифрлық жүйелердің және басқа да байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру процесіне қатысушылардың нақты уақытта тікелей байланысын (стриминг) көздейтін қашықтан оқыту немесе онлайн-оқыту;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) білім алушының цифрлық ізі-бұл LMS (Элэмэс) (оқытуды басқару жүйесі) және (немесе) өзге де платформаларда немесе цифрлық жүйеде (бұдан әрі – ЦЖ) тіркелген Білім беру қызметінің нәтижелері туралы верификацияланған деректер жиынтығы;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қашықтан оқыту білім беру процесіне қатысушылардың орналасқан жеріне қарамастан қашықта, оның ішінде цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген білім алушылар қашықтан оқытуға толық ауысқан кезде ЖЖОКБҰ білім алушылардың ЦЖ және электрондық сабақ кестесіне, электрондық журналға, электрондық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.";

      "29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      29. ЖЖОКБҰ ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның ЦЖ-сына онлайн-оқыту деректерін жаңартылған түрде беруді қамтамасыз етеді.";

      43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3) онлайн оқытуға тартылған цифрлық инфрақұрылым мен цифрлық платформалардың киберқауіпсіздігі.".

      3. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында:

      Ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кадрларды даярлау бағыттары шеңберінде тиісті бейін бойынша білім беру бағдарламаларының топтары қалыптастырылады, олар өз кезегінде Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына кіретін Білім беру бағдарламаларының тізілімінде көрсетіледі".

      4. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінде:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім беру бағдарламаларының тізілімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесінің модулі (бұдан әрі – цифрлық жүйе);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізілімді жүргізуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын әкімші жүзеге асырады. Тізілімді жүргізу цифрлық жүйеде электрондық түрде жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағдарламаны Тізілімге енгізу үшін өтінім беруші өтінімді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде цифрлық жүйеде толтырады және әкімшіге жолдайды.";

      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарапшының қорытындысы цифрлық жүйеде, оның ішінде өтінім берушінің жеке кабинетінде көрінеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Барлық немесе көпшілік сарапшылардың қорытындылары теріс болған кезде өтінім цифрлық жүйеде автоматты түрде кері қайтарылады. Сарапшылардың теріс және оң қорытындыларының саны тең болған кезде Комиссия сарапшылар тізімінен тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, өтінімді қарайды.".

О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 187. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2026 года № 38420

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      1. Утвердить перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пунктов 1, 2 и 4 приложения к настоящему приказу, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Министр науки и высшего
образования Республики Казахстан
С. Нурбек

  Приложение к приказу
Министр науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 13 апреля 2026 года № 187

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 583 "Об утверждении Правил организации и осуществления учебно-методической и научно-методической работы в организациях образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5036) следующие изменения:

      в Правилах организации и осуществления учебно-методической и научно-методической работы в организациях образования, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 4) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "4) развитие инновационных технологий и форм обучения, включая дистанционное обучение и онлайн-формы обучения, с использованием цифровых технологий;";

      подпункт 11) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "11) внедрение в учебный процесс результатов научных, научно-методических исследований, новых цифровых технологий обучения (автоматизированные системы обучения, виртуальный лабораторный практикум, презентации лекций, компьютерное тестирование и др.);".

      2. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 137 "Об утверждении требований к организациям образования по предоставлению дистанционного обучения и правил организации учебного процесса по дистанционному обучению и в форме онлайн-обучения по образовательным программам высшего и (или) послевузовского образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10768) следующие изменения:

      в Требованиях к организациям образования по предоставлению дистанционного обучения, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 1:

      подпункты 1), 2) и 3) изложить в следующей редакции:

      "1) наличие цифровой инфраструктуры для бесперебойной организации дистанционного обучения – устойчивого сетевого соединения, серверного оборудования, системы хранения данных, функционирование систем кибербезопасности, коммуникационных каналов связи, обеспечивающих подключение к сети Интернет, систем аутентификации для идентификации личности обучающегося, системы обнаружения заимствований, онлайн-прокторинга;

      2) функционирование цифровой системы управления образованием, в том числе платформы управления обучением, включающей веб-сайт, образовательный портал, автоматизированную систему обеспечения кредитной технологии обучения, совокупность цифровых образовательных ресурсов;

      3) обеспечение кибербезопасности систем и защиты данных на основе разработанной Политики безопасности организации образования в соответствии с международным стандартом ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27002;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) обеспечение доступа обучающихся к образовательному порталу и цифровым системам, в которых размещены учебные, справочные и методические материалы, а также к системе тестирования и открытым электронным ресурсам, источникам;";

      в Правилах организации учебного процесса по дистанционному обучению и в форме онлайн-обучения по образовательным программам высшего и (или) послевузовского образования, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 2:

      подпункты 1), 2), 3) и 4) изложить в следующей редакции:

      "1) асинхронный формат обучения – дистанционное обучение или онлайн-обучение, предполагающее взаимодействие участников образовательного процесса, в том числе посредством цифровых систем и других средств связи, не привязанное к определенному месту и времени;

      2) дистанционное обучение – обучение, осуществляемое при взаимодействии педагога и обучающихся на расстоянии, в том числе с применением цифровых технологий и телекоммуникационных средств;

      3) цифровая система – организационно-упорядоченная совокупность цифровых технологий, технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      4) цифровые технологии – совокупность методов работы с электронными цифровыми ресурсами и методов информационного взаимодействия, осуществляемых с применением аппаратно-программного комплекса и сети телекоммуникаций;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) образовательный портал – цифровая система, предназначенная для доступа участникам образовательного процесса к цифровым ресурсам и услугам образовательного характера с помощью информационно-телекоммуникационной сети;";

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) онлайн-обучение – форма обучения по конкретным направлениям подготовки кадров, при которой обучающийся получает высшее и (или) послевузовское образование посредством цифровых технологий и интернета для взаимодействия между педагогом и обучающимся вне зависимости от пространственного и временного расстояния;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) синхронный формат обучения – дистанционное обучение или онлайн-обучение, предполагающее прямую связь (стриминг) участников образовательного процесса в реальном времени, с использованием возможностей цифровых систем и других средств связи, в котором обучающиеся получают информацию, работают с ней самостоятельно или в группах, обсуждают ее с другими участниками и преподавателями из любого места в единый для всех период времени;";

      подпункт 12) изложить в следующей редакции:

      "12) цифровой след обучающегося – это набор верифицированных данных о результатах образовательной деятельности, зафиксированных на LMS (Элэмэс) (система управления обучением) и (или) иных платформах или цифровой системе (далее – ЦС);";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Дистанционное обучение осуществляется при взаимодействии участников образовательного процесса на расстоянии независимо от их места нахождения, в том числе с применением цифровых технологий и телекоммуникационных средств.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При полном переходе на дистанционное обучение обучающихся, указанных в пункте 3 настоящих Правил, ОВПО обеспечивают доступ обучающихся к ЦС и электронному расписанию уроков, электронному журналу, электронным ресурсам.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. ОВПО обеспечивает актуализированную передачу данных онлайн-обучения в ЦС уполномоченного органа в области науки и высшего образования.";

      подпункт 3) пункта 43 изложить в следующей редакции:

      "3) кибербезопасность цифровой инфраструктуры и цифровых платформ, задействованных в онлайн обучении.".

      3. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 "Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17565) следующее изменение:

      в Классификаторе направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием, утвержденном указанным приказом:

      пункт 2 Примечания изложить в следующей редакции:

      "2. В рамках направлений подготовки кадров формируются группы образовательных программ по соответствующему профилю, указанные в Реестре образовательных программ, входящие в Единую платформу высшего образования".

      4. Внести в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 106 "Об утверждении Правил ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30139) следующие изменения:

      в Правилах ведения реестра образовательных программ, реализуемых организациями высшего и (или) послевузовского образования, а также основания включения в реестр образовательных программ и исключения из него, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) реестр образовательных программ – модуль цифровой системы "Единая платформа высшего образования" (далее – цифровая система) уполномоченного органа в области науки и высшего образования, включающая в себя перечень образовательных программ, разработанных организациями высшего и (или) послевузовского образования;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Ведение Реестра осуществляет администратор, определяемый уполномоченным органом в области науки и высшего образования. Ведение Реестра осуществляется в электронном виде в цифровой системе.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для включения программы в Реестр заявитель заполняет заявку в цифровой системе на казахском, русском и английском языках и отправляет администратору.";

      часть третью пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "Заключение эксперта отображается в цифровой системе, в том числе в личном кабинете заявителя.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Заявка автоматически отклоняется в цифровой системе при наличии отрицательного заключения всех или большинства экспертов. При равном количестве отрицательного и положительного заключений экспертов Комиссия рассматривает заявку с привлечением независимого эксперта из списка экспертов.".